Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет60/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Түйістіріп пісіру 
 
Түйістіріп пісіруді кедергімен пісіруге және балқытумен пісіруге бөледі. Кедергімен 
түйістіріп пісіру кезінде (3.23-сурет) тетіктерді сенімді бекітеді, сонан соң жанасқанға дейін 
келтіріп, токты қосады.
Жанасқан жерінде илемді күйге дейін қыздыру есебінен тетіктер өзара жақындайды, 
нәтижесінде оларды пісіру процесі жүреді. Бұл тәсіл шағын қималы – әдетте 250 мм
2
дейінгі 
болаттан, мыстан және жезден жасалған бұйымдарды (сым, шыбықтар, диаметрі кіші қалың 
қабырғалы құбырлар және т.б.) пісіру үшін пайдаланылуы мүмкін. 
Балқытумен пісіру аса көп қолданылады. Бұл тәсілмен шағын қималы тетіктерді де 
(шеңбер, квадрат), периметрі дамыған тетіктерді де (әртүрлі пішіндер, жұқа қабырғалы 
құбырлар, жұқа және кең қаңылтырлар) қосуға болады. Пісірудің бұл тәсілі пісірілетін 
бұйымдардың жиектерін мұқият дайындауды талап етпейді.
Токты қосқан соң тетікті жанасуға дейін келтіреді, нәтижесінде олардың түйіскен 
жерінде ток тығыздығы жоғары болғанда балқыту жүреді. Тетіктер келесі жақындағанда 
түйістің барлығы балқиды. Түйіске жанасатын металл илемді күйге дейін қызады, сонан соң 
оның шөгуі жүзеге асырылады. Шөгу процесінде түйіскен жерден сұйық металл сығылады
онымен бірге оксидтер және ластану жойылады.
Оксидтердің толық жойылуы нәтижесінде түзілген пісіру жігінің сапасы бойынша 
тұрақты нәтижелер алуға болады. Түйістіріп пісіру үшін қолданылатын пісірілетін тетіктер 
тиімді конструкциялануы тиіс. Бірдей қыздыруды қамтамасыз ету үшін олардың пішіні және 
түйіс жанындағы қиманың өлшемдері шамамен бірдей болуы тиіс. Диаметрі бойынша рұқсат 
етілетін айырмашылық 15 %, қалыңдығы бойынша –10 %.
Балқытумен пісірудің екі түрін ажыратады: үздіксіз балқытумен және қыздырып 


102 
балқытумен. Соңғы түрін жылдам шынығуға қабілетті болат үшін қолданады. Мұндай болатты 
алдын ала қыздыру олардың біркелкі қыздырылуына және салқындау жылдамдығының 
қандайда бір төмендеуіне мүмкіндік туғызады (30ХГСА типті болат, аспаптық болат және т.б. 
үшін). 
 
 
1 – түйістіру плитасы; 2 – пісірілетін тетіктер; 3 – орнақ; 4 – трансформатор;
5 – электродтар 
3.23-сурет – Кедергімен түйістіріп пісіру сұлбасы 
 
Түсті металдар қорытпаларынан жасалған тетіктерді түйістіріп пісіру кезінде негізінде 
кедергімен пісіруді қолданады және де ток тығыздығын болатты пісіру кезінде қолданылатын 
ток тығыздығынан бірнеше есе артық етіп таңдайды. Түйістіру машиналарының қуатын 
пісірілетін тетіктер қимасының 0,12…0,15 кВА/мм

есебінен таңдайды. Контуры тұйықталған 
бұйымдарды пісіргенде қуатты екі есе ұлғайтады. Пісіру тогының кернеуі – 5…15 В, ал 
тұндыру кезіндегі қысым 15…50 МПа-ға тең. Бұйымдардың қуатына, тағайындалуына және 
шығарылу бағдарламасына байланысты қолмен және автоматтық түйістіру машиналары 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет