Л. О. Жандарбекова Қазақ тілі оқУ Әдістемелік қҰрал қарағанды 2008ж


Кәсіби тіл дамыту сабағы. Ақыл тіс



бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#126127
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кәсіби тіл дамыту сабағы. Ақыл тіс

Ақыл тіс

Ақыл тістің дамуы басқа тістерден ерекше болады. Ақыл тістер 17-25 жас шамасында, астыңғы жақ кальцийленіп қатайған кезде шығады. Кейде ақыл тіске орын аз қалады не мүлдем болмайды, сондықтан ол қатардан шет не мүлде шықпай қалуы мүмкін. 7-тістер артының қызыл иегі мен шырышты қабығы өте қалың болады. Сондықтан ақыл тіс шығуына бөгет болады. Сонымен қоса ақыл тістің кедергімен шығу себебі, оның үлкен, ірі болуынан. Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі – ақыл тістің қисық, көлденең орналасуы, әрине, бұндай тіс қиналып, кешігіп шығады. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе, бірақ өз орнында дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін қызыл иекті кесуге болады. Онда бұл тіс толық жарып шығады, қабыну процесі тоқтайды. Ақыл тіс жарғанда бас не жақ аздап сыздап ауырса, не шырышты қабық қабынып іріңдесе, ондай тісті алып тастап, орнын емдеу керек. Себебі, жедел перикоранарит созылмалы түріне өтеді де, қабыну процесі қоршаған жұмсақ тіндер мен сүйекке жайылады. Перикоранарит – ақыл тістің кешігіп жаруында жиі кездесетін қабыну процесі. Алдымен ақыл тісітң үстіндегі шырышты қабық қызарып ісінеді. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды. Жақ асты лимфа түйіндері үлкейеді. Жұтынғанда, аузын ашқанда ауыру сезімі күшейеді. Сондықтан науқас тез арада дәрігерге көрінуі қажет.

Сөздік

даму – развиваться жайылу - распространяться

ең шеткі – самый крайний лимфа түйіндері – лимфатические узлы

шамасында – приблизительно толық – полностью

қатайған – затверделый шет – край

көлденең – поперек кесіп алу – иссечение

қиналу – мучиться кесу – резать

кешігу – запоздать кальцийлену – кальцийнировать

кедергі – препятствие
1 – тапсырма Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Ақыл тістің шығуы неге басқа тістерден ерекше?

  2. Ақыл тіс қай кезде шығады?

  3. Ол кезде қандай процесс жүреді?

  4. Ақыл тістің шығуына тағы нелер бөгет болады?

  5. Ақыл тісті қай кезде алып тастау керек?

  6. Перикоранарит деген не?

  7. Бұл аурудың қандай белгілері бар?

  8. Егер ақыл тістің шығуы кешіксе, бірақ өз орнында дұрыс тұрса, не істеу керек?



Жазба жұмысы. Ана тілі

Әр халықтың өз ана тілі болады. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі. Ана тілін адамдар кішкентай кезінен әке-шешесінен, әжесі мен атасынан үйренеді. Ер жеткенде халықтан, мектептен, кітаптан, газет пен журналдардан, радио мен теледидардан, кинотеатр мен театрлардан үйренеді.

Қазақ тілі – бай тіл. Ол – қазақ халқының жазуы, кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған тіл. Қазақ халқы ана тілінде дүние жүзіне әйгілі болған «Алпамыс», «Ер Тарғын», сияқты батырлар жырын, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ғашықтық жырларынан шығарған. Халқымыз ертегілерге, мақал-мәтелдерге өте бай. Бұл тілді үйренсең, осыларды өзің оқисың.

Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына жатады. Түркі тілдерінің тобынан тараған халықтар бір-бірін еркін түсіне алады. Сол себепті бұл тілдер өзара туыстас тілдер болып есептеледі. Ал қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері бір-біріне өте жақын - өйткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы – қыпшақ-ноғай тобына жатады.


Тапсырма. Мәтіннен бастауыш пен баяндауышты сұрақ қою арқылы табыңыздар.

Толықтауыш. Абай


Сөйлемде іліктен басқа септік жалғауларының бірінде келіп, басқа мүшелерді толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз.

Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? неден? Кіммен?Немен? деген сұрақтарға жауап береді.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны-терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.



Қандай түнде?Желсіз (анықтауыш). Қандай ай?Жарық (анықтауыш). Қандай сай?Терең (анықтауыш). Қандай (немесе қайткен) өзен? тасыған (анықтауыш).

Мысалы: Жерді трактормен жырттық. Нені жырттық?- Жерді (толықтауыш). Немен жырттық?-Трактормен(толықтауыш).



Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Көшіріп, толықтауыштардың астын сызыңыздар.Оларға сұрақ қойыңыздар.

1.Есікті ептеп ашып, Қазанғап келді.2. Амандаса бергенде Абайға үйдегі кемпір де бұрылып қарады.3. Бір жағы Жақыпты, екінші жағы Жомартты қостайды. 4. Қапшығын алып, балалармен бірге машинаға мінді. 5.Қызметтен, сабақтан тыс уақыттарын екеуі бірге өткізеді.



Абай

(1845-1904)
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі өте қатал адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегілерді, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеп отырған.

Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында Абайды әкесі бұл оқудан қайта шығарып алады.

Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударады. Абай аударған Пушкиннің «Татьянаның әні», Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән де шығарады.

Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз шығармаларының кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Абай өлгеннен кейін – 1909 жылы Петербургте – «Қазақтың ақыны Ыбыраһим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.

Абай шығармалары кеңес дәуірінде көп данамен әлденеше рет жарық көрді. Орыс тіліне, орыс тілінен шетел тілдеріне аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясын осы ақын өміріне арнады. Мұнда ол Абайды кішкентай балалық шағынан үлкен азамат-ақын дәрежесіне жетуін көрсеткен.

Республикамызда көптеген мектептер және көшелер Абай есімімен аталады. Абай атында қала, аудан бар.

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, композиторы және жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Сөздік

мінезі жұмсақ-мягкого характера


тілге бай-красноречивый

діни-религиозный


тырысу-стараться

негізін қалаушы-основоположник

жазба-письменная

арнау-посвятить

көрсету-показывать

дүние жүзі-весь мир

дана-тираж

жарық көрді-вышел в свет





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет