Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр



бет9/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#170534
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Студент білуге тиіс:


  1. Жылуалмастыру аппараттарының жіктелуін;

  2. Жылуалмастыру аппаратының жылулық балансын;

  3. Жылуалмастыру аппаратының жылуалмасу теңдеуін;

Студент істей алуға тиіс:

  • Жылуалмастыру аппаратының жылулық балансын түзе білу;

  • Орташа температура тегеурінін анықтай алу;

  • Жылуалмастыру аппаратында жылутасымалдағыштардың қозғалу тәсімін таңдай білу;

  • Жылуалмастыру аппаратының конструкциясын таңдай білу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Жылуалмастыру аппаратының конструкциясы.

  2. Жылуалмастыру аппаратының жылулық балансы.

  3. Жылуалмастыру аппаратының жылуалмасу теңдеуі.

  4. Жылуалмастырғыштардың температураларының өзгеру графиктері.

  5. Жылуды рекуперациялау.

  6. Аппараттың қабырғалары арқылы жылудың қоршаған ортаға шығынын анықтау.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер құбырлы жылуалмастыру қондырғысының құрылысымен және жұмысымен танысуы керек. Виртуалды зертханалық қондырғыда:



  1. Жылуалмастыру аппаратының негізгі мінездемелері бойынша тестілеуден өтіңіз.

  2. Құбырлы жылуалмастыру қондырғысының құрылысын және жұмысістеу принципін оқыңыз.

  3. Судың әртүрлі шығындарында регенерациялау коэффициентін анықтаңыз.

  4. Регенерация секциясының жылуалмасу коэффициентін судың әртүрлі шығындарында тәжірибе жүзінде анықтаңыз.

  5. Тәжірибе бойынша анықталған жылуалмасу коэффициентерін теңдеулермен есептелген мәндерімен салыстырыңыз.

  6. Аппараттың қабырғалары арқылы жылудың қоршаған ортаға шығынын анықтаңыз.

Құрал – жабдықтар: дербес компьютер, виртуалды жұмыстың бағдарламасы.

Теориялық мәліметтер.

Фармацевтика өндірісі мекемелерінде өнімді жылумен өңдеу процестері кеңінен тараған.

Мысалы, сұйық өнімдердің сақталу мерзімін ұзарту үшін пасиерлеу және стерилдеу процестері қолданылады. Бұл жағдайда өнім жоғары температураға дейін қыздырылады және осы температурада біраз ұстап тұрады, сонан соң сұйықты оны сақтау және бөліп құю температурасына дейін суытады.

Пастеризациядан кейін 63-920С температурада суытуға түскен ыстық өнімнің көп жылуы бар, оны дұрыс пайдалана білуіміз керек.

Ыстық өнімнің жылуын пайдалану үшін оны құрама аппараттың арнайы секциясына жібереді. Онда ыстық өнім пастеризацияға түсетін суық өнімді алдын ала қыздырады. Нәтижесінде ыстық пастерленген өнім біраз суыйды..

Мұндай операция жылуды рекуперациялау деп аталады, осы процесті өткізетін жылуалмастыру аппаратын рекуператор немесе рекуперация секциясы деп аталады.

Сонымен қыздырылған ыстық ортадан жылуды қыздыруға берілетін сұйыққа, жылуды утилдеу үшін, кері беру процесін жылуды рекуперациялау деп атаймыз.

Сұйық өнімдерді өңдеу кезінде жылуды рекуперациялау, пастерлеуге шығындалатын көп жылу энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Кез келген жылулық процестің негізгі мінездемесі сырттан берілетін жылу энергиясынң шығыны. Ол тұрақталған режимде жылуалмасу теңдеуінің көмегімен есептелінеді.

Әдебиет:

негізгі:


  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Александров И. А. Ректификационные и абсорбционные аппараты. Методы рсчета и основы конструирования. 3-издание - М.: Химия,

  4. Кафаров В.В. Основы массопередачи - М.: Высшая школа, 1979

  5. Баскаков. Теплотехника – М.: Высшая школа 1986

Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

1. Сұйық ортаны басқа сұйықпен кайтарымды қыздырылатын денемен жанастыру арқылы

қыздыруға арналған жылуалмастыру аппаратын атаңыз:

A) араластыру жылуалмастыру аппараты

B) беттік жылуалмастыру аппараты

C) регенеративті жылуалмастыру аппараты

D) буландыру аппараты

E) кептіргіш

2. Сұйық орталар оларды бөліп тұрған қатты бет арқылы жылу алмасатын аппаратты атаңыз:

A) араластыру жылуалмастыру аппараты

B) регенеративті жылуалмастыру аппараты

C) беттік жылуалмастыру аппараты

D) буландыру аппараты

E) кептіргіш

3. Жылуалмастырғыштың жылу алмасу ауданы:

A) F = M/KYDYCP

B) F = Q/KDtПОЛ

C) F = Q/KDtCP

D) F = G/rw


E) F = VОСВ/wСТ

4. Жылуалмасу кезінде жылутасымалдағыштар оларды бөліп тұрған қабырға бойында бір бағытта қозғалса, мұндай жылуалмастырғыштарды .......... деп атаймыз:

A) қиылысбағытты

B) қарсыбағытты

C) бірбағытты

D) араласбағытты

E) көпқиылысбағытты

5. Жылуалмасу кезінде жылутасымалдағыштар оларды бөліп тұрған қабырға бойында қарсы бағытта қозғалса, мұндай жылуалмастырғыштарды .......... деп атаймыз:

A) қиылысбағытты

B) бірбағытты

C) қарсыбағытты

D) араласбағытты

E) көпқиылысбағытты

6. Жылуалмасу кезінде жылутасымалдағыштар оларды бөліп тұрған қабырға бойында өзара әртүрлі бағыттарда қозғалса, мұндай жылуалмастырғыштарды .......... деп атаймыз:

A) қиылысбағытты

B) қарсыбағытты

C) араласбағытты

D) бірбағытты

E) көпқиылысбағытты

7. Қарсыбағытты жылутасымалдағыштардың орташа қозғаушы күші:

A)

B)

C)

D)

E)

11-тақырып: Екі корпусты буландыру қондырғысының жұмысын зерттеу.

Мақсаты: Екі корпусты буландыру қондырғысының құрылысымен және жұмысымен танысу.

Оқыту мақсаты:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет