Металды доғалы кесу
Металды электродпен доғалы кесу. Бұл кесу тәсілінде металл кесік жерінде электрлік
доғамен балқытылады. Кесу кезінде максимум мүмкін ток күші алынады. Әдетте металды
электродпен кесу кезінде ток күші осындай диаметрлі электродтармен пісіру кезіндегісінен 20-
30% жоғары болады. Металды электродпен қалыпты оттекпен кесуге келмейтін шойынды, тот
баспайтын болатты, түсті металдарды кесуге болады.
Доғалы кесуде кесу процесінің жақсартылуына мүмкіндік туғызатын арнайы электродты
қаптамалары бар электродтар қолданылады. Кесуге арналған металды электродтар диаметрі 3-
12 мм және ұзындығы 250-300 мм артық емес Св-08 немесе Св-08А маркалы сымнан
дайындалады.
Электродты өзектерге келесі құрамды қаптамалар жағылады (%):
Марганец кені
98
Сақар
2
Марганец кені
94
Мәрмәр
3
Каолин
3
Қаптама қабатының қалыңдығы бір жағына 1-1,5 мм.
Металды электродпен айнымалы және тұрақты токта кесуге болады.
Бұл кесу тәсілінің негізгі кемшіліктері — төмен өнімділігі және кесіктің нашар сапасы.
Кесік үлкен тегіс еместіктермен және кері жағынан металдың ағып қатуымен алынады.
Көмір электродымен доғалы кесу. Берілген кесу тәсілінде металдың бөлінуіне оны бөлу
сызығы бойымен балқыту жолымен қол жеткізіледі. Тәсіл шойынды және түсті металдарды
кесуде қолданылады. Егер дәл өлшемдер қамтамасыз етілуі қажет болмаса, ал кесік ені мен
сапасының мәні болмаса, болат осы тәсілмен кесіледі.
Бұл тәсілмен кесу жоғарыдан төменге қарай орындалады, және де балқытылатын беттің
көлденең жазықтыққа тиісті кейбір көлбеу бұрышы сақталуы керек. Бұл металдың ағып
шығуын жеңілдету үшін қажет. Кесу айнымалы немесе тұрақты токта жүргізіледі.
5.11-кестеде болатты көмір электродымен кесу режимінің мысалы берілген.
5.11-кесте – Болатты көмір электродымен кесу режимдері
Кесілетін болаттың
қалыңдығы, мм
Электрод диаметрі,
мм
Кесу режимдері
Ток күші, А
Жылдамдық, м/с
6
10
16
10
10
10
400
400
400
21
18
10,5
Достарыңызбен бөлісу: |