Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

сабақтан соң келді, үйге дейін барды т.с.с. 
Сондай-ақ қабыса байланысқан сӛз тіркесінің бірінші 
сыңары сӛйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш 
болатындығын жоғарыда айтқанбыз. Ал жанасуда бірінші 
мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, 
сондықтан, сыртқы тұлғалары бірдей сӛз тіркесін ажырату 
үшін қай сӛз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою 
арқылы қай сӛйлем мүшесі екенін анықтап немесе екі 
мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сӛз айтып 
кӛрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын 
тез айыруға болады.
Сӛздердің байланысу формасының ең соңғысы - қиысу. 
Қиысу тақырыбын ӛткенде морфологияны түгел қайталап 
шығуға болады. Бір жағынан жіктеу, ӛздік, жалпылау 
есімдіктерін, жинақтау сан есімінің тәуелді түрін, етістіктің 


117 
ашық, бұйрық, қалау, шартты рай түрлерінің жіктелуін 
оқушылардың есіне салып, ӛздеріне жекеше, кӛпше түрде 
жіктетеміз. Оқушы мұның ішінде негізгісі – жіктеу 
есімдіктері мен жіктік жалғаулы сӛздердің байланысын 
жақсы меңгеруі қажет, оны жақсы түсінген оқушы ӛздік, 
жалпылау есімдіктерінің, жинақтау сан есімінің жіктік 
жалғаулы сӛздермен немесе жақтық сипаты бар сӛздермен 
байланысуын тез меңгеретін болады.
Оқулықта жіктеу есімдігі мен жіктік жалғаулы сӛздің 
байланысы ғана кӛрсетілген. Ал ӛздік, жалпылау есімдіктері 
мен жинақтау сан есімнің жіктік жалғаулы сӛздермен не 
жақтық сипаты бар сӛздермен байланысуын үлестірме 
қағаздар арқылы беруге болады.
Қазақ тілі оқулығында қарастырылатын келесі тақырып 
сӛздердің байланысу түрлерінің алдында берілген. Мұндай 
жүйені біз де толығынан құптаймыз, ӛйткені сӛздердің 
байланысу тәсілдерінің негізінде сӛз тіркесінің түрлері 
(типтері) жасалады, оның байланысу тәсілі алғы шарт та, түрі 
(типі) соның нәтижесі деген қағида да дәлелдейді. Сӛз 
тіркесінің байланысу тәсілдерін анықтау үшін сӛз тіркестері 
ӛзара қалай байланысады, соны біліп алуымыз қажет. Біз 
жоғарыда сӛз тіркесінің байланысу формаларына жеке-жеке 
тоқталып талдадық. Енді осы топтар қандай тәсілмен 
байланысады екен соған келейік. 
Сӛз тіркесі түріндегі байланыс та, сӛйлем түріндегі 
байланыс та тӛрт түрлі тәсіл арқылы жүзеге асады. Оқулықта 
бұл тәсілдердің әр түріне мысал келтірілген, тақырыптан соң 
екі жаттығу жұмысы берілген.
Сӛз тіркесінің байланысу тәсілдері деген ұғым ӛте кең 
ұғым. Енді осы тәсілдердің әрқайсысына жеке-жеке 
тоқталайық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет