Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағат Барлығы: 90 сағат


Лекция 2. Тақырыбы: Тарихнама-тарих ғылымдарының тарихы



бет3/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.09 Mb.
#9928
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Лекция 2.

Тақырыбы: Тарихнама-тарих ғылымдарының тарихы

Жоспары:

  1. Қазақстан тарихнамасының методологиялық принциптері.

  2. Проблемалық тарихнама, ғылымның кезеңділік және бағыттылық тарихы

  3. Қазақстан тарихнамалық курсындағы пәнаралық курсты оқытып меңгерудегі негізгі әдебиеттер

Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

    1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

    2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

    3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

    4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

    5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

    1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

    2. Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

    3. Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

    4. Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.


Лекцияныњ мєтіні:
XVIIIXX ғасырлардағы Қазақстан тарихы алуан тағдырлы сипаттағы окиғаларға толы. 1730-1770 жылдары казақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылык рөлін ресми түрде Казакстанды өз тәуелсіздігінен, мемлекеттігінен айырылуына әкеп соқтырып, шын мәнінде отарға айналдырды. Ресей билігін мойындауға мәжбүр болған алғашқы күндерден бастап-ақ қазакхалкының бұрынғы тәуелсіздігін, мемлекеттігін калпына келтіру жолындағы ұлт-азатгык соғыстар кезеңі басталды. Халық наразылығының тұтануына екінің бірінде үлттык жөне әлеуметтік кысым жасау арандатып отырды

Қазакстанның отарлык кезеңінің тарихына, әсіресе оның түйінді мәселелеріне отандык, тарих негізінен еліміз тәуелсіздік алғаннан соң, яғни 1991 жылдан кейін баса назар аудара бастады. Бұл түсінікті де, өйткені шет аймакхалықтарының сол кезде отар елдер халықгары аталатынындай, жабайылар тарихы мәселелері өткен кездерде империялық ектемдіктің және марксизмнің касаң кағидасы, тоталитаризм, жеке адамға табынушылық идеологиясының ықпалымен көрінеу бұрмалаушылыкқа ұшыратылды. ХУШ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы Еуразия даласының халықтарына дүниежүзіліктарихұғымынантыс қараған Ресей ділінің түрғысынан пайымдады.

Осының бәрі бүгінгі танда тарихи өткен кезеңге объективті түрде қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді.

Ресей мемлекетінің кұрамындағы қазақхалкы тарихының(ХУШ-ХІХғғ.) ең көкейтесті жақтарына зерттеушілердің назарын отандыктарихнаманың қол жеткен биігі деңгейінен аудару кажет.'

"Көрші мемлекеттермен өзара катынастар. XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтары қазақхалқы үшін киын-кыстаусынақжылдары болды. Шынына келгенде, ел басына «ел болу, не табанға түсіп қүл болу» күні туды.

Орыс тарихнамасында казақтардың жоңғарлар баскыншылығына карсы күресі жалпылама жұмыстарда көрініс тапқан. Оларда түтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапканына қарамастан, тарихи окиғалар жүйелі түрде, ретретімен баяндалмайды. Әсіресе бүл екі шайкастың: казақ жасақтары 1728 жылы Бүланты өзенінің жағасындағы Кдрасиыр («Қалмақ-кырылған») деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жай-жапсарына қатысты. Қазақ-жоңғар катынастарын XIX ғасырдын. аяғы—XX ғасырдың басында М.-Ж. Көпеевтің, Ш. Құдайбердиевтің, М. Тынышбаевтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың күш-жігер салуы аркасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723—1726 жылдардағы жеңіске жету себептері, казақтардың саяси және экономикалык ауыр жағдайы, басқа да мә-селелер XX ғасырдың 70—80-жылдарындағы тарихнамада: И. Я. Златкиннің, Н. Г. Аполлованың, В. Я. Басиннің, В. А. Моисеевтің және басқалардың монографияларында ғана ғылыми тұрғыдан көрсетілді.

Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халқымен езара қатынастарының тарихына қатысты әр түрлі әулеттен тараған хандардың шежіресі келтірілген. Этникалық қүрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және материалдык мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер де бар. Шығыс деректемелерініңматериалдарын — батысевропалық, кейініректе орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғалымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі.

Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы монғолдар жау-лап алуын зерттеуде басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-иджахангуша» («Әлемді бағындырушыныңтарихы») деген еңбегі болып табылады. Шығарма 1260 жылы аяқталған. Автор Түркістанға, Үйғырияға, Монғолияға езі барған, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау, Сырдариядағы баскд калалардың талкандалуы туралы хабарлайды, Шағатай, Жошы, Үгедей жұрттарыньщ Қазақстан аумағында орналасуы, XIII ғасырдың ортасында Шағатай үлысында болған қырғыздар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.


Лекция 3.

Тақырыбы: Ежелден XVIII ғ.дейінгі тарихнама

Жоспары:

  1. Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-иджахангуша»

  2. Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами' аттаварих» («Жылнамалар жинағы»)

  3. Низам ад-дин Шамидің «Зафар-наме»


Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

    1. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

    2. М.Тынышпаев История казахского народа А.,1994 г.

    3. М.Қ.Қозыбаев Историяграфия Казахстана Уроки истории. А.,1990 г.

Қосымша:

    1. Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы 1997 ж.

    2. Қызылдар қырғыны. Алматы 1993 ж.

    3. Балақаев Т.Алдажұманов Х.С Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы 1985 ж.

    4. Қозыбаев М. Казахстан – арсенал фронта Алматы 1970 ж.

    5. Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. Сб материалов М.,1959г.


Лекцияныњ мєтіні:

Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халқымен езара қатынастарының тарихына қатысты әр түрлі әулеттен тараған хандардың шежіресі келтірілген. Этникалық қүрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және материалдык мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер де бар. Шығыс деректемелерініңматериалдарын — батыс европалық, кейініректе орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғалымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі.

Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы монғолдар жаулап алуын зерттеуде басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-иджахангуша» («Әлемді бағындырушыныңтарихы») деген еңбегі болып табылады. Шығарма 1260 жылы аяқталған. Автор Түркістанға, Үйғырияға, Монғолияға езі барған, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау, Сырдариядағы басқа қалалардың талкандалуы туралы хабарлайды, Шағатай, Жошы, Үгедей жұрттарыньщ Қазақстан аумағында орналасуы, XIII ғасырдың ортасында Шағатай үлысында болған қырк-ыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.

; Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами' аттаварих» («Жылнамалар жинағы», 1310—1311 жылдары аяқталған) деген тарихи еңбегі XII—XIII ғасырлардағы монғол және түрік тайпалары мен халықгарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі еңбек болыптабылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығармалары, оқиғаларға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған.

Әдет-ғұрыптар, діни нанымдар, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар жи-нағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол үлыстарының құрамына кірген кездегі оның топономикасы, тарихи географиясы, саяси тарихы женіндегі деректер, Орда-Ежен үлысының тарихы, оның ұрпақгарының, басқа да Жошы ұрпақгарының генеалогиясы жөнівдегі мәліметтер келтірілген2.

Рашвд ад-Диннің мәліметтері бүл тақырыпты кейінгі уақыт үшін дамытқан көптеген авторларға негіз болды. Олардың ішівде беймәлім автордың 1426 жылы Темір үрпағы Шахрухтың тапсыруы бойынша жазылған және Жошы ұрпақтарының генеалогиялық тармағы, атап айтқанда, Үрұс хан мен оның ұрпақтарының шежіресі келтірілген «Муизз әлансаб фи шаджарат салатин могул» деген еңбегін атап өткен жөн3.

XIV—XV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақгары тобының (қабылданған әулетгер бойынша шартты жіктеуге сәйкес) шығармаларынан түрады. Оларда Темір мен оның ұрпақта-рының көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетілмеген, со-нымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылык, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материал да көп. XV ғасырдың екінші жартысы — XVI ғасырға Монгол және Шайбани ұрпақгары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.

Евразия тарихнамасывда, жалпы шығыстануда Низам ад-дин Шамидің «Зафар-наме», Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-наме», Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла асса даин ва маджма әл-бахрайн» деген және басқа толып жатқан әмір Темір деректемелері кеңінен мәлім екеніне қарамастан, Орта Азияның, Иранның, шектес елдердің тарихын зерттеушілер оларға қай-та-қайта оралып, олардағы материалдың алуан түрлі екені соншалық, бұл деректемелердің жеткілікті дәрежеде толық және дәйекті түрде зертгелмегенін әділ атап өтуде. Бұл корытывды Темір ұрпақгары дәуірінің шығармаларында бар Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтерге де катысты.

Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазьшған деректемелер жатады. Низам аддин Шамидің, Шараф аддин Әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар — бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның бЗ қа да саяхатшылары жатады, сондай-ак әмір Темір бағындырған еддердің өз еңбектерінде оның басқыншылықсаясатын бейнелеген авторлар (армян, грузин деректемелері) жазған. Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади сонғы топка жатады. Клавихо өзінің 1403—1406 жылдардағы саяхатының күнделігінде Самарқандтағы орасан зор құрылыс жүмыстарын, онда товар-лардың, соның ішінде Русь пен оның Қазақстанды атайтынындай «Татария-дан», Қытайдан және басқа елдерден әкелінген товарлардың молдығын атап өткен. Әмір Темір мен оның үрпақгары негізгі сауда жолдарын жаулап алып, көптеген елдермен сауда және дипломатиялык, қатынастарын дамытуға көп көңіл бөлді.

Хронологиясы жағынан әмір Темірдін іс-әрекеттері туралы толып жатқан

хикаялардың негізін салған алғашқы еңбек Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесі» болды, ол хижра бойынша 806 жылға (1403-1404 жж.) жеткізілген. Автор Темір Бағдатты алғаннан кейін соған қызмет етуге кешкен, оның жо-рықтарывда еріп жүріп, кеңсе кызметін атқарған. Ол өз еңбегіне ресми құжаттарды, Темірдін, жедістері туралы мәлімдемелерді, сол дәуірдегі оқиғаларға катысушылардың ауызша әңгімелерін, Темірдің үйғыр хатшысы жазған хроникаларды пайдаланған. Шамидін, XIV ғасырдын. екінші жартысьшдағы Қазақстанда болған оқиғалар туралы мәліметтері негізінен әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанның билеушілері Үрұс хан мен Тоғлық-Темір ханға қарсы күресіне қатысты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы шаруашылықтың жай-күйі жөнінде деректер келтірілген, өлкеніңтарихи географиясын зерттеу ге арналған материаддар бар. Низам аддин Шами шығармасының парсыша мәтінін Ф. Тауэр басып шығарған. Екінші томында оның еңбегіне түсініктеме, сондай-ақ Хафизи Абрудың «Зубдат ат-таварих» деген шығармасынан

үзінділер бар.



Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-намесі>:> әмір Темірдің өмірі мен қызметінін, мейлінше толык ресми тарихы болып табылады, ол Низам аддин Шамидің еңбегі, түркі тілді «Манзумайи тюрки» хроникасы, күнделіктер, ресми қүжаттар, оқиғаларды көзімен көргендердің айғақгары негізінде жазылған. Шами сияқты Йазди де Темірдін, бағындырылған елдердегі қатыгездік әрекетгерін бүгіп қалмайды, бірақ Шамиден ерекшелігі, ол бұл әрекеттерді мадақгаудан шаршамайды. Шыңғыс-хан, әмір Темір сияқты қалаларды кңра-тып, сансыз көп адамды кырып-жойған, олардытуған жерлерінен айдап әкет-кен ортағасырлық жаулап алушылар өздерінің керші халықтар жөніндегі катыгездік саясатын жасырмаған, ал сарайдағы авторлар өз шығармаларында олардын, соғыстағы жеңістерін дәріптеген. Йаздидің еңбегі Шахрухтың үлы Ибраһим сүлтан кезінде, 1419—1425 жылдар аралығында жазылғанымен, ол Темірді дәрштеу болып табылады. Мүндай шығармаға Темір немесе оның ұрпақтары болашақ үрпақтар үшін есте қалдырғысы келетін оқиғалар ғана тапсырыс бойынша енгізілетін. Оқиғалар соған сәйкес түсіндірілетін. Сондықтан бүдан бүрынғы отандыҚ әдебиетгегі Йазди мен оның ізашары жазға-нының бәрін «тарихи шындыққа» сәйкестендіру туралы айту дүрыс болмас еді


Лекция 4.

Тақырыбы: ХІУ-ХУІІ ғасырларда Азия елдері мен Мәскеу саяхатшыларының қазіргі Қазақстан аумағындағы Темір билік еткен дәуіріндегі тарихнамалар

Жоспары:

  1. И. Барбароның «Тан мен Персияға саяхат» атты еңбегі

  2. XVII ғасырдағы нарративтік әдебиетті голландықтар Ян Стрейстің еңбектері

  3. Әбілғазының «Түріктер шежіресі» атты еңбегі



Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  4. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  5. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  6. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.

  2. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.

  3. Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.

  4. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.

  5. Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.

  6. Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.



Лекцияныњ мєтіні:
ХІУ-ХУІІ ғасырларда дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлердің (Гонзалес де Клавихо, Сигизмунд Гербер-штейн, Иософат Барбаро, Амброджо Контарини, Антоний Дженкинсон, Фи-лип Авриль, Адам Олеарий) және арасында соғыс тұткындары (Ганс Шиль-тбергер) да болған басқа да адамдардың Азия елдері мен Московияға саяхаттары мен сапарлары қазіргі Қазақстан аумағындағы этникалық-саяси бірлестіктер, Темір билік еткен кезендегі әскери-саяси оқиғалар мен оның Тоқтамыспен және Едігемен қарым-қатынастары, ноғайлар мен қазақтардың одақгастық қатынастары туралы тарихи-этнографиялық мәліметгер бар жаңа нарративтік деректемелердің жасалуына негіз болды.

Венеция дипломаты И. Барбароның «Тан мен Персияға саяхат» деген кітабында «татарлар» деген жалпы атаумен далатұрғындары елеулі орын ала-ды. Діни нанымдарды, сот ісін жүргізуді, әскер ісін, сауданы, колөнер мен егіншілікті суреттеумен қоса, ол Едіге және оның ұлы Мүртаза, Үлық-Мехмет, ханзада Кішік-Мехмет, Жәнібек (1343-1357) хандар билік еткен кезеңнің кейбір тарихи оқиғаларын да жазады. Темірдің 1395—1396 жыдцары Оңтүстік Дешті Қыпшақгың қалаларына жасаған жойқын жорықтарын айтып етеді, ол түрғындар зердесінде әлі де сақталып қалған еді, өйткені бұл жерге И. Барбаро XV ғасырдың 50-жылдарыңда келгенді. Персияда 1474—1477 жылдары болған А. Контарини «татарлардың» түрлі топтарын, соның ішінде «Еділдің арғы жағында тұратын, солтүстік-шығыс және шығыс жағына көшіп жүретіндерді» бөліп көрсетеді.

Дипломат С. Герберштейннің мағлүматтары да «әр түрлі татар ордаларына» қатысты, ол солардың арасында қазақтарды (Саззакі) да көрсетеді. Ал 1562 жылы А. Дженкинсон жасаған «Ресей, Московия, Татария» картасында Еділ мен Жайық арасы — ноғайлар мекендейтін жер олардан шығысырақта «Қазақия» (Саззакіа) жері деп керсетілген. Ағылшын кепесі А. Дженкинсон саяхатының күнделігі — Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінің оқиғалары, соның ішінде Хақназар ханның Сыр өңірі қалалары үшін соғыстары керсетілген ең алғашқы европалық еңбек.

Орта Азия мен Қазақстан туралы мағлүматтар бар XVII ғасырдағы европалық еңбектер арасында голланд географы Н. К. Витсеннің «Солтүстік және шығыс Татария туралы» деген кітабы мейлінше құнды, ол географиялық, этнографиялық және лингвистикалық мәліметтердің орасан үлкен жинағы болып табылады. Онда сол кезде «Татария» деген жалпы атаумен белгілі бол-ған, Каспий теңізінің, Еділдің, Каманың жағалауларынан шығысывда Тынық мүхитжағалауынадейінгі барлықедцерді камтиды. Қазақтар, қырғыздар және басқа да түркі тілдес халықтар туралы жекелеген мәліметтер европалықтар-дың жарияланбаған күнделіктерінен, сондай-ақ араб деректемелерінен және голландықтың айтуынша, «барлык рулардағы татарлардан» сұрастыру жолымен алынған.

XVII ғасырдағы нарративтік әдебиетті голландықтар Ян Стрейстің, Кор-нелий де Бруиннің, швед дәрігері әрі дипломат Энгельберт Кемпфердің, француздар Жан Батиста Таверньенін, А. Мотрэнің, ағылшындар Самюэль Коллинздің, Джон Перридің және басқаларының Қытайға, Үндістан мен Иранға сапарлары нәтижесінде жазылған еңбектері байытты. Қазақ халқы-ның тарихы мен этнографиясының белгілі бір жақтарын көрсететін бүл еңбектердің ақпараттық дәрежесі бірдей емес. Бүл жағынан шведтін, соғыс түтқыны Филип Иоганн Страленбергтің «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөліктерініңтарихи-географиялық сипаттамасы» деген кітабы ерекше, онда өзбектерден, түрікмендерден, қырғыздардан, сондай-ақ қарақалпақ-тар мен Қазақ Ордасынан (Козасһі Ногсіае) тұратын Сібір мен «Үлы Татария» туралы XVIII ғасырдың басына дейін белгілі материалдарды жүйеге келтіру ісіне бәрінен де көбірек көңіл бөлінген. Ол Тобольскіде алғаш рет «бүхарлықтардан» Әбілғазының «Түріктер шежіресі» қолжазбасын қолына түсіріп, оны «татар» тілінен орыс тіліне және орыс тілінен неміс тіліне аударуды үйымдастырудың сәтін түсірді, сөйтіп жергілікті деректемелерді ғылыми айналымға енгізудің негізін қалады.

Жазбаша деректемелерге қысқаша шолу орта ғасырлардағы шығыс пен батыстың нарративтік деректемелері едәуір мөлшерде ғылыми айналымға енгізілді деп қорытуға мүмкіндік береді. Алайда тарих ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде ең алдымен парсы түркі-араб тобының езімізге белгілі нарративтік жазбаша деректемелерінің бүкіл тобын, әсіресе олардьщ шетел кітап қоймалары мен кітапханаларында сақтаулы бөлігін орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын сапасы жағынан жаңа деңгейде ой елегінен өткізу және олардың өткевдегі тарихи үрдіс аренасында алатын орнын дәлмедәл анықгау мақсатымен тарту қажеттігі пісіп-жетілді.

Парсы, түркі және араб тілді ескерткіштері, оларды бүкіл алуан түрлі және толық күйінде тікелей зерттеу, сондай-ақ тарихи-деректеметану проблемаларына жүйелі көзқарас қазақ халқы тарихының жеке мәселелерінен гөрі, ең жалпылама мәселелері бойынша маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Лекция 5.

Тақырыбы:XIII-XVII Қытай тарихнамасындағы Қазақстан тарихы .

Жоспары:


  1. 1368—1644 ж.ж. Мин әулетінің білік еткендегі Қазақстан тарихы туралы қолжазбалары

  2. «Мин әулетінің тарихы»,«Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» атты еңбектер

  3. 1645-1735 жылдардағы көп томдық еңбектің 332 тараудан 220 тарау орама (цзюань) енетін Орталық Азия (Си юй) мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық материалдар



Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.

  2. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  3. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  4. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  5. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  6. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.

  2. Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.

  3. Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.


Лекцияныњ мєтіні:
Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368—1644), ол да тақты «жатжерліктерге», бүл жолы маньчжурларға босатып берді. Орталык Азияда Мин империясы жыл өткен сайын күшейе түскен Жоңғар хандығына қарсы, Хэси куысы арқылы және Тянь-Шань еңірімен әмір Темірдің иеліктеріне дейін баратын Жібек жолы учаскесін бақылау қүқығы үшін күрес жүргізді. Қытай деректемелерінен «қазақ» этнонимі қытай мемлекетінің XVII ғасырдың алдындағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарына байланысты ғана табылды.

Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстанның жекелеген жерлері әр түрлі мемлекеттердің қүрамына кіріп, Қытайдың Мин және Цин империялары иеліктерінің ұлғаюына қарай олардың сыртқы саяси байланыстары аясына тартылып отырды.

Аталған кезеңнің негізгі деректемелері мыналар: «Мин әулетінің та-рихы» («Мин шилу»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу») және «Мин империясына жалпы шолу» («Мин хой яо»). Қалған деректемелер: Моғолияға, Моғолстанға, Темір мемлекетіне және Орта-лық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, кепестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өнделген түрінде қытайдың ең басты ресми еңбектерінің бөріне кірген, олардың ерекшеліктері — Мин империясы күйрегеннен кейін жазылғаны.

«Мин ши» Қытайдың 25 әулетгік тарихының—дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінін, бірі болып табылады. Оны авторлар үжымы жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды. Кеп томдық еңбектің 332 тараудан 220 тарау орама (цзюань) енетін соңғы бөлімінде Орталық Азия (Си юй) мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық материал бар. Орталық Азия мемлекеттерінің өз аумақгарының көлемі, саяси маңызы және әскери күш-қуаты жағынан кем түспегені былай түрсын, көбінесе қытай мемлекетіне елеулі қауіп төндіргеніне де қарамастан, деректемеде олар сы-ңаржақтылықпен оның «сауда вассалдары» етіп керсетілген.

«Мин шилу» — көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олар-дың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Орталық Азия халықгарына қарсы соғыс қимыддарының әзірленуі мен бары-сының мәселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдау көрсетілген.

Қазіргі уақытга Қытайда «Мин шилудан» географиялық белгісі бойынша жиналған, не аймақтың бір иелігіне катысты үзінділер жариялануда.

«Мин хой яо» — такьірыптык, белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектШ%ігісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар. 79 және 80-цзюаньдар Мин империясының солтүстік, солтүстік-батыс және батыс жағында орналасқан елдерге: Орта Азия, Шы-ғыс Түркістан және Монғолия мемлекеттеріне арналған. Бүл деректеме де оқиғаларды баяндағанда сыңаржақтылығымен және Қытайды орталықдеп «-көрсетуімен сипатталады.

Қытай деректемелері белгілі мүсылман деректемелерін өзінің жүйелілігімен, уақыты жағынан үзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет