Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет63/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Конденсаторлық пісіру 
 
Түйістіріп пісіру қысқа мерзімді қуатты пісіру сәтінде тұтынуға негізделген, бұл 
қоректендіретін электр желісі үшін елеулі қиындықтар тудырады. Желі үшін аса қолайлы 
жұмыс жағдайларын тудыруға ұмтылу шоғырланған энергиямен пісіруге әкелді, оның 
түрлерінің бірі конденсаторлық пісіру болып табылады. Конденсаторлық пісіру (3.27-сурет) – 
нүктелік немесе жікпен пісіру түрлерінің бірі, бұл кезде электр энергиясы конденсаторлар 
батареясында жинақталады, сонан соң не конденсаторлар пісірілетін элементтерге (3.27-сурет, 
а), не пісіру трансформаторының бірінші реттік орамасына (3.27-сурет, б) тікелей 
разрядталады. Бірінші тәсіл – сымды және жұқа өзектерді пісіру, ал екінші тәсіл нүктелік және 
жікпен пісіру үшін қолданылады. 


105 
 
 
а – элементтерге разряд; б – трансформатордың бірінші реттік орамасына разряд; 
ЗТ – зарядтық трансформатор; П – ауыстырып қосқыш; С – конденсатор; СТ – пісіру 
трансформаторы; Э – электродтар; И – қосылатын бұйымдар; В – түзеткіш 
3.27-сурет – Конденсаторлық пісіру сұлбалары 
Конденсаторлық пісіру кезінде пісіру тогының импульсі өте қысқа – миллисекундтың 
жүздеген үлестері. Импульс уақытында бөлінген жылу оның жылу беру процесінде едәуір 
тереңдікке бөлініп үлгермейді. Сондықтан конденсаторлық машиналарда тек жұқа мате-
риалдарды (2 мм-ге дейін) пісіру мақсатқа сәйкес болады. Мұндай машиналарда массивті 
бұйымға жұқа материалды пісіру оңай болады. Қалыңдығы 0,1 мм-ден кем бұйымдарды пісіру 
үшін конденсаторлық пісіруді ауыстыруға болмайды. Пісірудің қысқа мерзімділігі бұйымды 
қыздыруды, оның деформациясын және термиялық әсер ету аймағының енін минимумға 
келтіреді. Сондықтан ол көптеген материалдан – алюминийден, мыстан, никельден және 
олардың негізіндегі қорытпалардан, әртүрлі болаттан, вольфрамнан, молибденнен және т.б. 
жасалған тетіктерді қосу үшін қолданылады. 
Энергияның конденсаторларда біршама ұзақ жинақталуы машинаның белгіленген 
қуатын күрт төмендетуге мүмкіндік береді. Пісірілетін металдың қалыңдығы 1 мм-ге дейін 
болғанда, кәдімгі нүктелікке қарағанда, конденсаторлық машинаның белгіленген қуаты 50-1000 
есе кем және 0,5…0,7 кВА құрауы мүмкін. Пісірілетін материал қалыңдығының ұлғаюымен 
конденсаторлық және кәдімгі машинада пісіру аса сенімді болады. Әдетте қалыңдығы 2 мм-ден 
артық материал үшін конденсаторлық пісіруді қолдану ұтымды емес. Конденсаторлық пісірудің 
электрлік режимін энергияны, амплитуданы және импульстің ұзақтығын өзгертумен кең 
аралықта реттеуге оңай болады. Импульс энергиясын қосылған конденсаторлар санын және 
пісіру трансформаторының сатыларын ауыстырып қосумен өзгертеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет