Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет59/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


101 
 
4-дәріс. Электрлік түйістіре пісіру (ТПМП нов) 
Қысыммен пісіру – байланысатын беттердің бірлескен илемді деформациясы жолымен 
қол жеткізілетін дайындамалар қосылысы. Илемді деформация сыртқы күштің түсуі есебінен 
жүзеге асырылады. Әдетте қосу аймағындағы материалды оның илемділігін арттыру 
мақсатында қыздырады. Деформация процесінде тегіс еместіктер жаншылады және оксидті 
қабықшалар бұзылады, оның нәтижесінде дайындамалар арасында тығыз байланыс қамтамасыз 
етіледі. Электр энергиясын қолдану арқылы қысыммен пісірудің ең көп таралған тәсілдерінің 
бірі электрлік түйістіре пісіру болып табылады.
Электрлік түйістіре пісіру – тетіктердің электр тогымен түйіскен жерін металл 
атомдарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін қысу күшімен илемді деформациялауды 
қолдану арқылы илемді немесе сұйық күйге дейін қыздыру кезінде жүзеге асырылатын, металл 
тетіктерді қосу процесі. 
Электрлік түйістіре пісіру – пісірудің жоғары өнімді тәсілдерінің бірі. Ол 
механикаландыруға, автоматтандыруға оңай беріледі және машинажасауда, құрылыста және 
басқа салаларда кеңінен қолданылады. Түйістіре пісірудің барлық түрлерінде металл пісірілетін 
тетіктер бойымен электртогы өткенде жылу бөлінуі есебінен қыздырылады. 
Бөлінетін жылу мөлшері Q Джоуль-Ленц заңымен анықталады: 
Q = 0,24I
2
Rt, 
мұнда I – пісіру тогы, А; R – тізбектің жеке бөліктері кедергілерінің сомасы, Ом; t – 
токтың жүру уақыты, с. 
Түйістіре пісірудің ерекшелігі кернеу 0,3…10 В болғанда күші үлкен (кейде 100000 А 
дейін) пісіру тогының қысқа мерзімді (секунд үлестері) импульстерін қолдану болып табылады. 
Пісірудің мұндай режимі процестің өнімділігін арттырады, электр энергиясын үнемдейді, 
түйісетін беттердің тотығу мүмкіндігін төмендетеді, термиялық әсер ету аймағын азайтады, 
жылу бөлу және жылуды бұрып әкету процесін, яғни пісірме қосылыстың қалыптасу 
процестерін басқаруға мүмкіндік береді. 
Орындалатын қосылыстардың пішін бойынша түйістіре пісірудің үш негізгі түрін 
ажыратады: түйістіріп, нүктелік және жікті (аунақшалы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет