118
Сараңның ішпей-жемей жинаған алтыны басқаға қалады.
(М.Қашқари). Райымбек батырдың жоңғарлармен соғысқан
жері Ойран тӛбе аталған. Жаманға жақсы сӛз ӛтпес.
(С.Сарайи).
Осы
сӛйлемдерден
оқушыларға
сӛз
тіркестерін
тапқызып, оның қай байланысу формасына жататынын
айтқызу керек. Меңгеру, матасуды жақсы игерген оқушылар
бірден
жауап
береді.
Мұғалім
меңгеру,
матасу
байланысындағы сӛз тіркесінің
қосымша тәсіл арқылы
байланысқанын
осы
келтірілген
мысалдар
арқылы
түсіндіргені жӛн. Оқушылардың түсінген-түсінбеген білу
үшін мұғалім оқушыларға қосымша дайындалған үлестірме
қағаздар үлестіруі қажет, сонда әр оқушының осы тақырып
бойынша алған білімін анық кӛруге болады.
2. Септеулік шылаулар арқылы байланысуы
Бұл тәсілде сӛз бен сӛз
септеулік шылаулар арқылы
байланысады. Бағыныңқы сӛз түбір тұлғада тұрса, оны
басыңқы сӛзбен
арқылы, үшін, жӛнінде, туралы, жайында,
сияқты т.б. шылаулары байланыстырады да,
барыс
септігінен кейін
дейін, шейін шылаулары, шығыс септігінен
кейін
соң, кейін кӛмектес септіктен кейін
бірге шылаулары
байланыстырады. Мысалы
: Кӛлге қарай кетті. Үйге дейін
барды. Мен туралы сӛйлесті. Жұмыстан кейін барды.
Осындай бірнеше мысалдарды
мұғалім тақтаға жазып,
содан кейін оқушылардың кӛмегімен бұл мысалдардың сӛз
тіркесінің байланысу формасының қайсысына жататындығын
анықтап алуы керек. Жанасу байланысын дұрыс меңгерген
кез келген оқушы оны бірден, кідірместен айтулары мүмкін.
Бұдан кейін мұғалім септеулік шылаулар арқылы жасалған
сӛз тіркесінің жанасу байланысында
тұрғанын және септеулік
шылаулар арқылы байланысатын тәсілге жататындығын
түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: