Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет39/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

 
Зат есімнің сызбасы 
 
1. Құрамына қарай: 
2. Тұлғасына қарай: а) негізгі түбір 
ә)туынды түбір 
3. Құрылысына қарай;а) дара; ә) күрделі; 
4. Лексикалық мағынасы: 
5.Грамматикалық мағынасы: 
а) жалпы грамматикалық мағынасы
ә) категориялық-грамматикалық мағынасы; 
б) қатыстық-грамматикалық мағына. 
6. Сұрағы: 


108 
7. Мағынасына қарай: 
а) жалпы; жалқы; 
ә) жанды, жансыз; 
б) деректі, жартылай деректі, дерексіз; 
в) нақты, нақты емес; 
8. Жалғаулары: а) кӛптік; 
ә) септік
б) тәуелдік 
в) жіктік; 
Қажетті әдебиеттер 
 
1. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. 2002. 
2. Б.Құлмағанбетова. Қазақ тілін оқыту методикасы.1988. 
3. Д.Әлімжанов, Ы. Маманов. Қазақ тілін оқыту 
методикасы.1965. 
4. С.Жиенбаев. Қазақ тілінің методикасы.1941. 
5. Ш.Сарыбаев. Қазақ тілі методикасының кейбір 
мәселелері.1956. 
6. Ермеков Ә. Грамматикалық талдау. А.,1958. 
11. Кәтенбаева Б. Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың 
методикасы. А.,1975. 
12. Ж.Сүлейменова. Қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. 
А.,2001. 
13. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық 
ұғымдар. А.,1992. 
14. Ысқақов. А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 
15. Д.Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту 
методикасының кейбір мәселелері. А., 1972. 
Сӛз тіркесі синтаксисін оқыту әдістемесі 
 
Мектепте ана тілін оқытудағы басты мақсат – білімді 
азаматтар тәрбиелеу. Олардың білім, білік, дағдыларын 
қалыптастыру.
Оқушыларды шығармашылықпен ойлай 
білуге үйрету, ауызша және жазбаша сӛйлеу тілін дамыту.


109 
Міне, осы мақсаттарды жүзеге асыруда сӛз тіркесін 
меңгертудің рӛлі зор. Сӛз тіркесі синтаксисін жақсы 
меңгерту баланың логикалық ойлау қабілетін, тілін 
дамытады.
Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесінің кейінірек барып 
зерттелуі, оның ішінде сӛз тіркесі жӛнінде арнайы 
әдістемелік еңбектің болмауы – мұғалімнің жұмысын 
қиындатады. Оқушыларға сӛз тіркесін меңгертуге нұқсан 
келтіреді. Сонымен бірге сӛз тіркесі синтаксисінің теориялық 
жағында бір ізге түспеген даулы мәселелердің болуы оны 
практикалық жақтан оқытуға кесірін тигізбей қоймайды. 
Сондықтан сӛз тіркесінің бір ізге түспей жүрген және 
ашылмай жатқан қырлары мен сырларын зерттеу – бүгінгі 
күннің талабынан туып отырған мәселе.
Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда кейінірек 
барып зерттеле бастаған сӛз тіркесі синтаксисінің кейбір 
қырлары осы күнге дейін пікір таласын тудырып жүр. Бұл 
аталған саланың ӛзіне ұқсас басқа тілдік тұлғаларының бір 
ізге түспеуінен де болар. Себебі, сӛз тіркесіне ұқсас күрделі 
сӛздер, сӛздердің салалас қатарлары, атаулық тіркестер 
жайындағы мәселелер әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей 
келеді. Тілдің дамуы барысында толық мағыналы сӛздер мен 
кӛмекші сӛздердің тіркесі тек сӛз тіркесінің бір сыңарының 
ғана қызметін атқара алатыны айқын кӛріне бастады. Осы 
тәрізді тіл дамуы барысында атаулық тіркестер мен сӛз 
тіркестерінің ара жігі анық кӛрінері сӛзсіз. Сӛз тіркесіне 
ұқсас тұлғаларды мектеп грамматикасында терең, жан-жақты 
оқытуды бүгінгі ӛмір заңдылығы талап етіп отыр. Себебі 
соңғы жылдары жоғары оқу орындарына түсу үшін 
талапкерлерді тест жүйесі арқылы қабылдау қанат жайды. 
Ал бұл еңбектерде берілген тапсырмаларда сӛз тіркесіне 
ұқсас тұлғалар кӛптеп қамтылған. Мектеп грамматикасында 
бұл мәліметтер толық қамтылмағандықтан талапкерлерге 
қиындық туғызып жүр. Мұның ӛзі сӛз тіркесі синтаксисінің 
толық курсын жүйелі де терең оқытудың қажеттілігін 
тудырып отыр.
Сонымен сӛз тіркесін оқыту әдістемесі дегеніміз – 
оқушылардың жас ерекшеліктері негізінде сӛз тіркестерінің 


110 
ішкі байланыстары мен мәнін оқушыларға ұғындыру 
заңдылықтары (сӛз тіркесінің тіркесу заңдылықтары, 
мағыналық заңдылықтары, бір-біріне бағына байланысу 
заңдылығы т.б.) арқылы олардың сабаққа, пәнге деген 
қызығушылығы мен танымын арттыратын тиімді амал-
тәсілдердің жиынтығы. 
Сӛз тіркесін зерттеген және зерттеп жүрген ғалымдар 
пікірлеріне, сондай-ақ тіл фактілеріне сүйене отырып, 
мынадай тұжырым жасап, әрі оқыту процесінде
басшылыққа алуға болады: 
1. Кез келген сӛздер бірімен-бірі ретсіз тіркесе бермейді, олар 
ӛзара тіркесу үшін белгілі заңдылыққа негізделеді. Ол, 
біріншіден, 
мағына 
жақындықтарына 
қарай 
тіркесу 
заңдылығы болса, екіншіден, сӛз тіркесі құрамындағы 
сӛздердің белгілі бір тәсілдер арқылы байланысу заңдылығы;
2. Сӛз тіркесі деп танылу үшін, кемінде, толық лексикалық 
мағынасы бар екі сӛздің тіркесуі қажет, демек, толық 
лексикалық мағынасы бар сӛздер мен кӛмекші сӛздердің, 
шылаулардың, кӛмекші етістіктердің тіркесі (ауыл маңы, үй 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет