Бекзат Саттарханов 1980 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Боксшы, олимпиада ойындарының чемпионы. Бапкерлері – Н. Жұмабаев, В. Везирякин.
1997 жылы Германия мен Финляндияда өткен және Қазақстандағы Ә. Нұрмақов атындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы болды. 1998 жылы Тайланд, Бангкок әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.Венгриядағы, Испаниядағы /1999-2000/ халықаралық турнирлерінің жеңімпазы, Мәскеудегі Гранпри кубогінің иегері /2000/. Сиднейде /Австралияда/ болған Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері /2000/.
1-дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталған. Б.Саттарханов атында спорт-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Дарынды спортшы 2000 жылдың 31 желтоқсанында жол апатынан қайтыс болды.
Сөздік
Еңбек сіңірген – заслуженный
Спорт шебері – мастер спорта
Жеңімпаз – победитель
Әлем біріншілігі – первенство мира
Күміс жүлдегері – серебряный призер
Марапаттау – наградить
Жол апатынан – дорожное происшествие
Одағай. Ольга Шишигина
Сөйлеушінің шындыққа, болмысқа қатысын көңіл-күй, сезім арқылы білдіретін сөздер одағай деп аталады.
Түрлері (Типы)
|
Одағай
(Междометия)
|
Мысалдар (Примеры)
|
Мағынасына қарай
(По значению)
|
1.Көңіл-күй
(Эмоцианальные)
|
Бәрекелді!
(Браво!)
|
Бәрекелді, өлеңді жақсы айтасың!
(Браво, хорошо поешь!)
|
Алақай!
(Ура!)
|
Алақай, қар жауып тұр!
(Ура, снег идет!)
|
Аһа!
(Ага!)
|
Аһа, келдің бе?!
(Ага, пришел?!)
|
Әттеген – ай!
Қап!
(Надо же!)
|
Әттеген-ай, кешігіп қалдым-ау!
(Надо же, опаздал!)
|
Ойбай!
(Ой!)
|
Ойбай, ауырттың!
(Ой, больно!)
|
Құдай-ай!
(Боже мой!)
|
Құдай-ай, бұл не дегені!
(Боже мой, что он говорит!)
|
2.Жекіру
(Императивные)
|
Ал! (Ну!)
Мә! (На!)
Әй! (Эй!)
|
Ал, тұр! (Ну, вставай!)
Мә, ал! (На, возьми!)
Әй, саған айтып тұрмын!
(Эй, тебе говорю!)
|
Жә!
(Полно!
Хватит!)
|
Жә, күңкілдеме!
(Хватит, не ворчи!)
|
3.Сыпайгершілік
(Формы вежливости)
|
Кешіріңіз!
(Извините!)
|
Кешіріңіз, сізге не керек еді!
(Извините, что Вы хотели!)
|
Рақмет!
(Спасибо!)
|
Рақмет, Санжар! (Спасибо, Санжар!)
|
Кеш жарық!
(Добрый вечер!)
|
«Кеш жарық!» - деді ол кіре бере.
(«Добрый вечер!» - сказал он, входя)
|
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойыңыз.
-
..., домбыраны жақсы тартады екенсің! 2. ..., әрең көтерілдім! 3. ..., Жаңа жыл! 4. ..., баста! 5. ..., сөзді қой! 6. ..., сені кім шақырды? 7. ..., кесені ал! 8. ..., не істеп тұрсың? 9. ..., солай ма? 10. ..., бұл кім өзі? 11. ..., мен кешігіп қалдым! 12. ..., қашан адам боласың? 13. ..., енді қайттім? 14. ..., әнді керемет айтады екенсің! 15. ..., қойыңызшы!
2-жаттығу. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Ғапу етіңіз, ...? 2. Рақмет, ...! 3. Бәрекелді, ...! 4. Әй, ... ? 5. Сұмдық-ай, ... ! 6. Мә, ... ! 7. Жарайсың, ... ! 8. Жә, ... ! 9. Құрып қалғыр, ... ! 10. Ал, ... ! 11. Алақай, ... ! 12. Қап, ...! 13. Ойбай, ...! 14. Кеш жарық, ... ! 15. Әттеген-ай, ...!
Ольга Шишигина
Ольга Шишигина 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Оның спорттың жеңіл атлетика саласына қосқан еңбегі мен жетістігі өте зор.
Ол 1994 жылы Хиросимада (Жапония) өткен ХІІ Азия ойындары чемпионатының, 1998 жылы Бангкокта (Таиланд) өткен ХІІІ Азия ойындары чемпионатының чемпионы, 1995 жылы Гетеборгта (Швеция) болған әлем чемпионатында 60 метрлікке жүгіруден күміс жүлде иегері, 1999 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
2000 жылы Сиднейде (Авсралия) өткен Олимпиада ойындарында 100 метрлік қашықтыққа жүгіруден алтын жүлдеге ие болды. Осы жылы Қазақстан республикасының 1 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Сөздік
сала – сфера, отрасль
жетістік – достижение
иегер – обладатель
жүлдегер – призер
қашықтық – дистанция
марапатталды – награжден (-а)
дәреже – степень
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Әл Фараби
Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер деп аталады.
Бастауыш
Сөйлемде кім, не жөнінде айтылатын негізгі ойдың иесін бастауыш дейміз.
Мысалы: сұлтанқұл қозыны көгендеді. Қозы көгеннен босап кете алмады деген сөйлемдердегі Сұлтанқұл – кім? қозы – не? деген сұрақтарға жауап беріп, дара бастауыш болып тұр.
Бастауыш мынадай сұрақтарға жауап береді: кім? не? кімдер? нелер? кімім? кімің? кіміңіз? кімі? нең? неңіз? несі? нешеу? қайсысы? нешесі? қаншасы?
Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Сөйлемдерді көшіріп жазып, бастауыштардың астын бір түзу сызықпен сызыңдар.
1. Сұлтанқұл Тұрарды өзіне серік тұтады. Екеуі екі есекке мініп алып, өзен бойынан шөп шауып әкеледі. Тұрардың бір бұзаулы сиыры, жиырма шақты қой, ешкісі бар. Екі үйдің мал суару, малға шөп салу, қора тазалау жұмыстары да олардың мойнында.(С.Б.) 2. Қыздар үлкен бір алма ағашының қасына келді. Әрқайсысы алманы қолына ұстап қарағысы келді. Олар алманы шешесіне ұсынды. Шешесі алманы қақ бөліп, жарты алмадан бөліп берді.(В.Сухомлинский)
Әл – Фараби
(870 – 950)
Орта ғасырда Қазақстанның Отырар маңында (қазіргі Шымкент облысы) аты дүние жүзіне әйгілі, ұлы ғалым, энциклопедияшы Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келді. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өтті. Ол Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр білімін жетілдіру, ғылымды тереңдету үшін аса ірі мәдени орталық саналатын Бағдат қаласына келді. Мұнда ол Аристотель, Эвклид, Прометей еңбектерін оқып үйренді.
Әл-Фараби 25-30 жас шамасында бүкіл дүниежүзілік ғылым-білімді терең де, жан-жақты меңгеріп, енді өзі де құнды-құнды еңбектер жаза бастады. Ол ғылым мен өнердің барлық саласы бойынша 150-ден астам еңбек жазған. Олардың ішінде «Музыканың ұлы кітабы», «Ғылымдар тізбегі», «Оргонон», «Алмагеске түсініктеме», т.б. еңбектері болашақ ғылымға жол ашты.
Замандастары мен шәкірттері оны «екіші Аристотель», «Екінші ұстаз» деп атаған. Әл-Фараби математика мәселелерімен де көп айналысқан ғалым. Математиканы архитектура, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен. Әл-Фараби аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы және ақын болған. Ол домбыра, қобыз сияқты аспап түрлерін жасап, бірнеше музыкалық шығармалар жазған.
Бізге оның әлемнің көптеген тілдеріне аударылған 50-ден астам шығармасы жеткен.
Сөздік
дүниеге келу – появиться на свет замандас – современник
дәріс алу – учиться шәкірт – ученик
қолжазба – рукопись ұстаз - учитель
меңгеру – освоить мәселе – проблема, вопрос
жетілдіру – совершенствовать айналысу - заниматься
тереңдету – углублять сияқты – такой, как
жан-жақты – всесторонне ғұлама - мудрец
құнды – ценный орындаушы - исполнитель
сала – область, сфера аспап - инструмент
үлгі – пример, образец
Баяндауыш. Қожа Ахмет Яссауи
Сөйлемде бастауыштың ісін, қимылын, жай-күйін білдіріп, ойды аяқтап тұратын мүшені баяндауыш дейміз.
Мысалы: Зәуре хабарды естісімен көңілденіп кетті деген сөйлемде Зәуре қайтті? – көңілденіп кетті деген тіркес күрделі баяндауыш болып, Зәуренің ісін, қимылын білдіріп тұр.
Баяндауыш көбінесе сөйлем соңында тұрады.
Баяндауыш не істеді? не істемек? қайтті? қайтеді? не істепті? қандай? кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.
Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Сөйлемдерді оқып шығыңдар. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Баяндауыштарды бастауыштармен тіркестіріп көшіріңдер.
қайттім?
Үлгі: Мен қуанып қалдым.
1.Мен бұған қуанып қалдым. Маған қарындаш қатты ұнады. 2. Айнаштың әкесі шопан болатын. 3. Ермек апасымен екеуі туыстарына қыдырып кетсе керек. 4.Бұл ойын көпке созылды. Қызық ойын болды. 5. Ол әдеби кітаптарды оқуды әдетке айналдыра бастаған. 6. Арша –биіктігі төрт метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік.Жапырақтары өткір,ине тәрізді қатты,үш-үштен қосақталып тұрады.Арша жемісінен дәрі жасалады.
Қожа Ахмет Яссауи
Ахмет Яссауи – түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, қазақ әдебиеті мен тілі тарихында ерекше орын алатын, есімі ислам әлеміне белгілі болған ойшыл қайраткері. Сол кезде кең тараған суфизм оқуының атақты ұстазы, насихаттаушысы болған. Ол жазбаларын өзінің ана тілі – түрікше жазған. Оның «Диуани хикмет» атты еңбегі түркі тілді халықтарға ортақ әдеби мұра.
Түркістандағы Ахмет Яссауиге салынған сағана – Ақсақ Темір заманынан қалған көне ескерткіш. Бұл – ең көлемді, теңдесі жоқ сәулет кешені. Ол Темірдің бұйрығымен, сол кезде Йасы деп аталған, қазіргі Түркістан қаласында 1396-1398 жылдары салына бастап, ХҮ ғасырдың бас кезінде аяқталған.
Ахмет Яссауи ескерткішінің ені 46,5 метр. Ұзындығы 62,5 метр. Кешенде отыз бес түрлі бөлме бар. Нақ ортасындағы басты бөлме «Қазандық» деп аталады. Ол бөлмеде алпыс шелек су сиятын салмағы екі тонна, диаметрі 2,4 метр үлкен қазан орнатылған. Аңыздардың айтуынша қазан жеті металдың қоспасынан құйылған.
Сөздік
Ерекше – особое
Ойшыл – мыслитель
Қайраткер – деятель
Кең тараған – широко распространенный
Насихаттаушы – пропагандист
әдеби мұра – литературное наследие
ортақ – общее
сағана – мавзолей
көне – древний
сәулет – архитектура
кешен – комплекс
бұйрық – приказ
нақ ортасында – в самом центре
теңдес – равный
қоспа - смесь
Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Абылай хан.
Бастауыш пен баяндауыш арасына мынадай жағдайларда сызықша қойылады:
1.Бастауыш та, баяндауыш та ату тұлғалы зат есімінен болса, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Омар – мұғалім, Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
2. Бастауыш зат есім мағынасында жұмсалған сын есімнен, сан есімнен болып, баяндауыш атау тұлғалы зат есімнен болған жағдайда, араларына сызықша қойылады. Мысалы: Жақсы – жаныңа жолдас, жаман – малыңа жолдас. Екі – жұп сан, үш – тақ сан.
3. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болған жағдайда араларына сызықша қойылады. Мясалы: Бес жерде бес – жиырма бес. Үш жерде жеті – жиырма бір.
4. Бұл, сол, осы, мынау, анау, ол деген есімдіктерден жасалған бастауыштарды сол тұлғада айтылатын анықтауыштардан ажырату үшін бұлардан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл – сурет көрмесі, сол – егіндік жер, анау – мектеп лагері.
5. Бастауыш у жұрнағы арқылы жасалған тұйық етістіктен жасалса, бастауыш пен баяндауыш арасына сызықша қойылады. Мысалы: Талдау – практикалық жұмыс. Оқу - әркімнің міндеті.
Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Көшіріп жазып, әр сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты табыңдар және олардың арасына сызықшаның неліктен қойылғандығын түсіндіріңдер.
1. Тұяқтың шешесі – біздің апамыз. 2. Жастық шақтың табиғи таза құмарлығы бар. Ол – арман. 3. Жолдасым – отыз-қырықтардың шамасындағы адам. 4. Тобықты жерінің бір шеті – жайлау, бір шеті – күзеу. 5. Жоқ, бұл – қалың бұқараға арналған үндеу. 6. Жердің сәні – егін, елдің сәні – білім. 7. Кітапты түсініп оқу – жақсы оқудың шарты.
Абылай хан
(1711-1781)
Абылайдың шын аты - Әбілмансұр, Орта жүз ханы. Абылай 1711 жылы Түркістан қаласында туған. Абылай 15 жасында қазақтың жоңғарларға қарсы соғысына қатысып, “Абылайлап” ұрандап асқан ерлік көрсетеді. Ел енді оның атын Абылай деп қояды.
Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен бірлесіп, жауға қарсы бірнеше күрестер ұйымдастырған. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін Абылай хан сайланып, барлығы 48 жыл хандық құрды.
Абылай ақылды, шебер ұйымдастырушы, батыл қолбасшы, іскер дипломат, тілге шешен болған екен. Қытай империясы, Ресей патшасы, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандарымен қарым-қатынасты жақсартты. XVIII ғасырда жоңғар хандығына қарсы үш жүздің басын біріктіруде зор рөл атқарған. 1756-1758 жылдары Манчжур-Қытай империясы 90 мың әскермен Жоңғар хандығын біржолата күйретті. Осы кезде Абылай Қытай империясы мен Ресей патшалығының арасында дипломатиялық іс жүргізді. Абылай шаруашылық пен сауданы, көрші елдерімен мәдени байланысты дамытты.
Бұл күнде Абылай ханның ақ ордасы тігілген жер Абылай алаңы, Хан асуы, Хан жайлауы, Хан көлі, Ханның қызыл ағашы сияқты жер-су аттары аса құрметпен аталады.
Егемендік алғаннан бері Абылай ханның есімі үлкен құрметпен аталатын болды. Оған ескерткіштер орнатылып, көшелерге аты берілді.
Абылай хан 1781 жылы жетпіс жасында дүние салды. Оның сүйегі Қожа Ахмет Иассауи сағанасына жерленді.
Сөздік
ұрандау – призывать, кричать жақсарту – улучшить
асқан ерлік – непревзойденное геройство біріктіру – объединять
бірлесу – объединяться біржолата – навсегда
күрес – битва күйрету – разрушать
ұйымдастыру – организовывать ақ ордасы тізілген жер –
хандық – ханство место, где было ставка
шебер – искусный асу – перевал
батыл қолбасшы – смелый полководец сүйегі – его прах
тілге шешен – оратор кесене – мавзолей
Достарыңызбен бөлісу: |