Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Ес (мнемикалық) үдерістері -



Pdf көрінісі
бет28/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97
Психология негіздері

5. Ес (мнемикалық) үдерістері - өткенде қабылданған материалды 
санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге 
жұретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: 
ес түрлері (бейнелі, қисынды, дыбысты, көңіл-күй есі), ес жүйелері
(сезімдік, қысқа мерзімді, нақты іс-әрекеттік, ұзақ мерзімді) және ес
типтері (естің бағдарлануына, оның кейбір түрлерінің беріктігімен, 
есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне байланысты 
жекеленген – типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес 
– ажыралады.
Реттеуші психикалық үдерістер қатарына еріктік және көңіл-күй 
үдерістері еніп, саналы әрекет-қылық пен кенеттен болатын бейберекет 
(спонтанно-импульсивные) мінез-құлық қимыл-әрекеттерін қамтамасыз 
етеді.
6. Ерік – жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің 
өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік 
қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып 
жатады. Қарапайым әрекет – бұл мақсатәрекетнәтиже бағасы 


30
араларындағы байланыстан белгілі болады, ал күрделі ерік әрекетінің 
құрылымы өзгеше: қажеттік – ықтимал мақсат – сеп-түрткілер күресі 
шешім қабылдауорындау әрекеттері жүйесі – оларды бағалау 
және түзету – қорытынды әрекеттер – ақырғы нәтижелердің жинақты 
бағасы.
Ерік мәні қажетті нәтижеге жету жолындағы табандылықтан 
көрінеді.
7. Көңіл шарпулары (эмоции) –сыртқы ықпалдардың қажеттілік 
мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы 
бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу 
беруші психикалық үдерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет