Критериалды бағалауды ұйымдастыру әдістемесі Мазмұны


Қалыптастырушы бағалаудың түрлері



бет8/15
Дата14.12.2023
өлшемі1.89 Mb.
#486574
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
stud.kz-106121

Қалыптастырушы бағалаудың түрлері

Мазмұны

  1. 1

«Сөзбен бағалау»

Сабақтың әрбір кезеңінде тиімді болатын мұғалім мен оқушының арасындағы ауызша кері байланыс


«Қолмен сигнал беру»



Мұғалім түсіндіруді тоқтатады да оқушылардан материалды түсінгенін не түсінбегенін білдіретін қолмен сигнал беруді сұрайды




«20 секунд» техникасы



Мұғалім тірек сұрақ қояды да оған кем дегенде 20 секунд ойлануға уақыт береді. Орта және жоғары сыныптардың білім алушылары талқылау кезінде бір-бірінің ойлау процестеріне шек қоймау үшін өз жауаптарын (жекелеген сөздер, идеялар) қысқаша жазуды мақсатты түрде сұрайды




«Үш минуттық эссе»



Мұғалім тақырып бойынша ұсынылған сұрақтардың бірін жазып алады немесе айтады




Жинақтауға не сұрақтарға арналған карточкалар индексі



Мұғалім оқушыларға екі жағында да тапсырмалары бар карточкаларды арасында таратып отырады:
1-жағы: Өтілген материалдың (бөлімнің, тақырыптың) негізгі идеяларын атап беріңіз және оларды жинақтаңыз.
2-жағы: Өткен материалды (бөлімді, тақырыптарды) түсінбегеніңізді анықтаңыз және өз сұрақтарыңызды құрастырыңыз.


Бағдаршам



Әр оқушыда бағдаршамның үш түрлі түсі бар карточкалар болады. Мұғалім білім алушылардан, олардың материалды түсінгенін не түсінбегенін білдіретін сигналдары бар карточкаларды көрсетуін, содан кейін оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
Сондай-ақ түрлі түсті сигналдардың көмегімен үй тапсырмаларының орындалуын бағалауға болады: жасыл – мен білемін, сары – маған қиындық тудырады, қызыл – көмекті қажет етемін


Жеке әңгімелесу



Мұғалім оқушылардың түсіну деңгейлерін тексеру үшін олармен жеке әңгімелеседі




Үш минуттық үзіліс



Мұғалім оқушыларға сабақты түсінуге, идеясын ойластыруға, өткен материалмен, біліммен және тәжірибемен байланыстыруға, сондай-ақ түсініксіз сәттерді анықтауға мүмкіндік беретін үш минуттық үзіліс береді




«Аяқталмаған сөйлем»
(рефлексия кезеңінде қолдану ұсынылады)

Оқушылар сөйлемді аяқтауы тиіс,




Элективті (таңдау) тест



Мұғалім әр оқушыға «A, B, C, D» әріптері бар карточкаларды таратады, оқушылардан бір мезетте жауап беруді, яғни дұрыс жауабы бар карточканы көтеруді сұрайды. Мұғалім міндетті түрде оқушыларға 20 секунд ойлануға уақыт беруі тиіс және содан кейін жауап беруді ұсынады. Мұғалім оқушылармен жауаптардың түрлі нұсқаларын талқылайды және өз таңдауларын түсіндіріп берулерін сұрайды. Жауаптар оқушылардың оқыған тақырыптарын түсіну деңгейі мен сапасын анықтауға және жұмысты жалғастыру не тақырыпты түсіндіру (түсіну) және т.б. туралы шешім қабылдауға көмектеседі




Сиқырлы сызықтар



Оқушылар дәптерлерінің шетіне шкала сызады және олардың ойынша, тапсырманың қандай деңгейде орындалғанын крестпен белгілейді. Тексеру кезінде мұғалім, егер оқушының бағалауымен келісетін болса, крестіні қоршайды, ал егер келіспесе, өзінің крест таңбасын төменгі не жоғары жағына қояды.




Жаңа материалды меңгергенін тексеруге арналған жаттығу



Мұғалім: «Алдын ала болжау», «Түсіндіру», «Жинақтау» және «Бағалау» деген жазулары бар төрт терезеден (шаршыдан) тұратын кесте жасайды. Жаңа материалды түсіндіргеннен кейін ол оқушылардан белгілі бір шаршыны таңдауды сұрайды. Сонымен қатар мұғалім зерттейтін тақырыбы бойынша әр оқушыға, орындау қажет болатын тапсырма түрін таңдауларын түсіндіреді. Содан кейін, шаршыны таңдауына қарай мұғалім сұрақ қояды







«Бас бармақ»



Білім алушылар материалды түсінгенін не түсінбегенін білдіру үшін қолмен сигнал береді. Ол үшін мұғалім алдын ала білім алушылармен сол сигналдар туралы келісіп алады:
- мен түсіндім және түсіндіре аламын(бас бармақты жоғары көтереді);
- мен бәрін бірдей түсіне алмай отырмын (бас бармақ жанына қарай бағытталады);
- мен сенімді емеспін (қолын бұлғайды).Сигналдарға қарап, мұғалім кейбір оқушыларға ойын айтуды ұсынады. Мұғалім де нақтылайтын сұрақтар қояды.


«Шығармашылық ағашы»



Балалардың ортақ себетінде әр апта сайын 5 данадан түрлі түсті қағаздан ата-аналарымен бірлесіп жасайтын жасыл және сары жапырақтар, гүлдер, жемістер жатады. Сабақ соңында балалар оларды ағашқа жапсырады: жемістер – жұмыс пайдалы, өнімді өтті; гүл – бәрі ойдағыдай болды, жұмыс жаман өткен жоқ; жасыл жапырақ – бәрі ойдағыдай емес, бірақ орындалды, мен де тырыстым; сары жапырақ – тапсырманы орындай алмадым, әлі де жұмыс жасау керек



Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір ерекшелігі-бұл мұғалімнің педагогикалық қабілеттеріне және шығармашылық кәсіби қызметіне байланысты. Сондықтан әр мұғалім әртүрлі әдістерді ойлап тапты: модификацияланған тесттер түрінде немесе ауызша сұрақтар мен жауаптар, әңгімелер, сұхбаттар түрінде. Мұнда әр сабақ немесе әр тақырып бойынша білім деңгейі бағаланады. Қалыптастырушы немесе ағымдық бағалау-бұл әр пән сабағында күн сайын өткізілетін білім мен дағдыларды, құзыреттіліктерді қалыптастыру. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы- оқушының ойлау қабілетін дамытады және оны ғылыммен айналысуға итермелейді.


Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту процесінің ажырамас бөлігі болып табылады және әр тоқсан бойы үнемі өткізіліп тұрады.
Қалыптастырушы бағалау оқушылар мен мұғалімдер арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу процесін ұпай немесе баға қоймастан реттеуге мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалау-бұл белгілі бір оқу кезеңінің (семестр, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) және оқу бағдарламасының бөлімдері / жалпы тақырыптарының соңында жүргізілетін бағалау түрі. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, оқушыларға және ата-аналарға оқу бағдарламасы бөлімінің/ жалпы тақырыбының және белгілі бір оқу кезеңінің (семестр, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) соңында балл қою арқылы оқушылардың үлгерімі туралы ақпарат беру үшін жүргізіледі. Бұл оқушының белгілі бір кезеңдегі оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға және түзетуге мүмкіндік береді. Бөлімдер/жалпы тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу жоспарына, бағдарламаға сәйкес бөлімнің соңында немесе жалпы тақырыптар бойынша жүргізіледі. Жиынтық бағаны ұйымдастыру және жоспарлау критериалды бағалаудың бекітілген рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады. Тоқсан сайынғы қорытынды бағалау семестрдің соңында оқу бағдарламасы бойынша өткізіледі.
Тоқсан сайынғы жиынтық бағалау жұмысы-бұл ойлау дағдысының деңгейін, оның ішінде жоғары деңгейдегі ойлау дағдысын (талдау, синтездеу, бағалау) көп деңгейлі бағалау міндеттерден тұруы керек.
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау жөніндегі нұсқаулықта қорытынды бағалауды қалай жоспарлау және ұйымдастыру, кезеңдері (бөлім/ жалпы тақырыптар, тоқсан сайынғы қорытынды бағалау), нәтижелерді талдау, тоқсан сайынғы қорытынды бағалау нәтижелерін модерациялау процесін ұйымдастыру және жүргізу егжей-тегжейлі сипатталған.
Білім беру үдерісінде қолданылуы туралы толық ақпарат "Негізгі орта және жалпы орта білім беру мұғалімдерін критериалды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда" көрсетілген.
Портфолио – білім алушылардың мақсатты түрде жинақтаған, олардың оқудағы нәтижесін, ілгерілеуін, белгілі бір оқу жылындағы бір немесе бірнеше пәндер бойынша жетістіктерін көрсететін жұмыстары.
Портфолио көптеген ақпаратты қамтуы мүмкін, соның ішінде: жазу жұмыстары (мысалы, оқушының жұмыс дәптерлері, зерттеу жұмыстарының қорытындылары, оқытушының оқушы жұмысына берген түсініктемелері);
- фотосуреттер немесе бейнекөрсеткіштер (мысалы, оқушылардың суреттері, сыныптық көрмелер, модельдер, оқушылардың көрсетілімдері және оқушыларға арналған іс - шаралар);
- электрондық нұсқалар (мысалы, презентациялар, құжаттар, анимациялар);
- оқуышың рефлекиялық көріністері.
Портфолио сонымен қатар тоқсан сайынғы қорытынды бағалау кезінде атқарылған жұмыс және бағалау критерийлері бар жалпы тақырыптар / бөлім туралы пікірлерді, бағалау кестелерін, оқушылардың ойларын, мұғалімдердің ұсыныстарын қамтуы керек.
Жоспарлау кезінде информатика пәні бойынша оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын пайдалану қажет (3 сурет).



3 сурет. Қалыптастырушы бағалауды жоспарлауда қолданылатын құжат


Мұғалім сабақты жоспарлау кезінде қарастыратын сұрақтар:
- Менің сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әр бөлімі оқушының мақсатына жетуге бағытталған ба?
- Мен оқушыларға не істеп жатқанын және олар нәтижелерге жету керек екенін қалай түсіндіруге болады?
- Оқушылардың білімді игергенін қайдан білемін?
- Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, мұның бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек/мадақтау айтуға бола ма?
- Жоспар қаншалықты икемді? Оқушыға көп түсініктеме қажет үшін аудиовизуалды құралдарды пайдаланудағы проблемалар мен қиындықтарды жеңе алам ба?
Егер рұқсатсыз кіру сияқты күтпеген жағдайлар орын алса, оларды қалай шешуге болады?
- Оқушының кері байланысына қатысты қалай санаттарға бөлу, жазу және
талқылау керек болады?
Сол сияқты мұғалімге сабақтан кейінгі рефлексия жүргізуге мүмкіндік беретін сұрақтар:
- Менің оқушыларым бүгін не оқып білді?
- Сабақта ештеңеге үйренбеген балалар болды ма? Мұның себебі неде?
- Сабақта қолданған әдіс-тәсілдерім сәтті болды ма? Сабақтың одан да сәтті өтуі үшін қандай әдістерді қолдануым керек?
- Сабақта ерекше нәрсе байқалды ма? Неліктен бұлай болды? Оқушылардың сабақта жинақталған білімі мен тәжірибесі, қызығушылығы есептелді ме?
- Сабақты оқушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарына бейімдей алдым ба?
- Сабақта бірге жасаған тұжырымдарды оқушыларым қалай қабылдады?
Сабақты қандай көңіл-күймен өткіздім? Олар үшін сынып ортасы жайлы болды ма?
- Мен сыныптағы тәртіпті басқара алдым ба? Менің ең жақсы әрекеттерім қандай?
Менің қай әдісім сәтсіздікке ұшырады? Неліктен? Мен басқаша не істеуім керек еді?
- Сабақ барысында біртектес көңіл-күй болды ма? Мен ұстай алдым ба? Болашакта мен не есте сақтауым керек?
- Сабақта мен үшін ең қиыны не болды? Олардың қайсысына ерекше назар аудару керек? Неліктен? Келесіде бұл жағдайда не істеуім керек?
- Сабақта оқушыларды ынталандыруға үлгердім бе? Оқушылардың ішкі мотивациясы қандай? Оқушыларды жетістікке жетудің тағы қандай тәсілдері бар?
- Мен өзімнің бағалауыма қаншалықты шынайы қарадым? Бағалау оқушыларға қалай әсер етті?
- Сабақта оқушылардың өзін-өзі бақылау мүмкіндігі болды ма?
Таңдалған теория қаншалықты сәйкес болды?
- Мен осы сабақтан кейін мен өзіме жақсы түсінген қандай жаңалық жасадым?
Табысты мұғалім болу үшін тағы не істеуім керек?
Бағалауда электронды журнал қолданылады. Электронды журналдың формасы кесте түрінде берілген, бұл кестеге білім алушылардың тоқсан барысындағы жетістіктері енгізіледі (бөлімдер бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауының балдары), сонымен қатар балдарды бағаға ауыстыруды қарастыратын шкалаға сәйкес автоматты түрде бағаны санау жүзеге асырылады (тек тоқсан және оқу жылының қорытындысы бойынша), (3-сурет).
Білім берудің барлық деңгейлері бойынша әрбір оқу пәні үшін әр тоқсандағы бөлімдер бойынша жиынтық жұмыстардың саны көрсетілген электронды журналдың өзіндік форматы әзірленген.





3-сурет. Электронды журналдың үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет