Сөздік
Билік айту - разрешать споры
Қайраткер – деятель
Ұдайы – постоянно, всегда
Жауласу – враждовать
Езгі - иго
Азат ету - освобождать
Майдан - фронт
Жауынгер – воин
Шапқыншылық- нашествие
Шаралар- меры
Әулие- святой
Тағайындау- назначать
Ел аузында- на устах народа
Нақыл сөз- слова назидания
Кесім- приговор
Тарау- распространяться
Едәуір ықпал- значительное влияние
Басқыншылық- захватничество
Тұтқын- плен
Белсене- активно
Қайрат- мощь, сила
Елші- посол
Ант ету- поклясться
Бағыну- подчиняться
Дау- жанжал- спор
Үлес қосу- вносить вклад
Ат салысу- поддерживать, помогать
Толғау- стихотворение, размышление
Төл сөз бен автор сөзі. Әйтеке би
Сөйлеуші адам бақа біреудің сөзін бұлжытпай, сол қалпын сақтап айтуы мүмкін.
Басқа біреудің өзгертілмей айтылған сөзін төл сөз дейміз.
Сөйлеуші адам төл сөздің кімдікі екенін айқындап, өз сөзін қоса атайды. Төл сөзді қолданушы адамның өз сөзін автор сөзі дейміз.
“Ғылым таппай мақтанба”, - деді Абай.
Осы мысалдағы Ғылым таппай мақтанба деген – төл сөз, деді Абай – автор сөзі.
Төл сөз тырнақшаға алынып, бас әріптен басталып жазылады.
1. Төл сөз автор сөзінен кейін қолданылса, автор сөзінен соң қос нүкте қойылады. Мысалы: Максим Горький былай деді: “Кітап – білім бұлағы”.
2. Төл сөз автор сөзінен бұрын келсе, төл сөзден кейін үтір мен сызықша қойылады. Мысалы: “Кітап – білім бұлағы”, – деді Максим Горький.
1. Мәтінді оқып, одан төл сөз, автор сөздерін табыңыздар.
Апасы Мағжанға қатты ренжіді. “Яслиден шығып, бақшаға келдің, үлкен жігітсің, бірақ әлі ақөылың кірмепті. Қиқарлық – жарамсыз әдет. Жақсы бала апасының да, көкесінің де айтқанын бұджытпай орындауы керек, - деді ол. Мағжан бұл сөздердің бірін естіп, бірін естіген жоқ, бар ойы күшікте еді. Мағжан апасына: - Күшікті үйге әкетеміз бе? Деп сұрады. Апасы: “Бөтен адамның күшігі, ұят болады, күшікті әкетпейміз, ойнағың келсе, ойнай ғой, тек трамвай келген кезде жаңағыдай қырсықпа. Бұдан былай тентек болма”, - деді. Мағжанның көңілі басылып, жыларман болды. Әйткенмен уақыт өткізбей, күшікпен ойнауға кірісті.
Әйтеке би
(1644 – 1700)
Әйтеке би (Айтық) Бәйбекұлы - Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүзді басқарған би, қазақтың атақты билерінің бірі. Есім ханның тұсында Самарқанды басқарған Жалаңтөс батырдың немересі. Әйтеке би Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аса көрнекті билерінің бірі болды. Әйтеке би “Жеті жарғыны” шығаруға зор үлес қосты.
Ол өте ақылды, шешен болған. Бір орталыққа бағынатын қазақ хандығын құруға ат салысты. Әйтеке бидің ел арасында кең тараған толғаулары, шағын әңгімелері өте көп.
Әйтеке бидің есімі бұрын халық аузында ғана айтылып жүрсе, бұл күндері оған ескерткіштер қойылып, көшелердің аты берілді.
Сөздік
Би – бий, представитель власти, судья
Тағайындау- назначать
Ел аузында- на устах народа
Нақыл сөз- слова назидания
Тарау- распространяться
Бағыну- подчиняться
Үлес қосу- вносить вклад
Ат салысу- поддерживать, помогать
Толғау- стихотворение, размышление
Іс қағаздары туралы. Іс қағаздарының стилі. Хабарландыру.
Іс қағаздарымен жұмыс
Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заң қабылданды, 1998 жылы 5 қазанда «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.
Ресми іс қағаздары термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар, жөніндегі іс парағы т.б.), Басқару қызметі жөніндегі нормативтік, бұйрықшы-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қарулы, ереже, заң т.б.), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін құжаттардың (сенімхат, қолхат, кепілхат, шарт, келісім, т.б.) түрлері сан алуан. Бұлар күнделікті еңбек қарым-қатынасында жиі кездесіп отыратын нұсқалар.
Ресми құжаттарға төмендегідей талаптар қойылады:
мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалу керек;
тұжырымдар дәл, нақты болуы тиіс;
сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы керек;
терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігін сақтау қажет;
қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, бір қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай-ақ бейнелі образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар, ауызекі сөйлеу стилінің тілдік элементтері қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы осы талаптарға сай іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе білгені жөн болар еді.
Енді құжаттарды ұқсастықтар мен айырмашылықтарына қарай топтастырып өтейік:
белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық;
мазмұнына қарай ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары;
атауына қарай көптеген түрге бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар, т.б.;
түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей;
толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы /кіріс, шығыс/;
орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес;
шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік;
жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия;
заңдылық күшіне қарай шын және жалған;
жасалу нұсқасына қарай түпнұсқа және көшірме;
сақталу мерзіміне қарай құжаттар 10 жылдан жоғары тұрақты және 10 жылға дейін уақытша сақталатын болып бөлінеді.
Іс қағаздарының тізімі
р/с
|
Іс қағаздары
|
Деловые бумаги
|
1
|
Өмірбаян
|
Автобиография
|
2
|
Түйін
|
Резюме
|
3
|
Мінездеме
|
Характеристика
|
4
|
Жеке іс парағы
|
Личный листок
|
5
|
Сауалнама
|
Анкета
|
6
|
Өтініш
|
Заявление
|
7
|
Баянат
|
Рапорт
|
8
|
Түсініктемехат
|
Объяснительная записка
|
9
|
Қолхат
|
Расписка
|
10
|
Кепілхат
|
Гарантийное письмо
|
11
|
Сенімхат
|
Доверенность
|
12
|
Жеделхат
|
Телеграмма
|
13
|
Телефонхабар
|
Телефонограмма
|
14
|
Құттықтаухат
|
Поздравительное письмо
|
15
|
Баяндаухат
|
Докладная записка
|
16
|
Жолдамахат
|
Препроводительное письмо
|
17
|
Хабарламахат
|
Письмо – извещение
|
18
|
Іскерлік хат
|
Деловое письмо
|
19
|
Қызметтік хат
|
Служебная записка
|
20
|
Арыз
|
Заявление
|
21
|
Шағым
|
Жалоба
|
22
|
Талап-арыз
|
Исковое заявление
|
23
|
Анықтама
|
Справка
|
24
|
Хаттама
|
Протокол
|
25
|
Хабарландыру
|
Объявление
|
26
|
Жарнама
|
Реклама
|
27
|
Бұйрық
|
Приказ
|
28
|
Акт (Кесім)
|
Акт
|
29
|
Бұрыштама
|
Виза
|
30
|
Жеке еңбек шарты
|
Индивидуальный трудовой договор
|
Хабарландыру
Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.
Хабарландырудың түрлері
-
Жиналыс туралы хабарландыру
-
Мәжіліс туралы хабарландыру
-
Отырыс туралы хабарландыру
-
Салтанатты жиналыс туралы хабарландыру
-
Бірлескен мәжіліс туралы хабарландыру
-
Бос қызмет орнына конкурс жариялау туралы хабарландыру
Хабарландыру
6 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да акті залында Ұлы Отан соғысы
ардагерлерімен кездесу өткізіледі. Салтанатты кездесу Жеңіс күніне арналады.
Бағдарлама:
-
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.
-
Көркем өнерпаздарының концерті.
Ұйымдастыру комитеті.
Обьявление
6 мая 10 часов утра в актовом зале пройдет встреча с ветеранами Великой Отечественной Войны. Торжественная встреча посвящается ко дню победы.
Программа:
-
Рассказы-воспоминания ветеранов Великой Отечественной Войны.
-
Концерт художественной самодеятельности.
Организационный комитет
Хабарландыру
Ертең, 7 ақпан күні, сағат 16 да ІІМ органдары басшыларының кеңейтілген мәжілісі болады.
Күн тәртібінде:
-
Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңын талқылау.
-
Әр түрлі мәселелер.
Хабарландыру
Қазақ Мемлекеттік заң академиясы сіз үшін қолайлы. Балаңыздың жақсы мамандық алғанын қалайсыз ба? Онда ойланбастан келіп оқу орнымен танысуыңызға болады. Студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Оқу орнының сырттай және іштей оқу бөлімдері бар. Төмендегідей факультеттерге құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады:
-
Экономист
-
Заңгер
Сөздік
Хабарландыру
|
Обьявление
|
хабарландыру жазу
|
написать обьявление
|
Жиналыс
|
Собрание
|
мәжіліс
|
Заседание
|
салтанатты жиналыс
|
торжественное собрание
|
бірлескен мәжіліс
|
совместное заседание
|
сағат...де
|
в... часов
|
мәселелер
|
Вопросы
|
өткізіледі
|
Проводится
|
Бағдарлама
|
Программа
|
күн тәртібі
|
повестка дня
|
Грамматикалық тапсырмалар
-
Жиналыс болатыны туралы хабарландыру жазыңыз.
-
Бос жұмыс орны бар екені жөнінде хабарландыру жазыңыз.
-
Бір тақырыпқа байланысты жарнама жазыңыз.
Хаттама
Хаттама мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.
Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).
Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.
Хаттама мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте төраға туралы, хатшы туралы, күн тәртібі, шақырылғандар, қатысқандар туралы мәлімет жазылады. Тектер алфавит тәртібімен, я болмаса олардың жалпы саны көрсетіледі. Ал аты-жөнімен жазылған тізім хаттамаға қосымша тіркеледі.
Күн тәртібі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. Хаттаманың негізгі бөлігі мынадай үш бөліктен тұрады. 1. ТЫҢДАЛДЫ. 2. ЖАРЫССӨЗ немесе СӨЙЛЕГЕНДЕР. 3. ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ.
«ТЫҢДАЛДЫ» бөлімінде қаралатын негізгі мәселе сөз болады, «ҚАУЛЫ» бөлімінде шешім жазылады. Жарыссөз кезінде сөз сөйлегендердің пікірлері үшінші жақ, жекеше түрде жазылады. Қаулы мәтіні нақты және не істеу керектігі, орындаушысы, мерзімі көрсетіледі.
Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:
-
Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.
-
Құжаттың аты (хаттама)
-
Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмірі
-
Жиналыс (мәжіліс) өткен орын
-
Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы
-
Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты-жөні, лауазымы)
-
Күн тәртібі
-
Төрағаның және хатшының қолы
Сөздік
Хаттама
|
протокол
|
Хаттама жүргізу
|
вести протокол
|
хаттаманың көшірмесі
|
копия протокола
|
хаттамаға қол қою
|
подписать (подписывать) протокол
|
анықтама
|
справка
|
анықтама жазу
|
написать справку
|
анықтама беру
|
дать справку
|
ұйымның ресми атауы
|
оригинальное наименование учреждения
|
құрылтайшылар жиналысы
|
собрание учредителей
|
төраға, төрайым
|
председатель
|
хатшы
|
секретарь
|
күн тәртібі
|
повестка дня
|
тыңдалды
|
слушали
|
қаулы қабылданды
|
постановили
|
қатысқандар
|
присутствовали
|
сөйлегендер
|
выступили
|
қойылған қолдың анықтамасы
|
расшифровка подписи
|
Хаттаманың үлгілік нұсқасы
Ұйымның ресми атауы
(мемлекеттік тілде)
ХАТТАМА
-
№1
Құрылтайшылар жиналысы
(мекеменің аты)
Төраға – Аты-жөні
Хатшы – Аты-жөні
Қатысқандар – Аты жөндері
Күн тәртібі: 1.
2.
3.
ТЫҢДАЛДЫ: СӨЙЛЕГЕНДЕР
ШЕШІМІ
Төраға қолы Қойылған қолдың
анықтамасы
Хатшы қолы Қойылған қолдың
анықтамасы
Астана қаласы «СҰҢҚАР» ЖШС қызметкерлерімен
болған жиналыстың
ХАТТАМАСЫ
25 қараша 2005 жыл №1 Астана қаласы
Қатысқандар-14
Қатыспағандар
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
-
Мекеме бастығының орынбасары А.С.Асқаровтың атқарылған жұмыстар бойынша айлық есебі.
-
Астана қаласындағы мемлекеттік мекемелермен және жеке кәсіпкерлермен келесі жылға келісімшарт жасасу.
-
Келесі жылдан бастап мекеменің іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру.
Тыңдалды:
-
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мекеме бастығының орынбасары А.С. Асқаров атқарылған жұмыстар бойынша айлық есеп бере келіп, сапалы қызмет атқарған М.Бексұлтановты, С.Уалихановты атап өтті. Кейбір қызметкерлердің істеріне қанағаттанбағанын айтты.
-
Өткен жылы бірігіп жұмыс атқарған мекемелермен жасалған келісімшарттардың мерзімін ұзарту, келер жылдан бастап Алматы қаласындағы «Береке» АҚ келісімшарт жасау керектігі айтылды.
-
Келесі жылдан бастап іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үшін мекеменің қызметкерлерін мемлекеттік тілде оқыту, іс қағаздарын осы бастан мемлекеттік тілде ресімдеу қажет екендігі айтылды.
ШЕШІМІ:
-
Сапалы қызмет атқарған М.Бексұлтановқа, С.Уалихановқа сыйақы берілсін.
-
Келісімшарт жасау мекеменің менеджері С.Сұлтановқа жүктелсін.
-
Қызметкерлерді мемлекеттік тілде оқыту және олардың мемлекеттік тілде жұмыс атқаруын қадағалау кадр бөлімінің меңгерушісі Т.Е.Жұмабековаға Жүктелсін.
Хаттаманы жүргізген Б.А.Ақылбек.
ПРОТОКОЛ
Собрания сотрудников ТОО «СУНКАР» города Астаны
25 ноября 2005 года №1 город Астана
Присутствовали – 14
Отсутствовали
НА ПОВЕСТКЕ ДНЯ:
-
Месячный отчет по работе заместителя начальника учреждения Аскарова А.С.
-
Заключение контрактов с государственными учреждениями и индивидуальными предпринимателями города Астаны на следующий год.
-
Перевод служебной документации учреждения на государственный язык начиная со следующего года.
Слушали:
-
Согласно первому вопросу повестки дня заместитель начальника учреждения Аскаров А.С. очитался о выполненной работе6 отметив отличную работу Бексултанова М. и Валиханова С. Было сказано о неудовлетворительной работе некоторых сотрудников.
-
Говорилось об удлинении срока контрактов. Заключенных в прошлом году с учреждениями для совместной работы, а также о необходимиости со следующего года.
-
Говорилось об обучении государственному языку сотрудников учреждения для перевода делопроизводства на государственный язык начиная со слудующего года6 а также о необходимости оформления деловых бумаг на гасударственном языке начиная с этого года.
РЕШЕНИЕ:
-
За отличное выполнение работы выдать премию М.Бексултанову и С.Валиханову.
-
Возложить заключение контрактов на менеджера С.Султанова.
-
Возложить обучение сотрудников государственному языку и контроль за исполнение ими работы на государственном языке на заведующую отдела кадров Жумабекову Т.Е.
Протокол вел Акылбек Б.А.
СӨЗДІК
Арыз
|
заявление
|
мұрагерлік құқық
|
наследственное право
|
тұрғын үй ауыстыру
|
поменять желье
|
заңға сәйкес
|
В соответсвии с законом
|
Шешім қабылдауыңызды сұраймын
|
прошу принять решение
|
шағым хаттар
|
письмо жалобы
|
Грамматикалық тапсырмалар
-
Өз мүддеңізді қорғау үшін арыз жазыңыз
-
Судың болмауына байланысты арнайы мекемеге шағым хат жазыңыз
АНЫҚТАМА ҚҰЖАТТАРЫ
Анықтама қандай да бір болмасын фактіні не оқиғаны сипаттап растайтын құжат.
Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады ұсыныс, қорытынды болмайды.
Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды, жоғарыға жіберілетін анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.
Анықтамада бірнеше мәселелер қамтылса, мәтінін бірнеше бөлікке бөлген немесе кесте түрінде құрастырған жөн.
Жеке адамға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымы, оқуы, тіркелімі т.б.) қалыпты қағаздарға толтырылып, кадр бөлімі бастығының не кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.
Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы,
«Осы анықтама Бердібаева Айгүл Оралбекқызына, оның Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімнің ІІІ курсында оқитынын растау үшін берілді».
Анықтаманың қай ұғымға арналып берілгіні туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,
«Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету үшін берілді». Немесе «Анықтама теміржол және аэрофлот кассаларына көрсету үшін берілді».
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,
«Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды» немесе «Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды»
Анықтама беруші адамның қолы. Бұл мәлімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей қалдырылып барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және тегі, аты-жөні беріледі. Мысалы,
Қазақ филологиясы
факультетінің деканы _________Т.С. Сағымбеков
(қолы)
Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр қойылатын арнай орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2-см-дей жерге басылады. Мысалы,
№ 29 балалар бақшасының
мөр орны меңгерушісі _________Қ.С. Сейтқазиева
(қолы)
Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана күші бар.
АНЫҚТАМА
______________________ «Руханият орталығы»КМК
(аты-жөні)
200___жылдың «___» __________бастап_________________
ретінде қызмет атқарады. Айлық жалақысы ______________
(_________________________________) теңге.
Анықтама талап етілген қызмет орнына тапсыру үшін берілді.
Директор
Бас бухгалтер
СПРАВКА
Дана __________________________________________________
в том, что он(а) действительно работает в ГКП «Центр Руханият» с
«___» __________200___ г. в качестве
____________________________________________________________
________________.
Заработная плата ___________
(___________________________________________)тенге в месяц.
Справка дана по месту требования
Директор
Главный бухгалтер
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Пульпит.
Пульпит
Пульпит – тіс ұлпасының қабынуы дегенді білдіреді. Тіс ұлпасының қабынуы тісжегі ауруының асқынған түріне жатады. Қабыну әр түрлі себептердің әсерінен: инфекция түсуден, суықтан, ыстықтан т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Көбінесе тіс ұлпасының қабынуы бұзылған тіс арқылы микробтардың тіс қуысына өтуінен пайда болады. Тіс ұлпасының бұзылған тіс арқылы микробтардың тіс қуысына өтуінен пайда болады. Тіс ұлпасының қабынуы жедел және созмалы болады. Жедел қабынған кезде зақымданған тіс солқылдап ауырады. Ұлпасы жедел қабынған тіс ыстық, суық немесе тәтті, тұзды тағамдар жегенде де қатты және ұзақ ауырады. Кейде себепсіз де ауырады. Пульпиттің жедел түрін уақытында емдемесе, ол асқынып, созылмалы түріне айналады. Төменгі жақ тістердің ұлпасы қабынса, ауыпу сезімі шүйкеге, құлаққа, жоғарғы жақ тістеріне тарайды. Егер жоғары жақ тістердің ұлпасы қабынса, ауыру сезімі самайға, қабақ үстіне, бет сүйегіне, төменгі жақ тістеріне беріледі. Науқас адамның көңілкүйі нашарлап, ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті болмайды. Ұлпасы жедел және созылмалы қабынған тістерді міндеті түрде емдеу керек. Соңғы кезде тіс ұлпасының қабынуын емдеудің хирургиялық және консервативтік әдістері қолданылады. Ең алдымен ауыру сезімін басу керек.
Сөздік
жұмсақ –мягкий
бұзылған – испорченный, поврежденный
шүйде – затылок
самай – висок
асқыну – осложнение
күшею – усиление
тісті жұлу – удалить зуб
солқылдап ауыру – пульсирующая боль
Тапсырма 1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Пульпит деген не?
-
Пульпит неден пайда болады?
-
Тіс ұлпасының қабынуының неше түрі болады?
-
Созылмалы түрінің қандай белгілері бар?
-
Пульпит ауруын қалай емдеуге болады?
Жазба жұмысы. Табиғатқа жақын бол.
Адамға тән бір қасиет - өзін қоршаған табиғатты өзгертіп, бағындырып алғысы келу. Өкінішке орай, сөйтіп арпалысып жүргенде, табиғаттан қол үзіп қалғанын бір-ақ біледі. Өзіне жат жасанды ортаға түсіп, өмірін қысқартатын, жан-жақты тарылтатын жайға кездеседі.
Техниканың дамуы, өндіріс пен шаруашылықтың механикаландырылуы адам еңбегін жеңілдеткені рас. Әйтсе де соның нәтижесінде табиғаттан қол үзіп кеткені анық. Сондықтан қалай да уақыт тауып, сол табиғатты тамашалау – бір ғанибет. Ол күні бойы ез болып шаршаған нерв жүйесін қалпына келтіреді, адамды тынықтырып, бойға күш қосады.
Таза ауада бала кезде ойнаған ойындардың бір-екі түрін қайталаса, жастық шақ қайта оралғандай болады. Тіпті жай ғана серуендеп жүрудің өзі өте тиімді екені көптен-көп насихатталуда. Әсіресе, дәрілік шөптерді, гүлдерді, дала жеміс-жидектерін теру – үлкен ғанибет.
Тапсырма.Мәтіннен анықтауыш,толықтауыш,пысықтауышты табыңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.А.Ш.Бектурова, Ш.К.Бектуров. Казахский язык для всех. – Алматы: Атамұра, 2004.
2.Б.Ж.Доскеев. Қазақ тілі. Медициналық оқу орындарына арналған. Алматы: “Қайнар” 2002.
3.Б.Құлмағанбетова, Ж.Елемесова. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. – Алматы; “Рауан”, 2004.
4.В.Франк. Орысша – қазақша – ағылшынша пәндік – тақырыптық сөздік / Русско – казахско – английский предметно – тематический словарь/ Справочное пособие, - Алматы; “Рауан”, 2000.
5.Ж.С.Уалиева. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу - әдістемелік құрал. – Қарағанды: Учебная книга, 2005.
6.Ж.Қ.Түймебаев. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 1991.
7.Қарағанды. Қарағанды облысы:Энциклопедия. – Алматы: “Атамұра”, 2006.
8.Қ.Аманжолов. Өлеңдер мен поэмалар. І том – Алматы: ТОО “Тенгр”, 2001.
9.М.Жұмабаев Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Атамұра 2002ж.
10.Ресми іс – қағаздар. – Астана: “Тіл старту”, 2006ж.
11.Х.Махмудов, Ғ.Мұсабаев. Қазақша – орысша сөздік. – Алматы: “Өнер”, 2001.
12.Ш.Бектуров, М.Серғалиев. Қазақ тілі: - Алматы; “Білім”, 1994.
Мазмұны
Түсінік хат 3
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. 4
Үндестiк заңы. Ілгеріндi, кейiндi ықпал. Тәуелсіз Қазақстан. 4
Фразеологиялық тіркестер.Туған жер туралы мақал-мәтелдер 7
Біріккен сөздер. Қосарлы сөздер. ҚР тұңғыш Президенті. 9
Тіркесті сөздер. Қысқарған сөздер. Қазақстанның табиғат байлықтары. 10
Сын есімнің шырайлары. Қазақстанның ауыр өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы. 12
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Мамандыққа қатысты кәсіби сөздер, терминдер.
Тіс және денсаулық. 15
Жазба жұмысы. Бауыржан тағылымы. 16
Көсемше. Мұқағали Мақатаев Қазақ жері 16
Есімше: М.Жұмабаев «Туған жер», Қ.Аманжолов «Туған жер» 18
Туынды етістіктер.Етістіктің шақтарын қайталау. Табиғат болашағы. 18
Салт-дәстүр туралы. Беташар. Асар. 21 Шартты рай. Шілдехана. Бесікке салу. 23
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Тісжегі. 25
Көмекші сөздер. Тоғызқұмалақ. Алтыбақан. 27 Септеулік. Демеуліктер. Бәйге 28
Жалғаулықтар. Ақсүйек 31
Жазба жұмысы.Шоқан Уәлиханов 32
Модаль сөздер.Б.Саттарханов 34
Одағай. Ольга Шишигина 35
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Бастауыш. Әл Фараби 37
Баяндауыш. Қожа Ахмет Яссауи 38
Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Абылай хан. 38
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Ақыл тіс 40 Жазба жұмысы. Ана тілі 40 Толықтауыш. Абай 42 Анықтауыш.Төле би 43 Пысықтауыш. Ыбырай Алтынсарин 46
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Тіс тасы. 46
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Қазыбек би 46
Төл сөз бен автор сөзі. Әйтеке би 47
Іс қағаздары туралы. Іс қағаздарының стилі. Хабарландыру. 49
Хаттама 54
Анықтама құжаттары 56
Кәсіби тіл дамыту сабағы. Пульпит. 59
Жазба жұмысы. Табиғатқа жақын бол. 60
Пайдаланған әдебиеттер 61
ҚММА- баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 40
Көлемі 3.9 баспа табақ
100 дана
Достарыңызбен бөлісу: |