Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Қажетті әдебиеттер: 
 
1. Айғабылов А. Лексиканы оқыту методикасы және оның 
қазіргі міндеті.-Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері. 
―Мектеп‖1982. 
2. Ұйықбаев 
И. 
Лексиканы 
оқыту. 
Қазақ 
тілі 
методикасының мәселелері. А.,1969. 
3. Жаниязов Ә. Лексиканы оқыту. А.,1967. 
4. І.Кеңесбаев. 
Ғ.Мұсабаев. 
Қазіргі 
қазақ 
тілі. 
Фонетика.Лексика.1962. 
5. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002. 
6. Б.Құлмағанбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы.1988. 
Ф.Ш.Оразбаева. 
Н.Х.Шадиева. 
Лексиканы 
оқытуда 
қолданылатын деңгейлік тапсырма. А., 2003 
Морфологияны оқыту әдістемесі 
Морфологияны ӛткен кезде ең бірінші сӛз құрамы, 
сонымен байланысты түбір, түбірлес сӛздерге ерекше назар 
аударылады. Сӛз құрамын схема арқылы меңгерткен 
ыңғайлы. ―Сӛз құрамындағы бӛлшектерін: негізін, түбірін, 
жалғауын, жұрнағын ажыратып үйренбейінше – оқушылар 
сӛз таптарын, орфографиялық ережелерді, кӛп сӛздердің 
мағыналарын түсіне алмайды. Онсыз морфологияны оқыту 
да мүмкін емес. Оқушыларға сӛздердің құрамындағы негізгі 
түбір, туынды түбір, жұрнақ (сӛз тудырушы) және 


103 
жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы 
сӛйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырады‖ 
[48.137-140]. 
Жіктік жалғауын ӛткенде кім деген сұраққа жауап 
беретін зат есімдердің ғана жіктелетініне ерекше назар 
аудартқан жӛн. 
Тәуелдік жалғауын ӛткенде оңаша тәуелдеу, ортақ 
тәуелдеуді салыстыра түсіндірген тиімді. 
Септік жалғауын ӛткенде жай септеу мен тәуелді 
септеуді мысалдар арқылы түсіндіріп, септік жалғауын 
жақсы меңгерген оқушының сӛйлемді де жақсы талдай 
алатынын естен шығармаған дұрыс. Сонымен бірге жатыс, 
кӛмектес септіктерін ӛткенде ұқсас тұлғалармен салыстыра 
түсіндіріп, олардың орфографиялық жағына кӛбірек кӛңіл 
бӛлу қажет. 
Түбір, туынды түбірді ӛткен кезде мысалды бағана 
түрінде беріп, түсіндірген тиімді. Қандай кӛрнекі құрал 
пайдаланам десе де, мұғалімнің ӛз еркі. Тек алынған немесе 
жасалынған кӛрнекі құрал кӛрнекілікке қойылатын талапқа 
сай болуы қажет. 
Сӛз таптарын түсіндірмес бұрын мұғалім қазақ тілі 
лексикологиясындағы сӛздердің негізгі, кӛмекші және одағай 
сӛздер болып бӛлінетінен мағлұмат береді. Сӛз табының 
лексика-грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, 
мұғалім тілдің семантикалық, морфологиялық, синтаксистік 
принциптерін бірдей қамтып отыруы керек. Сонда ғана әр сӛз 
табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сӛз табының 
бӛліну принципі дұрыс аңғартылады. Бірақ мұғалім бұл үш 
принциптің барлық сӛз таптарына ортақ еместігін де 
ескергені дұрыс.
Оқушыларда грамматика бойынша білім, дағды, іскерлік 
дұрыс қалыптасуы оқыту әдістері мен тәсілдеріне тығыз 
байланысты. Оқыту әдістеріне мұғалімнің сӛзі, ӛз бетімен 
жұмыс, бақылау т.б. жатады. Ал тәсілге грамматикалық 
талдау, 
салыстыру, 
топтау, 
жүйелеу 
т.б. 
жатады. 
Грамматикалық талдау білімді бекіту, материалды 
қайталау мақсатында жүргізіледі. Мектеп тәжірибесінде 
талдау мазмұнына қарай: морфологиялық, синтаксистік; 


104 
кӛлеміне қарай толық, жартылай; тәсіліне қарай ауызша, 
жазбаша; орнына қарай: сыныптық және үйде болып 
бӛлінеді.‖ [49.58]. 
Д.Әлімжанов жалпы морфологияны, оның ішінде үстеуді 
оқыту кезінде мұғалім мынандай жұмыстар жүргізуі керек 
деп есептейді: 
а) үй тапсырмасын тексеру, оған байланысты ӛткен 
тақырыпты қайталау. 
ә) жаңа тақырыпты мысалдан бастап түсіндіру. 
б) үстеудің мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне қарай 
бӛлінетіндігін және олардың сұрауларын түсіндіру. 
в) түсіндіруге байланысты алынған тақтадағы кейбір 
мысалдарды оқушылардың дәптерлеріне жазғызып қою. 
г)оқушылардың меңгере алмай қалған жерлері болса, 
қайталап түсіндіру. 
ғ) тақтаға немесе дәптерлеріне жазғызып, талдау арқылы 
оқушылардың ұғымын байқау және сұрақтар қойып, 
оқушыларға ауызша айтқызу. 
д) карточкамен жұмыстар жүргізу. 
е) дұрыс оқуға үйрететін текстермен жұмыстар жүргізу. 
ж) ӛздеріне мысалдар ойлату. 
з) шағын диктант ұйымдастыру. 
и) түрліше талдау жұмыстарын жүргізу. 
й) сӛздікпен жұмыс жүргізу. 
к) кітаппен жұмыс жүргізу. 
қ) ӛтілген тақырыпты қорыту[50.22]. 
Әдіскер осылайша саралап бір сабақтың барысын 
ұсынады. Сабақты осы жүйеде ӛтуді ұсынған әдіскердің 
назарынан ешнәрсе тыс қалмаған. 
Әрбір 
сӛз 
табының 
заңдылықтарын, 
олардың 
грамматикалық белгілерін меңгертуді фонетика, лексика, 
орфографиялардан ӛтілген білімді еске түсіріп, солармен 
ұштастыра іске асыру керек. ... Сӛз табының лексика-
грамматикалық белгілерін дұрыс аңғарту үшін, мұғалім 
тілдің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік үш 
белгісін бірдей қарастырады. Осы үш түрлі принципті бірдей 
қамтып, оларды түгелдей ескеріп отырған жағдайда ғана әр 
сӛз табындағы мағына мен форма нақты ашылып, сӛз 


105 
табының бӛліну принципі дұрыс аңғартылады[51.156]. Қазақ 
тіл білімінің морфология саласынан терең білімі бар мұғалім 
сабақты қалай түрлендіріп ӛтсе де ӛз еркі. Тек онда белгілі 
бір жүйелілік болғаны жӛн. Қазіргі таңда сабақ процесінде 
жаңа технологияның элементтерін де ұтымды қолдану үлкен 
нәтижеге жетуге кӛмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет