98
2. Д.Әлімжанов, Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту
методикасы.1965.
3. С.Жиенбаев. Қазақ тілінің методикасы.1941.
4. Ш.Сарыбаев. Қазақ тілі методикасының кейбір
мәселелері.1956.
5. Қ.Исабаев. Мектепте фонетиканы оқыту.1976.
6. Қ.Тұрғанов. Мектепте фонетиканы оқыту. 1975.
10. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002.
11. Б.Құлмағамбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы.1988.
12. Жүнісбек Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., Атамұра.
1998.
Қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясын
оқыту әдістемесі
Ӛзі ӛмір сүріп
отырған қоғам мен ана тілінің, тіл мен
мәдениеттің ӛзара байланысын түсінуде оқушыға тілдегі
сӛздердің мағынасы мен мәнін меңгертудің маңызы зор.
Халықтың рухани мәдениеті мен салт-дәстүрін, халық
педагогикасын сана-сезімдеріне сіңіруде де тілдің сӛздік
қоры мен сӛздік құрамын үйретудің мәні айрықша.
Қазақ
лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең
қабаттарындағы тылсым қырларын меңгеруге мүмкіндік
алады. Сӛз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді
меңгерген оқушының сӛйлеу мәдениеті де жоғары болмақ.
Қазақ
фразеологиясындағы
ұлттық
дүниетаным
ерекшеліктерін оқушыларға толыққанды түрде таныту
мұғалімнің міндеттерінің бірі.
Әдіскер А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын
былайша дәйектейді: ″Ана тілінде сӛйлей
білген адамның
барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-
сипатын толық біле береді деуге болмайды. Сондықтан
лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сӛз
жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазылу
(орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сӛздің
орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге,
99
қызмет ететін сан алуан мағыналы сӛздерді түсініп, талдап,
таңдап қолдана білуге, мәнерлі сӛйлеуге, кӛркем әдеби тілдің
бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады.
Лексиканы оқытудағы мұндай
талаптар жастарды дұрыс
сӛйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды.
Ӛйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды
үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның
күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын
түсіндіру керек.″ [46, 94].
Лексиканы оқытуда сӛзге үлкен мән беріледі.
Тілдің ең
кіші бӛлшегі сӛздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис
және стилистикамен байланысын жете түсіндіру қажет.
Оқушы сӛз жүйесін түсіну арқылы тілдің орфоэпиялық және
орфографиялық нормаларын саналы түсінуге, әр сӛзді
орынды қолдану арқылы ӛз ойын жүйелі, түсінікті жеткізуге
үйренеді. Тілдегі сан алуан мағыналы сӛздерді түсініп,
талдап, таңдап қолдануға тырысады. Кӛркем әдеби тілдің
әуезділігін, әсерлігін түсінуге дағдыланады. Лексиканы ӛткен
кезде сӛздің тура және ауыспалы мағынасына ерекше мән
беріледі. Мынандай мысал келтіре отырып, салыстыру әдісін
пайдалана отырып түсіндіруге болады: 1) Ол
ата-анасын
құрмет тұтады (тура мағына). 2) Отан
ананы қорғайық!
(ауыспалы мағына). Сӛз мағынасын түсіндіргенде сӛз бен
ұғымды түсіндіру, олардың тепе-тең екендігін мысалдар
келтіре отырып түсіндірген жӛн. Сӛз біткеннің бәрі мағына
бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет.
Омоним, антоним, синонимдерді ӛткен кезде кӛбінесе
салыстыру әдісін пайдалануға болады.
Мұғалімнің кӛркем әдебиеттен мәтіндерді оқып, синоним
сӛздерді тапқызып, орнына басқа синонимдес сӛздерді
қойғызып,
мәтіннің
кӛркемдік
ерекшелігіне
талдау
жасатқызуы да ӛз нәтижесін береді.
Синоним
сӛздерді
мағыналық реңкінің ӛзгеруіне
қарай қойғызу, сӛйлем
ішіндегі синонимді басқа сӛзбен алмастыру, оның ӛзгеру
процесін дәлелдету тәрізді жұмыстарды орындатқан тиімді.
Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияны
түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны
қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды.
100
Былайша түсіндіру –
лексикалық мағынаны ашуға
кӛмектесумен
бірге,
оқушылардың
грамматикалық
ұғымдарды дұрыс ажыратып, сӛздердің қолданылу аясын
терең түсінуге мүмкіндік жасайды[47,104].
Лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сӛздікпен
жұмыс істей білуге үйретуі керек. Сӛздердің шығу тарихын,
сӛз мағыналарын сӛздіктерді қолдана отырып меңгерткізу
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Әдебиет сабағында ӛткен тақырыптардың ішінен түсініксіз
сӛздерді тапқызып, сол сӛздердің мағынасын сӛздіктен
таптырып отырса пән аралық байланыс жүзеге асып,
оқушылардың белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: