Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


Лекцияның тақырыбы. Геосаясат жүйесіндегі – аймақтық география



бет9/17
Дата24.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
#78171
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Лекцияның тақырыбы. Геосаясат жүйесіндегі – аймақтық география


(1 сағат)
Жоспар:

    1. Аймақтық географиядағы ғылыми көзқарастар.

    2. Аймақтық географияны КСРО ғалымдарының түсініктемесі.

    3. Генетикалық көзқарас.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

Бұл теорияға сәйкес индивидумның бір-бірімен, сондай-ақ еңбек құрал-жабдықтарына байланысты араласуы микрокеңістік жағдайында шектеулі қоршаған орта жағдайында өтіп жатады. Континент ішіндегі және аралдардағы елдер “ тоқыраған” қалпында, әрине, қала бермейді. Эконмикалық - әлеуметтік прогресс дамыған сайын олардың экономикалық – географиялық жағдайдан көріп отырған қазіргі қиыншылықтары не бәсеңдей бастайды, не мүлдем ғайып болады. Бұл орайда теңізге шығар жолдары болмағанымен, дүние жүзінің дамыған елдерінің қатарынан орын алатын Австрия, Венгрия, Чехия, Швейцария және басқа елдер айдан - анық мысал бола алады.

Әрбір мемлекеттің екіншісінен бөліп тұрған құрлықтық немесе аумағы болады. Бұл шекаралар өткен замандардың оқиғалары нәтижесінде тарихи тұрғыда қалыптасқан.

Мысалы, Африкадағы көптеген мемлекеттік шекралардың сызықтық бітімі ( бұлардың төрттен бірі ғана табиғи географиялық шептер бойымен өтеді, ал қалғандары меридиандар мен параллельдердің бойымен белгіленген) отаршыл державалардың бір кездегі текетіресін де, жас мемлекеттерді этностық бөлшектенуге душар етіп, бұрынғы отар шет аймақтарды қанай беруге уақыт ұту үшін олардың арасына араздық ұрығын сеуіп кетпек болған әрекетті де анық көрсетеді.

Халықаралық құқық басқа мемлекеттің шекарасын бұзуға, одан да бетер басқа аумақты күштеп басып алуға тыйым салады.

Мемлекеттер арасындағы аумақтық таластардың барлығы тек бейбіт амалдармен ғана шешілуге тиіс. 1975 жылы Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі еңесте еуропалық елдер арасында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан шекараларды және олардың бұзылмастығын жаппай мойындау туралы ереже қабылданған болатын.

Егемен елдерде мемлекеттің ұйымдасуының әрқилы түрлері бар. Олардың ең маңыздысы – мемлекеттік құрылыс. Ол монархиялық және республикалық болуы мүмкін.

Монархия дегеніміз – жоғары мемлекеттік өкімет монарх корльдің, князьдің, сұлтанның, шахтың, әмірдің қолында болатын және мұраға берілетін басқару түрі. Монархия абсолютті болуы мүмкін, ондайда монархтың билігі шексіз дерлік болады ) Бруней, Бахрейн, Катар, БАӘ, Оман және т.б.) немесе конституциялық болуы мүмкін, ондайда жоғары мемлекеттік билік конституциялық монархиялар неғұрлым көп тараған (Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Дания, Норвегия, Марокко, Жапония және т.б. ). Монархияның тағы бір монарх шіркеу басшысы болатын теократиялық монархия ( Ватикан). Дүние жүзінде анығында 30 –ға жуық монархия бар, ал реси түрде 40- тан асады, өйткені Ұлыбритания бастаған бірқатар Достастық елдерінде ( Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және т.б.) заң тұрғысында мемлекет басшысы Ұлыбритания королевасы деп есептеледі.


28 лекция

Тақырыбы: Саяси тәртiп түсінігі

(1 сағат)
Жоспар:

  1. Саяси тәртiп анықтамалары мен көптүрлiлiгi.

  2. Саяси тәртiп түрлерi

  3. Саяси тәртіптің басқару формалары.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж

Лекцияның мәтіні:

1. Саяси тәртіп анықтамалары мен көптүрлілігі.

Саяси тәртiп ұғымы ұзақ уақыт айтыс-тартыс объектiсi болған. Француз саясаттанушылары М.Дюверже мен А.Ориу бұл ұғымды ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған. Ұлттық егемендiкке өкiлдiлiк демократия тәртiбi, ал халық егемендiкке- тiкелей демократия тәртiбi жатады. М.Дюверже саяси тәртiптi кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада М.Дюверже саяси тәртiптi билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырады. Американ саяси әдебиеттерiнде саяси тәртіп пен саяси жүйенi бiрiктiру анық сезiледi. Ал, тағы бiр американ саясаттанушысы К.Бекстер саяси тәртiптi басқару жүйесi деп есептейдi. В.Лакердiң саяси сөздiгiнде саяси тәртiп басқару формасы мен партиялық жүйе деп сипатталған. Немiс заңгерi Е.Левенштейн тәртiптi партиялар санымен, француз ғалымы К.Бюрдо үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен, Е.Хамауи мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынасымен байланыстырса, американ ғалымы Д.Истон тәртiптi басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы, аргентиналық автор Н.Ботана билiк шоғырлану мен бөлiсудiң қызмет процесi деп бiледi. Ал, Р.Скратовтың саяси сөздiгiнде саяси тәртiп француздың regime- басқару формасы деген сөзiнен шыққан деп жазылған. Батыс саясаттану ғылымында саяси тәртiп ұғымы көбiнесе мемлекеттiк аппарат құрылымы мен қызметiн сипаттауға пайдаланылады.



2. Саяси тәртіптің түрлері мен басқару формалары.

Саяси тәртiп классификациясына келсек, онда ол сан-алуан болып келедi. Оның өлшемдерiне халықтың өз егемендiгiн iске асыру тәсiлi, мемлекеттiк ұйымдардың құрылымы мен қызметiнiң сипаты алынған. Саяси тәртiптi классификациясының негiзі ретiнде М.Эйдельмен, Ц.Морис, К.Йонга мемлекеттiк аппараттың орталықтану деңгейi мен елдiң саяси өмiрiне оппозицияның қатысуын алады. Сонымен бiрге, Д.Коулмэн саяси тәртiптердiң жарысушы, жартылай жарысушы, авторитарлы; Д.Аптер диктаторлық, олигархиялық, тiкелей емес өкiлдiлiк; Э.Шилз саяси демократия, қамқоршы демократия, жаңартылушы олигархия, тоталитарлы олигархия және дәстүрлi олигархия; Ж.Блондель либералды-демократиялық, эгалитарлы-авторитарлы, дәстүрлi-инэгалитарлы деген түрлерiн бөлiп көрсеттi. Кейбiр ғалымдар саяси тәртiп жiктемесiн мемлекетте азаматтық және әскери үкiметтiң бар немесе жоқтығына қарап жасаған. Ал, кейбiр ғалымдар саяси тәртiп мәнi елдiң саяси-экономикалық даму деңгейiне байланысты деп есептейдi. Сонымен жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады, саяси тәртiп классификациясының негiздерi: көппартиялық, билiктiң тармақтарға бөлiну қағидасы, азаматтық қоғамның мемлекетпен қарым-қатынасы



Б.П.Курашвили саяси тәртiптiң мынадай жiктемесiн бередi:

Тоталитарлы; авторитарлы; кең демократиялы; анархо-демократиялы.



Батыс саясаттанушыларының классификациясы:

либеральды және авторитарлы; демократиялы, автократиялы, аралас; монократиялы /диктаторлы/, директория /ұжымдық басқару/, аралас.



Мишель Дюверженiң саяси тәртiптерi:

Ағылшын; американдық; орыс; бiр және көппартиялық.



А.Ориудiң саяси тәртiптерi:

Президенттiк; парламенттiк; директория; классикалық тәртiп; авторитарлы.



Американ ғалымы Р.Гестилдiң саяси тёртiптерi:

Ерiктi; бiршама ерiктi; тәуелдi.



Ағылшын саясаттанушысы К.Клепхем саяси тәртiптiң үш түрiн атайды:

либералды-демократиялық; дәстүрлi; радикалды-дәстүрлi.



Американ ғалымы М.Яновец әскери-азаматық тәртiптiң бес түрiн ажыратады:

авторитарлы-жеке; авторитарлы-бұқаралық; демократиялы-жарысушы; азаматтық-әскери коалиция; әскери олигархия



Саяси тәртiптiң кең тараған түрлерi: демократия, тоталитаризм, авторитаризм.

Демократия түрлерi: охлократия, либералды-демократиялық, консервативтi.

Тоталитаризм түрлерi: фашистiк, әскери-фашистiк, ұлттық-социалистiк, тирания,

Авторитаризм түрлерi: қатал-авторитарлы, авторитарлы-демократиялық, демократиялы-авторитарлы.

3. Саяси тәртіптің басқару формасы.

Басқару формасы- бұл мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру. Басқару формасының мынадай түрлерi бар: абсолюттiк монархия, дуалистiк монархия, конституциялық монархия, парламенттiк республика, президенттiк республика, аралас басқару формасы.

Басқару формасының сипаты жоғарғы мемлекеттiк билiктiң ұйымдастырылуына тәуелдi, дәлiрек айтсақ, бiр жоғарғы мемлекеттiк билiк ұйымы- мемлекет басшысының құқықтық жағдайын анықтауға байланысты. Екi негiзгi басқару формасы монархия мен республиканың арасындағы айырмашылық мемлекет басында кiм тұрғанына байланысты.
29-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет