(1 сағат)
Жоспар:
-
Орталық Азияның Қауіпсіздік мәселелері.
-
Азия елдерінің геосаяси даиуы.
-
Орталық Азияның геосаяси бағыттары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
Қауіпсіздік жайлы зерттеулердің маңызды аспектілердің бірі геосаяси қауіпсіздік болып табылады. Геосаяси қауіпсіздік бұл белгілі бір аймақ немесе мемлекет мүдделерінің қорғаныстағы күйі. Геосаяси қауіпсіздік мәселелері ұлттық мәселелер шеңберн кеңейтетін түсінік. Өйткені, бұл белгілі бір сегменті болып табылатын жеке бір мемлекеттің қауіпсіздігін аймақтың қауіпсіздігінен тыс қарастыру мүмкін емес. Аймақтағы қаіпсіздік, тұрақытылық бетаылстары сол аймақта орналасқан мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін тигізеді.Геосаяси, аймақтың қауірсіздіктің негізі – аймақтағы геосаяси балансты қамтамасыз ету болып табылады. Қауіпсіздік пен демократия сынды ұғымдар арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылатын саяси қауіпсіздік арқылы көрініс табады. Мемлекеттің сыртқы немес ішкі қатерлеріне төтеп беру мүмкіндіктерін демократиялық даму деңгейіне байланысты. Саяси жүйенің қатерлерге төтеп ебрі мүмкіндіктерін демократиялық институтардаң қоғамға еніп, даму қарқындылығын анықтаушы фактор ретінде қарастыруға болады. Биполярлық әлемнің күйреп, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаңадан қалыптасқан геосаясат контекстінде әлемдік күштер баланысы, жаһандануымен бірге келген беталыстар жаңа пайда болған посткеңістік кеңістіктегі Орталық Азия мемлекеттерінің дамуын айқындаушы, жаңа бағыт қалыптастырушы кезең шеңберінде демократияландыру процесін жүзеге асыру мәселесі туындады. Өтпелі кезеңді бастан кешкен Орталық Азия мемлекеттері үшін қоғамда демократиялық институттардың пайда болып қана қоймай, қоғам дамуын жеделдетуші құрал ретінде көпфункциональды атқаруы маңызды болып табылатын құбылыс.
Демократиға өту процесі немесе демократизация бұрынғы авторитарлы жүйенің институтары мен принциптерін жоюшы құбылыс ретінде ғана емес, демократия белгілері деп танылған элементтердің үздіксіз өзгерістерге саяси жүйенің адекватты жауап қайтарып, өміршеңдігін қамтамасыз етуші процесс ретінде қарастырылуы қажет. Демократиға өту әдістері түрлі эволюциялық көпке созылмалы, деструктивті деңгейдегі революционды көпке созылмалы болуы мүмкін.
41-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы
(1 сағат)
Жоспар:
-
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан жері.
-
Қазақстан территориясының межеленуі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
ХХ ғасырдың басында “Ресей бодандығындағы қазақ жері өзінің басқарылуы жағынан біртұтас ел жүйесінде қалыптаспаған күйде болып, ал Қазақстанның саяси - әкімшілік құрылымы аумақтық та, әлеуметтік-экономикалық жағынан да өте тұрпайы түрде бөліністе болды. Өйткені, патшалық Ресейй саясаты-Қазақстаны жерін бөлшектеу арқылы қазақ ұлтыныңғ басының бірігуін қиындату, әрі оның ұлт-азаттық қозғалысын болдырмау мақсатына бағытталған еді. Оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі (ӘАБ) ешқандай саяси-экономикалық және ұлттық-әлеуметтік мүдделерді есепке алмай жүргізілді. Мұндай бөлініс тек патшалық өкіметтің әскери-саяси пайымдауларына сай, басқарудың оларға қолайлы ғана жақтарын ескеріп, ал ұлттық мемлекеттің құрылу мүмкіншщілігін болдырмау жағы көзделді.”
Ресей империясы кезінде өзінің мемлекеттілік құрылымынан жұрдай Қазақстан бірнеше әкімшілік бірліктер арасында бөлшектену күйінде болдды. 1917жылғы төңкерістер қарсаңында оның аумағында келесі алты облыс болды. Олар: Ақмола, Атбасар, Омбы және Петропавл уездері қараған-Ақмола мен Зайсан, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Өскемен уездерінен тұратын Семей облыстары. Бұл аталған екі облыс та Далалық генерал губернаторлығы құрамында болып, Омбы қаласында басқарылатын. Ал орталығы-Ташкент қаласы болған. Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына: Верный, Жаркент, Қапал, Лепсі, Пішпек және Пржевальский уездері кірген-Жетісу мен әулиеата, Қазалы, Перовек, Ташкент және Шымкент уездерінен құралған-Сырдария облыстары қарады. Ал Гурьев, Лбищенск, Темір, Орал уездерімен Орал облысы мен өзінің құрамындағы –Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Торғай уездері кіретін-Торғай облысы жеке әкімшілік құрылымдар ретінде болды. Бұлардан басқа Бөкей ордасының жері Астрахань губерниясына бағындырылып, ал Маңғыстау түбегі мен оған жанасып жатқан Арал және Атырау теңіздерінің аралығындағы жерлер, Закаспий облысына қаратылды. Міне, осылайша қазіргі Қазақстан жерінің аумағында сол кезде бірде-бір ұйымдастырушылық орталық мәніндегі губерниялық қала болмады.
42-лекция.
Тақырыбы: Мемлекеттік құрылыс және елдердің билік формалары
(1 сағат)
Жоспар:
1.Мемлекеттерді басқарудың республикалық, монархиялық т.б түрлері, мемлекетаралық бірлестіктер.
2. Мемлекеттік құрылыс формалары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998
2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.
3.Д. Жамбылов Саясаттану.
4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998
5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980
6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996
7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994
8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996
9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996
10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992
б) қосымша
11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997
12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996
Лекцияның мәтіні:
1.Басқарудың негізгі екі түрі: республикалық және монархиялық басқару. Қай елдің болса да, мемлекеттік құрылысы, ең алдымен ондағы басқару түріне байланысты. Басқардың негізгі екі түрі бар.
Республикалық басқару ерекше кең таралған, өйткені дүние жүзіндегі барлық елдердің ¾ -і респуликалар болып табылады. Республика дегеніміз-заң шығаратын ең жоғарғы өкімет билігі сайланатын өкілетті орган парламенттің, ал атқарушы билік-үкіметтің қолында болатын басқару түрі. Саяси тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін азат болған елдердің көпшілігі мемлекетті басқарудың республикалық түрін қабылдады. Египет, Эфиопия, иран секілді мың жылдық монархиялар да республикалар болып жарияланды.
Өз кезегінде респулика президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Президенттік республикада (АҚШ, Аргентина, Бразилия және т.б.) президент өте үлкен құқыққа ие бола отырып, үкіметті өзі басқарады. Парламенттік республикада (ГФР, Италия, Израиль, Үндістан және басқа) басты тұлға президент емес, ол үкімет басшысы болып табылады. Ал, нақтылы өмірде Премьер-министр басқаратын үкіметі бар парламенттік республикада, өздерінің президентіне зор мүмкіндік беріп, олар шындығында президенттік республикадан онша айырмашылық жасамайды. Мысалы, Франция, Югославия, Египет, сонымен бірге Ресей және ТМД-ның басым елдері осындай. Дүние жүзінің социалистік жүйесінің ыдырауына қарамастан, қазіргі басқару формасынан Қытай, Вьетнам, КХДР, Кубаны социалистік республикаларға жатқызуға болатынын қоса айтуға болады.
Монархиялық басқару әлдеқайда аз таралған, өйткені дүние жүзінде не бары 30 монархия бар. Монархия дегеніміз-мемлекет басшысы император, король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару түрі. Мұндай жоғарғы өкімет билігі атадан балаға мұра ретінде беріліп отырады. Олардың ішінде конституциялық монархиялар басым, мұнда нақты заң шығару билігі-парламенттің қолында, ал атқарушы билігін үкімет жүргізіледі, монархтың өзі, былайша айтқанда, «патшалық етеді, бірақ басқармайды». Оларда монархиялық құрылыс ерекше, кейде бейне бір өткен кездегі «тақ құдіретін еске салатын мыңдаған жылғы дәстүр ретінде сақталады.
Ұлыбритания-дүние жүзіндегі конституциялық монархиялық ең көне ел. Король (қазіргі патшайым ІІ Елизавета)-мемлекеттің , қарулы күштердің бас қолбасшысы, ағылшын мемлекеттік шіркеуінің, сондай-ақ Ұлыбританияның басқарындағы, бұрын Британ империясының құрамына енген 50 ел мүше болып табылатын достастықтың діни басшысы. Король парламент қабылдаған заңдарға қол қояды. Нормандиялық жаулап алу жылдарынан бері корольдың бұйрықтарына «Король (королева) осыны қалайды!» деген дәстүрлі тұжырымдама жазылып келеді.
Жапония-конституциялық монархиялы ел. Онда император дәстүр бойынша мемлекеттің және ұлт бірлігінің символы болып табылады, бірақ заң шығару билігі парламенттің, ал атқарушы билік-министрлер кабинетінің қолында.
Абсолюттік монархияларда, бұған керісінше, монархтың билігіне мүлде шек қойылмаған. Алайда, қазіргі дүние жүзінің саяси картасында ондай елдер саналы ғана, негізінде парсы шығанағы ауданында.
Сауд Арабиясы-абсолюттік монархиялы ел. Онда мемлекет басшысы (король) заң шығарушы және атқарушы өкімет билігі өзі жүргізеді, сонымен бірге, ол Премьер-министр, қарулы күштердің бас қолбасшысы және жоғары сот әрі басқарушы болып табылады. Үкімет негізінен алғанда король әулеті мүшелерінен құрылады.
Абсолюттік монархияның өте сирек түрлерінің бірі-тоекратиялық монархия (теократиялық монархияды-монарх бір мезгілде ақсүектер патшасы және шіркеу басшысы) болып саналады. Теократиялық монархияның мысалы-Римдегі Ватикан қала-мемлекеті, Сауд Арабия корольдігі; Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Бруней сұлтандығы.
Дүние жүзіндегі монархтық түрде басқарылатын елдер
Елдер
|
Басқару үлгісі
|
Елдер
|
Басқару үлгісі
|
Шетелдік Еуропа
Андорра
Бельгия
Ватикан
Ұлыбритания
Дания
Испания
Лихтенштейн
Люксембург
Монако
Нидерланды
Норвегия
Швеция
Шетелдік Азия
Бахрейн
Бруней
Бутан
Иордания
|
Княздік
Корольдік
Теократиялық монархия
Корольдік
Корольдік
Корольдік
Княздік
Ұлы
герцогтік
Княздік
Корольдік
Корольдік
Корольдік
Әмірлік
Сұлтанат
Корольдік
Корольдік
|
Катар
Камбоджа
Кувейт
Малайзия
Непал
Оман
Біріккен Арабтар
Әмірліктері
Сауд Арабиясы
Таиланд
Жапония
Африка
Лесото
Марокко
Свазиленд
Мұхиттық аралдар
Тонга
|
Әмірлік
Корольдік
Әмірлік
Сұлтанат
Корольдік
Сұлтанат
Әмірлік
Корольдік
Корольдік
Империя
Корольдік
Корольдік
Корольдік
Корольдік
|
Достарыңызбен бөлісу: |