(1 сағат)
Жоспар:
1.Дүние жүзінің саяси картасындағы сандық өзгерістер.
-
Дүние жүзінің саяси картасындағы сапалық өзгерістер.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
Дүние жүзі картасындағы өзгерістер әр түрлі сипатта болады. Олардың біразы сандық өзгерістер, бұлар соғыста басып алу, мемлекеттердің өз еркімен келісуі және т.б. себебінен болатын аумақтық қосылулармен не айырылулармен байланысты. Кейде жекелеген елдер арасындағы тату көршілік қатынастарды сақтау үшін құрлық үлескілері айырбасталатын жағдайлар да болады.
Енді біраз өзгерістер – сапалық өзгерістер. Оларда аумақ әдетте өзгермейді. Мұның мәнісі бір қоғамдық – экономикалық формацияның орнына басқасының келуі, бұрынғы отар елдерінің мемлекеттік тәуелсіздікке жетуі, жаңа мемлекеттік құрылыстың орнауы және т.т. Кейде сандық өзгерістерге сапалық өзгерістер қосылады.
Дүние жүзінің картасындағы сандық өзгерістердің көбіне бұрынғы замандардағы жағдай екендігі айдан – анық: ол кездерде соғыстар мемлекетаралық таластарды шешудің үйреншікті амалы болатын, жаңа жерлер үсті – үстіне ашылып, игеріліп жатты, отаршыл империялар қалыптасып жатқан заман болды. Империалистік елдер арасында отарларды басып алу, шикізат негіздері мен өнім өткізетін рыноктарды қаратып алу жолындағы күрес шиеленісе берді.
Ел мен елдің арасындағы қайшылықтар әбден шиеленісіп, “ жұдырық құқығы” олардың саясатының басты құралына айналатын кезде басталып кететін соғыстар дүние жүзі картасындағы ең ірі – ірі аумақтық өзгерістерге себеп болып отырды.
Алайда аумақ үшін болатын таластарды соғыс арқылы шешу бүгінде келмеске кеткен амал екенін өмір айқын көрсетті. Ядролық қару бар заманда мұндай жол біздің планетаны адамзаттың алып моласына айналдыру қатеріне ұшыратады.
Сонымен, дүние жүзінің қазіргі саяси картасы – оның мыңдаған жылдар бойғы дамуының қорытындысы: ондағы сандық өзгерістер басуда, ал қазіргі процестердің мәні де осында: аумақ үшін таластарды, халықаралық жанжалдардыбейбіт реттеу, диалогымен шешу жолы – үшінші мыңжылдықтың басында бүкіл адамзатқа ортақ жол
39-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Елдердің саяси әр алуандығы
(1 сағат)
Жоспар:
1.Елдердің көптүрлілігі.
2.Елдерді саралаудың маңызы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
Дүние жүзінің қаазіргі саяси картасында 200 – ден астам елдер мен аумақтар бар, олардың 190 – нан астамы – егемен мемлекеттер. Бұл елдердің тіпті ең кішкенесіне дейінінің қайталанбас ерекшеліктері бар. Дүние жүзі мемлекеттерінің арасында аумағы ұлан – ғайыр елдер ( Ресей,АҚШ, Қытай және т.б.) және мүлдем ұсақ елдер ( Андорра, Лихтенштейн, Сингапур және т.б.), көп ұлтты және бір ұлтты елдер, табиғи ресурстары мол және мұндай ресурстары жұтаң елдер, континент ішіндегі, теңіз жағалауындағы, аралдағы және т.б. елдер бар. Қазіргі дүние жүзі елдерінің осындай сан алуан болуы себепті оларды саралау қажет, яғни, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы елдердің жекелеген түрлерін саралау керек болады.
Бұлайша саралау оларды танып – білу тұрғысынан маңызды: Мұның үстіне практикалық тұрғыдан да маңызды, мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы ( БҰҰ) азаттық алған елдердің жекелеген топтарының даму проблемалары бойынша ұсыныстар белгілегенде, оларға көмек көрсетпек кезде және т.б. жағдайларда қажет.
Елдердегі түр – түрге саралау әр түрлі болуы мүмкін, мұның бәрі қандай белгілерді саралаудың негізі деп алуға байланысты. Ондай белгілер мемлекеттердің географиялық орны, олардың қашан құрылғаны, этностық және діни құрамы, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі және басқа да көптеген белгілер болуы мүмкін. Саралаулардың қайсыбірін өздерің де жасауларыңа болады, ондайда, мысалы, халқына, экономикасына қатысты көрсеткіштерді, табиғи ресурстардың қайсыбір түрлерінің болуын және т.б. алуларың мүмкін.
Бұларға қоса әлеуметтік – экономикалық белгілерді және ең алдымен өндірістік қатынастардың дамуының деңгейі мен сипатын есепке алуға негізделген саралаулар бар. Дүние жүзінде капиталистік және социалистік елдердің бар екенін негізге алып, дүние жүзінің елдерін соңғы кезге дейін не капиталистік, не социалистік елдер деп саралау болды. Алайда дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың ауқымында саны орасан көп әрі әлеуметтік – экономикалық табиғаты жөнінен ерекшелігі өте мол, дамуы нашар мемлекеттер тобы бар екені ескеріліп, мемлекеттерінің екі түрі емес, социалистік, капиталистік және дамушы деп аталған үш түрі бар деп саралау жиі қолданылады.
Мемлекеттердің бұл үш түрін мәңгілік қатып қалған деп қарауға болмайды. Мысалы, кейбір дамушы елдер әлеуметтік – эконоикалық дамуда айтарлықтай табыстарға жетіп, ендігі жерде жоғары дамыған капиталистік елдер атануға лайықпыз деп отыр ( Бразилия, Аргентина және т.б. ). Ал КСРО – да және Шығыс Еуропа елдерінде социализм орнатудың әміршіл - әкімшіл әдістерінің кеңінен қолданылуы, халықтың тұрмыс деңгейінің құлдырауы, демократиялық бостандықтардың болмауы себепті көптеген елдер социалистік мақсат – мұраттардан түңіліп, капиталистік шаруашылық түрлеріне қайта оралып жатыр ( Польша, Венгрия және т.б. ).
40-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |