110
1 – қаптама; 2 – бұранда; 3 – цангалы
қыспақ; 4 – вольфрамды
электрод;
5 – газды беру түтігі; 6-мүштік
1 – қалқан; 2 – тірек ролик; 3 – мүштік; 4 –
бастиек; 5 – тұтқа; 6 – сутекті берудің рычагты
клапаны; 7 – сутекті келтіру штуцері; 8 – суды
беру және кетіру шлангтары; 9 – аргонды
келтіру штуцері; 10 – аргон вентилі
5.41-сурет – Плазмалы кескіш сұлбасы
Плазмамен доғалы кесудің мәні, артынан жоғары жылдамдықты газ ағынының көмегімен
кесік аймағынан балқытылған металл жойылып, беттің өте кішкентай
бөлігінде шектелген
қуатты доғалы разрядпен металдың толық балқытылуында.
КЕСКІШ БАСТИЕГІ
ПЛАЗМАЛЫ КЕСКІШ (ПЛАЗМОТРОН)
Плазмамен кесу қысылған доға көмегімен орындалады, бұл доға
плазма түзейтін газ доғасы жанатын шүмек арқылы үрлеу
жолымен
алынады.
Мұндай
қысу
нәтижесінде
доға
температурасы айтарлықтай жоғарылайды және оның көмегімен
қалындығы үлкен кез келген материалдарды кесуге болады
су
су
111
1 - дәріс. Металдарды кесу және металл кескіш станоктар туралы жалпы мәліметтер
Машиналар мен механизмдердің барлығы дерлік тетіктері
тек кесумен механикалық
өңдеуден кейін ғана сызбамен берілген түпкілікті пішіндер мен өлшемдерді иеленеді.
Өңдегенге дейін болашақ тетік дайындама деп аталады. Өңдеу процесінде одан өңдеуге әдіп
және кенерме деп аталатын артық металды жою қажет. Конструкциялық материалдарды
кесумен өңдеу металл кескіш станоктарды құралмен механикалық
өңдеуге әдіптен алу
жолымен дайындаманың пішіндері мен өлшемдерін өзгертуге және алынатын тетік бетінің
берілген дәлдігі мен кедір-бұдырлығын қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттердің
жиынтығын білдіреді.
Алынатын тетіктер
бетінің пішініне және сапасына, оларға қойылатын талаптарға
байланысты дайындамаларды өңдеуді әр түрлі механикалық тәсілдермен: жонумен,
жонғылаумен, сүргілеумен, бұрғылаумен,
тарта жонумен, ажарлаумен және т.б. жүргізуге
болады. Өңдеу тәсілдерінің әрқайсысы сәйкес жабдықта жүзеге асырылады және өзінің
қолданылу саласы болады. Жоғары өнімді станоктарды, құрылғылар
мен жылдам кесетін
материалдардан жасалған қазіргі заманғы кескіш құралдарды пайдалану жолымен
дайындамаларды өңдеу технологиясы кеңінен қолданыс тапты. Бұл өндірістің өнімділігін
едәуір жақсартуға, оларды механикалық өңдеудің өзіндік құнын бір мезгілде төмендету кезінде
тетіктердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Материалдарды кесумен өңдеу процесінде жүретін
заңдылықтарды зерделеу, кескіш
құралдар конструкцияларын, құрылғылар мен металл
кескіш станоктарды жетілдіру, әсіресе
кесу процестерін ұтымды басқару үшін де, қазіргі заманғы машиналар үшін тетіктерді
өндірудің аса жетілген технологиялық процестерін әзірлеу және ендіру үшін де маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: