103
1 – пісірілетін тетіктер;
2 – электродтар;
3 – трансформатор;
4 – илемді күй аймағы;
5 – ядро
3.24-сурет – Нүктелік пісіру сұлбасы
Тетіктердің жанасу нүктелерінде ток тығыздығын арттыру үшін төменгі тетікті мыс
төсемге
3 қысады, ол бір мезгілде тірек ролін орындайды.
1 – пісірілетін тетіктер;
2 – электродтар;
3 – төсем
3.25-сурет – Екі (
а)
және бір жақты
(
б) нүктелік пісіру сұлбасы
Жаппай өндірісте өнімділікті жоғарылату үшін
көп нүктелік пісіруді қолданады.
Бұдырлы пісіру – нүктелік пісіру түрлерінің бірі. Бұдырлы пісіруді алу үшін
тетіктердің
біреуінің бетінде алдын ала шығыңқылық – бұдыр құрайды, ол тетіктер жанасуының бастапқы
ауданын шектейді, оның нәтижесінде пісіру кезінде бұл аймақта
ток тығыздығы және жылу
бөліну жылдамдығы артады.
Қыздырғанда тетіктің
бедері біртіндеп деформацияланады және кәдімгі нүктелік пісіру
кезіндегідей, пісірудің белгілі сатысында қосылыс түзіледі. Көбінесе тетіктің бетінде бірнеше
бұдырды немесе тұйықталған пішінді (мысалы, сақина түрінде)
созылған шығыңқылықты
орындайды, оның нәтижесінде пісіру тогынан өткен соң бір мезгілде бірнеше нүктені немесе
үздіксіз тығыз жікті (
контурлық бедерлі пісіру) алады.
Достарыңызбен бөлісу: