Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет65/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Титанды болатпен пісіру. Титан бірнеше металдармен (цирконий, гафний, ниобий, 
тантал, ванадий), олардың өзара шексіз ерігіштігіне байланысты жақсы пісіріледі. Титан 
темірмен ерігіштігі шектеулі және β-фазасы эвтектоидты ыдырайтын жүйе құрайды.
Титанның темірде шекті ерітілуі 1200°С температурада 12% тең, 1100°С – 8,5 %, 1000°С – 
7,5 %, 900°С – 5 %, 300°С – 4 % және 500°С – 2,5 % тең. Темірдің α-титанда ерітілуі 615°С 
температурада 0,5 % аспайды, 20°С температурада 0,05-0,1 % шегінде болады. 
Осыған сәйкес күй диаграммаларын титан никельмен және басқа да болаттың қоспалау 
элементтерімен құрайды. Осыған орай титанды болатпен пісіру кезінде технологиялық тәсіл 
қолданылады, бұл тәсілде пісірілетін металдар арасында жоғары температуралар облысында 
әрекеттесу кезінде мортты фазалар түземейтін басқа металдардан аралық төсем (немесе 
кірмелер) орналастырылады. Мұндай аралық төсемдер бір металдан болады, не бірнеше металл 
жиынтығы, не арнайы қорытпалар түрінде ұсынылады. Титанның газдармен әрекеттесуде 
жоғары белсенділігіне байланысты оның қысыммен пісіріліп болатпен біріктірілуі қорғаушы 
орталарда, инертті газдарда, сұйық орталарда немесе вакуумда жүзеге асырылады.
Қаңылтыр титан мен болаттың түйістіре және ультрадыбыстық пісірілуі алюминий, 
күміс, никель, молибден, ванадий, ниобий аралық төсемдері қолданылып жүзеге асырылады. 
Титан мен болат беттерінің балқытылуы байқалмайтын пісіру режимдерін таңдау қажет. Күміс 
қабаты арқылы ультрадыбыстық пісіру кезінде, ал ниобий қабаты арқылы түйістіре пісіру 
кезінде жақсы нәтижелер алынды.
 
Металды газ-оттегімен кесу
Берілген кесу тәсілі қыздырылған металды таза оттегі ағысында жағумен шектеледі. 
Кесуді екі түрге бөледі: бөлгіш және беттік. Бөлгіш кесу кезінде металл қаңылтырдан одан әрі 
өңдеуге арналған дайындама ойып алынады. Бөлгіш кесу қолмен белгі бойынша жүзеге 
асырылуы мүмкін. Сериялық өндірісте шаблондар бойынша стационар машиналарды 
пайдалану арқылы кесу қолданылады. Беттік кесу кезінде бұйым бетінен артық металл 
жойылады. 
Кесу процесін жүзеге асыру үшін келесі шарттар керек. Металды балқыту температура-
сы оттегі атмосферасында оның жану температурасынан артық болуы керек. Қарсы жағдайда 
металл балқиды және кесуге дейін сұйық күйге ауысады. Қожды балқыту температурасы 
металдың оттегі атмосферасында жану температурасынан аз болуы керек (қождың бөлінуі 


107 
сұйық ағымды күйде болуы керек). кесу кезінде бөлінетін жылу мөлшері процестің үздіксіздігін 
қолдау үшін жеткілікті болуы керек.
Металдың жылу өткізгіштігі тым жоғары болмауы керек және кесік жиегінің бетінде 
жылудың сақталуына ықпал етуі тиіс. Осы жағдайды төмен көміртекті және төмен қоспаланған 
болат анағұрлым толық қанағаттандырады. 
Болатта 0,4…0,5% көміртегі мөлшері болған кезде кесу қиындайды, көміртегі мөлшері ≥ 
1,2% болғанда кесу мүмкін емес. Болатта марганец мөлшері 4…10% кезінде кесу қиындайды; 
марганец мөлшері ≥ 14% болғанда кесу мүмкін емес. 
Газбен кескіш газ оттығынан қосымша оттегі вентилінің болуымен ерекшеленеді. Кесу 
процесі екі кезеңмен жүзеге асырылады. Біріншісі – кесу аймағын металдың оттегіде жану 
температурасына дейін қыздыру (ұшқынның көп санының пайда болуымен сипатталады); 
екіншісі – жеке кесу (негізгі магистральдан ацетилен мен оттегі ажыратылады). Қосымша вен-
тильмен оттегі қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет