Лекцияның тақырыбы. Ұлы географиялық ашылымдар.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Девис өмірі
2.Девис саяхатының мақсаты.
3.Девис саяхатының барысы
4.Девис саяхатының нәтижесі және саяхат нәтижесінен географиялық картадағы өзгерістер немесе ашылған объектілер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
Ағылшындар Үндістанға баратын теңіз жолдарын іздестіру мақсатымен 2 ірі кемені жабдықтап, (42 адамнан құралған ) экспедиуия басына Джон Девисті қойды. 1585 жылдың басында елден шығып июньнің соңына таман Гренландия аралының оңтүстік-шығыс жағалауына жетеді.Бірақ Девис Гренландия аралын арал екендігін мойыдамады.
Августтың басында теңізге бұрылып , солтүстік-батысқа қарай жылжиды. 600 км жүзіп ол Девис бұғазына жетеді және бұл бұғаз жағалауларынан эскимостарды көреді.Девис Тынық мұхитына өтетін солтүстік батыс жолын таптым деп ойлайды және Англияға 1585 жылы 30 қыркүйекте осы жаңалықпен елге оралады.
Девистің 2 саяхаты 7 май 1586 жылы басталып , ол 4 кемемен елден шығып кетеді.Ол осы жолы Гренландия аралын арал екендігін мойындайды.54.14 с.е. 2 теңізшісінің қазасынан кейін елге оралуына тура келді. 14 қазанда елге оралды.
Девистің үшінші саяхаты 1587 жылы жазда басталды. Ол Гилберт шығанағына кіріп онда зерттеу мақсатымен 2 кемені тастап кетеді.Өзі кішігірім кемемен Солтүстік-батыс жолдарды іздестірді.Ол Гренландия аралын бойлай солтүстікке қарай жылжиды.Бірақ оны мұздықтар тоқтатады.Сонда ол оңтүстік –батысқа бұрылады.Сөйтіп июль айының соңында Баффин жеріне жетеді. Ол 2 күн Баффин жерін аралап Тынық мұхитына шығатын су жолын солтүстік-батыстан таба алмайтындығын білді.Бірақ Баффин жерін зерттей отыры, онда Холл түбегін тапты.Ол Лабрадор жағалауын түгел зерттеп шығып , елге 15 қыркүйекте оралады. Оралуының себебі тұщы су тапшылығы болды. 1591-1592 жылдары Томас кавендиш саяхатына қатысты.1605 жылы Малакка түбегінде малазиялықтармен шайқаста қаза тапты.
36-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Ұлы географиялық ашылымдар.
(1 сағат)
Жоспар:
1.Баренц өмірі
2.Баренц саяхатының мақсаты.
3. Баренц саяхатының барысы
4. Баренц саяхатының нәтижесі және саяхат нәтижесінен географиялық картадағы өзгерістер немесе ашылған объектілер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
1594 жылы Тынық мұхитына шығатын жолдарды іздестіріп –Голландиядан 3 кеме шықты.Бұл экспедицияның мақсаты-Қытай жұртына Атлант мұхитының оңтүстік -шығыс жағалаулары арқылы жету болды.Бұл кемелердің біреуін амстердамдық Виллем Барентсзон басқарды.Оны голландықтар Баренц деп атап кеткен
ол өз кемесін солтүстік-шығысқа жүзді.Оның мақсаты Солтүстік Жаңа аралдың арғы жағынан мұздықтардан өтіп жаңа жерлерді ашу болды.Ол орыстардан кейін екінші рет Адмиралтейства аралын ашты. 29 июльде 77 с.е Жаңа жер аралының “Солтүстік шеткі нүктесі” мүйісін ашты және бұл мүйіске Карлсен мүйісі деген ат қойды. 1594 жылы 1 августта Оранск аралын ашты.Бірақ теңізшілер ары қарай жүзуден бас тартты. Осы жағдайларға байланысты ол елге немесе қалған 2 кемеге қосылуға мәжбүр болды.
1595 жылы 2 кеме Голландиядан шығып оның біреуін Баренц басқарды .Бірақ көп ұзамай олар елге оралды.Өйткені мұхитқа қыстың тез түсуіне байланысты жүзуге мүмкіндік болмады.
1596 жылы Амстердам сенаты 2 кеме саяхатқа шығаруды ұсында.Бұл кемелерді Якоб Гемскерк және Ян Рейп басқарды. Ал Баренц болса Якоб Гемскерктің штурманы болуға келісім берді.Экспедиция 1596 жылы көктемде басталды
37-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Қазіргі кездегі саяси мәселелердің тарихы
(1 сағат)
Жоспар:
1.ХХ ғасырдағы құблымалы дүние және саяси карта.
-
ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін елдердің тәуелсіздік алуы.
-
“Африка жылы”.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
Ғасырымыздың басында (1900ж.) Жер шарында тәуелсіз дербес мелекеттер саны бар – жоғы 55 – ақ болса, екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында дүние жүзінде 71 егеменді мемлекет болды, ал 1974 жылы олардың саны 81 – ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан (ол толық дербестігін 1944 жылы алған болатын) басқасы, өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрылығының жас мемлекеттері болды. Олардың сапында, осы құрылықтағы ең ірі мемлекеттер – Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Филиппин, т.б. бар.
1959 жылы егеменді мемлекеттердің саны 92 –ге толды. Енді Азия елдерімен қатар соғыстан кейінгі жылдары алғашқылардың бірі болып, Африка құрылығы елдерінің де қолдары саяси бостандыққа жетті. Ең алдымен оның солтүстігіндегі араб елдері: Ливия (1951 жылы), Марокко , Тунис және Араб Суданның үлкен бөлігі (барлығы 1956 жылы), ал тропикті Африкада – Гана (1957 жылы) ең бірінші болып, оның артынша Гвинея (1958 жылы ) өз тәуелсіздіктерін алды.
1960 жыл – “ Афика жылы “ болып есептелінеді, өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі, өз егемендіктерін ие болды. Отаршылдықтыжою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды, осы жылы Кипр, ал 1961 жылы Кувейт, 1964 жылы Еуропадағы Мальта аралы өз тәуелсіздіктерін алды (Еуропадағы соңғы отар – Гибралтар қазір Ұлыбритания иелігінде, ал Фарер аралы Гренландиямен қоса автономиялық құрылыдар ретінде Данияға қарайды).
1990 жылы планетамызда 171 егеменді елдер болды. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық – этникалық құрамы негізінде екі Араб мемлекеті – Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық – Демократиялық Республикасы қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет – Йемен Республикасы пайда болды ( ауданы 532 мың шаршы км, халқы 13 миллионнан астам). Әкімшілік астанасы – Сана қаласы болып, ал Аден болсангізгі экономикалық орталық, әрі портты қала деп жарияланды.
1990 жылғы қазан айында екі – Герман ) ГФР мен ГДР ) мемлекеті бірікті. ГДр – дің барлық 15 округі 5 жерге (өлке) бірігіп ГФР құрамына кірді, ал Батыс Берлин – мемлекеттік мәртебедегі ерекше статусы бар саяси бірлік болуын тоқтатып Шығыс Берлинмен қосылды, ал1991 жылы Берлин қаласы – Герман Федерацияық Республикасының астанасы болып жарияланды (бірақ Бонн қаласынан оның көшірілуі қаржы – экономикалық себептерге байланысты біраз жылға кейінге шегерілді). Осы себепті, 1991 жылдың қаңтары қарсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169 –ға дейін қысқарды.
1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері – Литва , Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. Кезінде АҚШ қамқорлығында болған Мұхиттық Аралдардағы екі территория – Микронезия Федерациясы және Маршалл аралдары республикалары да өздерінің тәуелсіздіктерін осы кезде жариялады. Енді дүние жүзінде егеменді мемлекеттердің саны 174 – ке толды. 1991 жылдың соңында Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуеліз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын ( ТМД) құрды.
Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында (ЮСФР) басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында ЮСФР – дің құлауына әкеліп соқтырды. 1990 жылдардың басында Югославияның 4 республикасында – оппозициялық партиялар жеңіске жетіп, олар ЮСФР құрамынан шығатындықтарын мәлімдеді. Соның салдарынан орталық, яғни Сербия мен олардың жаңа үкіметі араларындағы қарама – қайшылық жанжалдар тауып кетті ( олар социализм мен оның белгілерінен, жалпы “ социалистік” деп аталатын атаулардан бас тартты). Осындай жолдармен Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына, келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения (жер көлемі – 20,3 мың кв.км, халқы шамамен 2 миллион адам, астанасы – Любляна); Хорватия (56,5 мың кв. км, халқы 4,7 миллион адам, астанасы – Загреб); Босния және Герцеговина ( 51,5 мың кв. км, халқы 4,6 миллион адам, астанасы – Скопье). Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана федеративтік құрылымда – Югославия Одағына бірігіп отыр (Одақтың өз ішінде осы екі республика арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси дау – дамайлар баршылық).
Бұл жерде айта кететін мәселе, әлі де Босниядағы үш қауымдастықтың бір – бірімен қарама – қайшылықтары ( серб, хорват және мұсылман қауымдары) мен екі жақты саяси кереғарлықтар (хорват – мұсылман және серб топтары арасындағы) шешуін таппай отыр. Ал Македонияға келсек, оған Грекия үкіметі іштей өзінің қарсылығын әлі білдіруде, оның басты себебі елдің “ Македония” деген атаумен аталуына келіспеушілігінен туып отыр. Жалпы Македонияның ЮСФР құрамына ену кезінен қалған Болгариямен арадағы өзара түсініспеушіліктері тағы бар. ( Осы екі мемлекеттің Македонияның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіруінде дауыс беруде қалыс қалуына байланысты, ЮСФР құрамында болған басқа республикаларға қарағанда - БҰҰ, оның мүшелікке енуі біраз кешеуілдеді).
1993 жылдың қаңтарында Чехо – Словакия Федерациялық Республикасы (ЧСФР) өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнына тәуелсіз екі мемлекет пайда болды; Чех республикасы (78,9 мың кв. км, халқы 10,4 миллион адам, астанасы – Прага) және Словак республикасы (49 мың кв. км, халқы 5,3 миллион адам, астанасы – Братислава).
Міне, осылайша егеменді мемлекеттердің саны, Шығыс Еуропа елдері мен Кеңес Одағы республикаларының есебінен көбейе түсті. Қазіргі кезде дүние жүзінің картасында – 200 жуық егеменді мемлекет бар (бұл мемлекеттерден басқа дүние жүзінде 40 шақты тәуелді елдер мен территориялар да бар).
Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) – 186 мемлекет мүше. Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ –ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысал: Молдова, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина республикаларын БҰҰ қабылдау 1992 жылдың көктемінде болды, ал Грузия осы жылы шілде айында қабылданды (тек Македония мүшелігінің мәселесі ғана дер кезінде жоғарыда аталған себептерге байланысты шешілмеді, ол БҰҰ бір жылдай кешеуілдеп барып енді).
38-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |