Курсы және оқу семестрі: 2 курс, 4 семестр



бет2/12
Дата01.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#170534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Студент білуге тиіс:


Студент істей алуға тиіс:

  • Жұмысшы сұйықтың температурасын анықтай алу;

  • Жұмысшы сұйықтың температурасын әртүрлі шкалаларда алу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Температураны анықтау

  2. Температура өлшемі.

  3. Газдардың температурасы.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер температура өлшеуге арналған аспабтардың жұмыс істеу принциптерімен және түрлерімен танысуы керек. Ауаның температурасын өлшеу керек.

Құрал – жабдықтар: термометрлер, терможұптар, пирометрлер.

Теориялық мәліметтер.


  1. Дененің қызулық дәрежесін көрсететін физикалық шаманы температура деп атайды. Температура жылудың берілу бағытын анықтайды.

  2. Газдардың молекулалық - кинетикалық теориясы бойынша температура молекулалардың жылулық қозғалыстарының өлшемі болады. Оның мәні жылулық қозғалыстағы молекулалардың кинетикалық энергиясына тура пропорционал

  3.  (*)

Мұнда k = 1,380662×10-23 Дж/К - Больцман тұрақтысы, m – бір молекуланың массасы,  - молекуланың орташа жылдамдығының квадраты. (*) теңдеуі бойынша анықталған температураны T- абсолюттік температура деп атайды.

  1. Температураларды өлшеу температуралық шкалалар бойынша жүргізіледі. Жиі қолданылатын температуралар шкалалары: абсолют температура Т, Кельвин градустарында өлшенеді (К), және практикалық температура t, Цельсий градустарында өлшенеді (°С). Олардың арасындағы байланыс мына мына теңдеулермен өрнектеледі

  2.  

  3. Аталған температуралық шкалалармен қатар Фарангейт, Реюмер температуралық шкалалары қолданылады.

  4. Өндірістік және зертханалық жағдайларда температура сұйықтық термометрлермен, терможұптармен, пирометрлермен, кедергілік термометрлермен т.б. аспабтармен өлшенеді.

Термометр (гр. θέρμη — тепло; μετρέω — өлшеймін) — ауаның, жердің судың, газдың, сұйықтың температурасын өлшеуге арналған аспаб. Термометрлердің бірнеше түрлері бар:

Сұйықтық, механикалық, электрлік, оптикалық, газдық, инфрақызыл сәулелік.



Сұйықтық термометрлер. Сұйықтық термометрлер қоршаған орта температурасының өзгеруіне байланысты, термометрге құйылған сұйық (әдетте спирт немесе сынап) көлемінің өзгеруіне негізделген.

Механикалық термометрлер. Бұл термометрлерде металл серіппе немесе биметалл таспасы қоршаған орта температурасының өзгеруіне байланысты өз өлшемдерін өзгертеді.

Электрлік термометрлер. Электрлік термометрлердің жұмыс істеу принципі ток өткізгіштің кедергісі қоршаған орта температурасының өзгеруіне байланысты өзгеруіне негізделген.

Кең диапазонды электрлік термометрлер терможұптарға негізделген. Терможұптарда әртүрлі электртерістігі бар жанасқан металлдарда туындайтын потенциалдар айырмашылығы температураға тәуелділігі қолданылады.



Ең дәлі және уақыт бойынша тұрақтысы платиналық өткізгішке немесе керамикаға жағылған платиналық негізделген кедергілік термометрлер.

  1. Оптикалық термометрлер. Оптикалық термометрлер жарықтану, спектр және басқа параметрлердің температура өзгергенде өзгеруін тіркеуге негізделген аспабтар. Мысалы, дене температурасын инфрақызыл сәулемен өлшеу.

Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Баскаков. Теплотехника – М.: Высшая школа 1986


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Температура дегеніміз не?

  2. Цельсий шкаласы бойынша тіреу нүктелерін көрсетіңіз.

  3. Фарангейт шкаласы бойынша тіреу нүктелерін көрсетіңіз.

  4. Реюмер шкаласы бойынша тіреу нүктелерін көрсетіңіз.

  5. Сұйықтық термометрлердің жұмыс істеу принципін сипаттаңыз.

Тапсырма:

  1. Ауа температурасын өлшеудің тәжірибелік нәтижелерін кестеге енгізіңіз, және оларды Кельвин және Фарангейт шкалалары бойынша анықтаңыз.



Ауа температурасы , ºС

Ауа температурасы, К

Ауа температурасы, ºF




















































  1. Төменде көрсетілген температураларды Цельсий шкаласында анықтаңыз.

15 К, 45К, 260К, 273К, 373К.

45 ºF, 100 ºF, 150 ºF, 245 ºF



3-тақырып: Сұйықтың тығыздығын өлшеу.

Мақсаты:

  • Ареомеирдің көмегімен әртүрлі сұйықтардың тығыздығын өлшеу.

Оқыту мақсаты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет