Л. О. Жандарбекова Қазақ тілі оқУ Әдістемелік қҰрал қарағанды 2008ж



бет4/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#126127
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Шілдехана

Бұл – сәбидің жаңа басталған өмірінің тұңғыш тойы. Шын мәнінде, шілдехана – дүние есігін ашқан адамға құрмет белгісі. Сол үшін де арнайы дайындықтар жасалады. Тойға арналып мал сойылады.

Шілдеханаға сыйлы қонақтармен қоса жастар да жиналады. Олар әдемі киініп, ойын-сауыққа келеді. Тойға әнші-күйшілер, ақындар шақырылады. Ойындар ойналады.

Қадірлі бір адам баланың атын қойып, жақсылық тілеп, бата береді.


Сөздік

сәби - младенец басталған – начинающийся

ашқан – открывший құрмет белгісі – знак уважения

арнайы – специальный дайындық - подготовка

арналу – посвещаться сою – резать

сыйлы – уважаемые ойын-сауық – развлечение

шақырылу – приглашаться ойналады - играются

жақсылық – добрата тілеу – желать


Бесікке салу

Баланы бесікке салу киелі іс саналатындықтан, ол ауылдың жасы үлкен әжесіне тапсырылады. Сәбиді бесікке бөлейтін әже бесікті тексеріп шығады. Сосын тазалық үшін бесікті аршамен аластайды. Өзінің аналық мейірін төгіп, әулиелерге сыйынады, сәбиге жақсылық тілейді. Бесікке салу кезінде сәбидің анасы қасында үйреніп отырады.

Бесікке бөлеп болғаннан кейін әженің өзі тербетіп, өлең айтады. Бала тәтті ұйқыға кетеді. Әжелер мен аналар дастарқанға отырады.

Сөздік

киелі – священный, святой әулие – святой


саналу – считаться сыйыну – молиться

тапсыру – поручить үйрену – научиться

тексеру – проверять тербету – укачивать

төгу - выливать тәтті ұйқы – сладкий сон


Кәсіби тіл дамыту сабағы. Тісжегі.
Тіс ауруларының ішінде ең көп және жиі кездесетіні – кариес. Оны қазақтар “тісжегі”, “тіс құрты” деп атайды. Тісжегінің салдарынан эмаль, дентин, цемент қабаттары бүлінеді. Кариестік процесс айлап, жылдап, одан да ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Тісжегі тістердің бір-бірімен түйісетін жерінде немесе мойындарында пайда болады. Тісжегімен бір немесе бірнеше тіс қатар ауруы мүмкін.

Бұл ауру тістегі химиялық құрамдардың бұзылуынан болады. Мұндайда оның эмаль қабатының бетіне қоңыр дақ түседі. Кальций, фосфор және тағы басқа минеральды тұздардың азаюынан эмаль, дентин қабаттары жұмсарады. Дентин қабатының бұзылуы өте тез дамиды. Сөйтіп, тісте тісжегі “жарасы” пайда болады. Тәтті, тұзды, қышқыл тағамдар жеген кезде және тісті щеткамен тазалағанда бұл жер ауырады. Мұны емдеу үшін “Ремотодент” дәрісін пайдаланады. Содан соң тістің қуысын тазартып, қуысына пломба салады. Егер тісжегіден пайда болған қуыс тістің мойын маңайына жетсе, тіс сауытының ішіндегі тіндер қабынып, оған түрлі микробтар жиналады. Олар бойынан улы заттар бөліп шығара бастайды. Мұның әсерінен бүкіл жақ, құлақ, жүйке талшықтары сыздап ауырады. Ауырған жердің дентинін алып тастап, орнына тездетіп пломба салмаса, мұның зардабы күшейе түседі. Біртіндеп тістің жұмсақ тіндері қабынып, жансызданып, пульпит, перидонтит деген кеселдер пайда болады. Шіри бастаған тістің қуысынан сасық ірің бөлінеді. Бұл кезде адамның басы ауырады, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтеріледі, әлсіздік пайда болады. Жақ асты, мойындағы лимфа бездері қабынуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол тісті жұлып тастауға тура келеді.



Сөздік


бүліну – разрушиться

созылу – затянуться; растянуться

бұзылу – повреждение; порча

түйісетін жер – место стыковки

дақ – пятно

жұмсару – смягчение

улы заттар – ядовитые вещества

зардап – тяжелые последствия

жансыздану – онемение

шіру – гнить

сыздап ауыру – ноющая боль
Тапсырма 1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Кариесті қазақтар қалай атаған?

  2. Тісжегі салдарынан не бүлінеді?

  3. Тісжегі неден пайда болады және белгілері қандай?

  4. Тіс қуысын қалай емдейді?

  5. Егер кариес тістің мойнына жетсе не болады?

  6. Асқынған тісжегі қандай аурулармен жалғасады?

  7. Мұндай жағдайда не істеу керек?


Тапсырма 2. Төмендегі сөйлемдерді толықтырып, көшіріп жазыңыз.

1. Тістің ... тазартып, пломба салу керек. 2. Тәтті ... жегенде тіс ауырады. 3. Тісжегі ең көп ... ауру. 4. Бұл процесс ... созылады. 5. Тісжегі ... құрамдардың бұзылуынан пайда болады. 6. Ауырған тістің дентинін ..., орнына пломба салады. 7. Шіри бастаған тістен сасық иісті ... бөлінеді. 8. Науқастың ... ауырады, ... пайда болады. 9. Жақ асты, лимфа ... бөлінеді. 10. Тісжегі салдарынан дентин, ... қабаттары бөлінеді.



Керекті сөздер: цемент, ұзаққа, тараған, қуысын, бездері, тағам, ірің, химиялық, алып, басы, әлсіздік.
Көмекші сөздер. Тоғызқұмалақ. Алтыбақан.
Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын сөздер көмекші сөздер деп аталады. Олар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Септеулік шылаулар

  2. Көмекші есімдер

  3. Жалғаулықтар

  4. Демеуліктер

  5. Модаль сөздер


«Тоғызқұмалақ»
Тоғызқұмалақ - қазақтың ұлттық ойыны. Оны қырғыз, қарақалпақтар да ойнайды. Тоғызқұмалақты кейде қойшының алгебрасы дейді. Оның мәні бар. Өйткені бұл ойынды тұңғыш тапқан – қойшы.

Тоғызқұмалақ бұрын қойдың құмалағымен ойналған. Жерден тоғыз-тоғыздан шұңқыр, бір-бірден қазан қазып алып, әрқайсысы сексен бірден құмалақ алған. Оны қойшылар жүрелеп не малдас құрып отырып ойнайды екен. Бара-бара ойын қазақ арасына кең тарап, ұлттық ойынға айнпалған. Әншіл, сауықшыл қазақ халқы адамның ой-өрісін кеңітетін, ойша есепетеуге төселдіретін, ұстамдылыққа , тапқырлыққа баулитын бұл тамаша ойынға бос уақытын көп бөліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Тоғызқұмалақ ойыны қазір арнаулы тақтада бұршақпен ойналатын болды.

Бұл ойын – нағыз есеп ойыны. Мұнда есепке жүйрік адам ғана жеңеді. Тоғызқұмалақ та, шахмат сияқты, тапқырлықты, қиялдауды қажет етеді. Өткен позицияны не бір-екі жүрістен кейін қандай позиция болатынын есте сақтау, бағдарлау тек шебер, тәжірибелі, ауыз есепке жүйрік адамның ғана қолынан келеді.

Сөздік


Қойшы – чабан

Мән – значение, смысл

Табу – находить, приобретать

Шұңқыр – яма

Қазу – копать, рыть

Айналған – превратился

Сауық – увеселение

Ой-өрісі – кругозор

Ұстамдылық – сдержанность

Тапқырлық – находчивость

Ұрпақ – поколение

Бұршақ – горох

Арнаулы тақта – специальная доска

Жүйрік – быстрый

Қиялдау – фантазировать

Есте сақтау – запомнить

Бағдарлау – ориентировать

Жүріс – ходьба

Шебер – мастер, умелец



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет