95
3-дәріс. Қорғаныш газдар ортасындағы пісіру
Қолмен және автоматтық пісіру кезінде металды ауа оттегі мен азотының әсерінен қорғау
үшін флюс қабатының астында пісірумен қатар пісіру ваннасын қоршаған ортамен
байланыстан газбен қорғайтын пісіруді қолданады. Өнеркәсіпте аргон-доғалы пісіру және
көмір қышқыл газы атмосферасында пісіру аса көп қолданылады. Осы тәсілдермен пісіру
айнымалы және тұрақты ток қолданып балқитын және балқымайтын электродтармен жүргізілуі
мүмкін.
Онда вольфрамды электрод
3 орналасқан, арнайы
шілтер арқылы балқымайтын
электродпен
аргон-доғалы пісіру (5.23-сурет) кезінде, мүштік
4 арқылы қорғаныш қабықшаны
5
құратын бейтарап газ – аргонды (немесе гелийді) өткізеді. Электр доғасы
6 электрод пен
пісірілетін бұйымның
1 арасында қозады. Бұйым жиектерін бөлшектеуді толтыру үшін пісіру
аймағына химиялық құрамы бұйым металының химиялық құрамына жақын қоспа шыбығын
2
енгізеді.
1 – бұйым;
2 – қоспа шыбық;
3 – вольфрамды электрод;
4 – мүштік;
5 – қорғаныш қабықша;
6 – электр доғасы;
7 – пісіру ваннасы
5.23-сурет – Аргон-доғалы пісіру сұлбасы
Қоспа шыбығын балқыту нәтижесінде пісіру ваннасы
7 түзіледі. Аргон-доғалы пісіру үшін
диаметрі 2…6 мм электродтарды қолданады. Аргон шілтерге 0,03…0,05 МПа қысыммен
беріледі. Инерттік газдарда балқымайтын электродпен пісіру қолмен,
жартылай автоматтық
және автоматтық болуы мүмкін. Айнымалы токпен пісіру кезінде – диаметрі 0,5…8 мм таза
вольфрамнан жасалған шыбықтарды, ал тура полярлы тұрақты токпен пісіру үшін құрамында
1,5 %-ға дейін лантан бар ВЛ-15 маркалы вольфрамнан жасалған диаметрі 1…7,5 мм
шыбықтарды қолданады. Лантанды қосудың арқасында электродтың эмиссиялық қабілеті және
доғаның жану тұрақтылығы жоғарылайды.
Балқымайтын электродпен пісіру технологиясында токтың өте үлкен мәні бар. Тура
полярлы тұрақты токпен пісіру процестің үлкен тұрақтылығымен және пісірме жіктің жақсы
қалыптасуымен ерекшеленеді. Алюминий мен магний негізіндегі қорытпаларды пісіру кезінде
айнымалы токты пайдалану ұсынылады, өйткені бұйым катод болып табылатын жарты
кезеңдерде оксидтердің қиын балқитын қабығы бұзылады және оның катодтық тозаңдануы
нәтижесінде пісірілетін бұйымның беті тазарады. Инертті газдарда балқымайтын электродпен
пісіруді пісірілетін бұйым металы жиектерінің балқытылуы есебінен қоспамен және қоспасыз
жүргізуге болады.
Инертті газдарда
балқитын электродпен пісіруді отандық
бұйымдарды жоғары
қоспаланған болаттан, алюминийден, магнийден және ауа оттегімен және азотымен белсенді
өзара әрекеттесетін басқа металдар мен қорытпалардан жауапты бұйымдарды жасау үшін қол-
данады. Бұл тәсілмен қалыңдығы 4…5 мм-ге дейінгі жұқа электродтық сымды пайдаланып,
жиектерінің қия кесігі жоқ бұйымдарды пісіруге болады. Қалыңдығы үлкен бұйымдар үшін
96
бөлшектеу бұрышы 30…50
о
жиектерін V тәрізді дайындауды қолдану ұсынылады. Пісіру
процесінде электродтың шілтер шүмегінен барынша аз шығуын қадағалау қажет,
бұл оның
қорғалуын жақсартады және процестің тұрақтылығын жоғарылатады. Алайда шығудың
шамадан тыс азаюы пісіру ваннасын қадағалауды қиындатады және шілтер шүмегінің металл
шашырандыларымен ластануын тудырады.
Инертті газдарда балқитын электродпен пісіруді электродтық сымды берудің тұрақты
жылдамдығымен автоматтарда және жартылай автоматтарда орындайды. Сонымен бірге бұйым
металының құрамына жақын химиялық құрамы бар диаметрі 0,5…2 мм жұқа сымды
пайдаланады. Доғаны қоректендіру үшін қатты немесе үдемелі сыртқы сипаттамасы және кері
полярлығы бар тұрақты ток көздерін қолданады, бұл доғаның жану тұрақтылығын арттырады
және металдың шашырауын азайтады. Бұл тогының жылдамдығы жоғары доғаның вольт-
амперлік сипаттамасының электродта
III облысында (5.3-суретті қараңыз) орналасуымен және
үдемелі сипатты болуымен қамтамасыз етілген. Инертті газдар ортасында балқитын
электродпен доғалы пісіру режимін әдетте пісірме қосылыстың типіне,
металдың қалыңдығы
мен маркасына байланысты белгілейді.
Көмір қышқыл газы ортасында доғалы пісіру инертті газдар ортасында пісіруге ұқсас.
Мұнда төмен көміртекті, төмен қоспаланған және кейбір жоғары қоспаланған болатты жасауға
арналған қорғаныш газ ретінде арзан және тапшы емес көмір қышқыл газын пайдаланады. Доға
бұйым мен арнайы газ-электр шілтері арқылы берілетін электродтық сымның арасында
жанады, шілтерге баллоннан алдын ала құрғатқыш арқылы өткен көмір қышқыл газы түседі.
Кеуектілікті жою үшін балқытып қаптастырылатын металда кері полярлы тұрақты токпен
пісіреді. Сонымен бірге жоғары өнімділікке (сағатына 80 кг дейін) көмір қышқыл газы орташа
есеппен минутына 8…20 л жұмсалғанда қол жеткізіледі.
Көмір қышқыл газы ортасында пісіру кезінде металл қарқынды тотығады, өйткені газ
металдарға қатысты 1000
о
С жоғары температурада күшті тотықтырғыш болады. Әдетте көмір
қышқыл газының тотықтыру әрекеті металды қышқылсыздандыру үшін қажетті марганец пен
кремнийдің құрамы жоғары болатын төмен көміртекті пісірме сымды (Св. 08Г2С) қолданудың
арқасында бейтараптанады.
Көмір қышқыл газы ортасында пісіруді арнайы постыларда орнатылған автоматтар мен
жартылай автоматтарда орындайды (5.24-сурет).
Балқитын, ал кейде балқымайтын (көмір,
графит) электродтарды пайдалану арқылы пісіреді. Балқитын электрод ретінде басым көпші-
лігінде диаметрі 0,5…3 мм пісірме сымды пайдаланады.
Көмір қышқыл газы ортасында пісірудің технологиялық режимінің параметрлерін
бұйымның қалыңдығына және жіктің кеңістікте орналасуын есепке алғанда пісірілетін
болаттың маркасына байланысты таңдайды. Әдетте пісіру кері полярлықта жүргізіледі. Қалың-
дығы кіші бұйымдардың пісірме жіктерін пісіруді – мыс төсемдерде, ал айқасатын жіктерді
төсемсіз орындаған жақсы. Осы және басқа жағдайларда пісіруге арналған бұйымды құрастыру
сапасының елеулі маңызы болады. Қалың металдан жасалған бұйымдарды диаметрі 1,6 және 2
мм электродтық сыммен пісіру ұсынылады.
Сонымен бірге шала пісірілім тереңдігі 6…7 мм-ге дейін жететін жіктің қанағаттанарлық
құрылуына қол жеткізіледі, бұл қалыңдығы 10…12 мм-ге дейінгі бұйымдарда жиектерінің қия
кесігі жоқ айқасатын екі жақты пісіруге мүмкіндік береді. Қалыңдығы үлкен бұйымдарды
пісіру үшін жиектерді бөлшектеу ұсынылады. Пісірме жіктерді автоматтық пісіруді – электрод
вертикаль
орналасқанда, ал таврлы қосылыстардың бұрыштық жіктерін электрод 25…30
о
бұрышпен вертикаль қабырғаға көлбеулеткенде жүргізеді. Жиектері бөлшектенген пісірме
жіктерді пісіруді көлденең ауытқусыз, сонымен бірге ерекше жағдайларда электродтың
көлденең ауытқуымен орындайды.
Жіктерді төменде орналасқанда жартылай автоматтық пісіруді электродты 5…15
о
шамаға
алға қарай немесе вертикальға қатысты артқа қарай көлбеулетіп жүргізеді. Жұқа қаңылтырдан
жасалған бұйымдарды пісіргенде электрод көлденең ауытқу жасамайды. Жіктерді вертикаль
қалыпта пісіру жоғарыдан төмен жүргізіледі. Көмір қышқыл газы ортасында орындалатын
жіктер қолмен доғалы және флюстің астында автоматтық пісірумен орындалған жіктермен
салыстырғанда қуыстар мен жарықшақтардың түзілуіне жоғары бейімді болады.
Көмір қышқыл газы ортасында ұнтақты сыммен пісіру көміртекті және қоспаланған
97
болаттан жасалған бұйымдарды қосуға мүмкіндік береді. Онда ұнтақ тәрізді компоненттердің
бар болуы қождың түзілуі және металдың пісіру ваннасынан шашырауының азаюы есебінен
жіктің сыртқы түрін жақсартуға әкеледі, сонымен бірге жоғары режимдерде пісіруге болады.
Пісіру ваннасын қорғау сенімділігі, ал осыдан, және пісірудің көптеген
тәсілдерінде пісірме
жіктің сапасы оны жүргізу шарттарымен анықталады. Әдетте цехта пісіру ваннасын тұрақты
қорғау қамтамасыз етіледі, сонымен бірге ашық ауада жинақтау жұмыстарында газдан қорғау
қоршаған ауа ағындарымен бұзылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: