106
ферритті жұқа қабаттар шойынға жақындаған сайын жұқара береді,
осыдан кейін графит
тілімшелері пайда болады және құрылым бірте-бірте шойын сипатына ие болады. Ағарту
аймағы мүлдем жоқ болады. СЧ15 шойынын пісіру кезінде 850°С астам температурада
шойынның графиттенуі және қосымша ферриттің түзілуі орын алады. ЧНМХ шойынын көр-
сетілген режимде пісіру кезінде графитті кірмелер сипаты өзгеріссіз қалады.
Болатты мыспен және оның қорытпаларымен пісіру. Буландырғыш, эжектор,
домна
пештері және конвертерлер қалыптары, кристаллизатор, химиялық аппаратура,
электр
вакуумды аспаптар дайындауда және басқа да көптеген жағдайларда түрлі класты болатты
мыспен және оның қорытпалары – жезбен, қоламен қосу қажеттілігі туындайды.
Темір-мыс бинарлы жүйесінің күй диаграммасы бойынша темір және мыс барлық
қатынастарда балқытылады. Сонымен бірге 850 °С-де мыстың максимум ерітілуі 6-темірде 6,5
%, γ-темірде 8 %, α-темірде 1,4 % құрайды. Мыс өзінде темірді келесі мөлшерде ерітеді: 1094°С
температурада 4 %; 650°С температурада 0,2%. Осы екі металдың өзара әрекетінің
ерекшеліктерін қарастырайық. Мысты 12Х18Н9Т аустенитті
болатқа балқытып қаптастыру
және оларды пісіру кезінде мыстың болатқа енуі байқалады. Болатта ферритті фазаның болуы
оған мыстың енуін азайтады, ал аустенитті-ферритті болатта ферриттің 30 %
астам мөлшері –
толығымен жояды. 12Х18Н9Т болатын 800 °С температураға дейін алдын ала қыздыру
ферритті фазаның бөлінуін туындатады. Бұл жерде мыстың енуі төмендейді.
Мыс қорытпасының жоғары берікті болатқа 1,2 мм тереңдікке енуі созу кезіндегі
статикалық және циклдік беріктікке, металл емес үлгілердің
статикалық және соққы иілісіне,
сонымен қатар балқытып қаптастырылған металдың болатпен ілінісу беріктігіне әсер етпейтін-
дігі анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: