98
шлак ваннасы пайда болған соң пісіру сымдары балқыған шлак ішіне батырылады және доға
жануы тоқтайды. Дегенмен, ток балқыған шлак арқылы өтуін жалғастырады, ал одан бөлінетін
жылу флюстың, бұйымдардың пісірілетін жиектерін, қосымша
металды әрі қарай балқуына
жұмсалады, суыну нәтижесінде пісіру жігі 7 қалыптасады
Пісірудің бұл тәсілі ауыр машинажасауда пісіріп-құю және пісіріп-соғу
конструкцияларын
жасағанда, жоғарғы қысымда істейтін қалың қабырғалы қазандар
өндірісінде және басқаларда кең қолданыс табады.
Плазмалы пісіру
Алғаш рет қысылған доға алюминий қорытпаларын,
коррозияға төзімді болаттарды,
қиын балқитын металдарды кесу үшін табыспен пайдаланылған болатын. Жылудың жаңа көзі,
сондай-ақ, тозаңдату және балқытып қаптастыру, пісіру үшін өте тиімді болып шықты.
Плазмалы пісіру кезінде шілтерге (3.16-сурет) плазма түзуші газ (аргон немесе аргонның
гелиймен, көмірқышқыл газымен және т.б. қоспасы) және қорғаныш газ беріледі. Біріншісі
вольфрамды
электродты айнала ағып, ішкі шүмектің тесігі арқылы шығады, екіншісі сыртқы
шүмекке беріледі және пісіру ваннасын қорғайды. Қорғаныш газ ретінде аргон пайдаланылады.
Доғаның қуатын арттыру үшін оған, сондай-ақ, басқа газдар (гелий, көмірқышқыл газы, азот)
қосылуы мүмкін.
Қазіргі уақытта қалыңдығы 0,1-0,5 мм тетіктерді пісіруге мүмкіндік беретін,
микроплазмалы пісіру (қолмен және автоматтық) аса кең қолданылады.
1 – пісірудің қоректендіру көзі; 2 – жоғары жиілікті генератор; 3 – вольфрамды
электрод; 4 –
плазма түзуші газ; 5 – салқындатқыш су; 6 – қорғаныш газ;
7 – қорғаныш газ шүмегі; 8 – доға құрайтын шүмек; 9 – доға; 10 – бұйым
3.16-сурет – Плазмалы доғамен пісіру сұлбасы
Достарыңызбен бөлісу: