1 Пәннің академиялық сипаттамасы
1. Дене шынықтыру және спорт психологиясы – бұл тұлға мен ұжымда жаттығу, қызметтік және әсіресе жарыс қызметі жағдайында психиканы қалыптастыру, психиканың қызмет ету заңдылығы мен механизмін оқытатын психологиялық ғылымның саласы.
2. Психологияның негізгі әдістері - әрқайсысы әртүрлі арнаулы формада көрінетін қадағалау мен эксперимент әдістері.
3. Ғылым методологиясы– бұл ең алдымен зерттелетін құбылыстарға әдіс таңдау, зерттеуді ұйымдастыру, алынған фактілерді талқылау, теорияны құруға апарар стратегияны анықтайтын оның дүниеге көзқарасы.
4. Елестету – адам ешқашан тікелей түйсінбеген және дәл қазіргі сәтте түйсінбейтін заттар бейнесін жасау.
5. Бейімделу – сезім мүшелеріне немесе оның болмау салдарынан тітіркендіргіштің ұзақ уақыт әсер етуінен сезімталдылықтың өзгеруі.
6. Мінездің эмоционалдық ерекшеліктері – байсалдылық, қызбалық, құмарлық, әуеқойлық, әсерленгіштік, ұстамдылық.
7. Мінездің интелектуалдық ерекшеліктері – терең ойлау, зеректік, тапқырлық және т.б.
8. Қабілет – бұл нақты қызметті жоғары өнімділікпен орындауға қажетті қасиеттердің жылдам дамуына мүмкіндік туғызуға негізделген адамның нақты, тұрақты психологиялық қасиеттері.
9. Еске түсіру – бұл сақталған материалды іс жүзінде қолдану үшін санада белсенділендіру.
10.Психологиялық даярлық синдромының сипаттамасы – өз күшіне сену, мақсатқа жеткенше күресуге ұмтылу, эмоцияналдық қозудың оқтайлы деңгейі, бөгет болатын факторларға көңіл аудармау, өз әрекетін, ойын, сезімін басқару қабілеті.
11.Психикалық процестер (көру, есту, сипап сезу, бұлшық ет қимыл түсініктері, қабылдау, елестету, ойлау, зейін), психомоторлық реакциялар – қимылды басқарудағы дәлдік, жиілілік, сенімділік сақтаудың ең негізгі факторы қимыл амалдарын реттеудің контурлары.
12. Ойнау – спортшылардың тактикалық әрекетін қамтамасыз ететін негізгі фактор ретінде.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты
Сабақтарда спорт түрлерінің теориясы, дене шынықтыру жоғарғы оқу орындарындағы салалық және оқу пәні болып табылып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік қызметтің деңгейін анықтайтынды. Оны оқып үйренудегі терең ілімдік және әдістемелік дайындық болашақ «Дене шынықтыру және спорт» саласы мамандарының идеялық қалыптасуына жағдай туғызады. Сонымен бірге студенттерге жаңа мәліметтерді, ұғымдарды меңгеруге, әр-түрлі жай күй жағдай, ережелерді сын көзбен қабылдауға, әр-түрлі шектес ғылыми пәндердің дене тәрбиесінің мақсаттарын іске асырудағы рөлін бағалауда дұрыс бағыт беріп, олардың жеке педагогикалық шығармашылығының негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |