(2 сағат)
Жоспар:
-
Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының ежелгі кезеңі.
-
Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының ортағасырлық кезеңі.
-
Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының жаңа кезеңі.
-
Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының қазіргі жаңа кезеңі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні
-
Ежелгі кезең (Vғ. дейін)
Алғашқы мемлекеттер Ежелгі Египет, Карфагеннің, Греция, Ежелгі Римнің дамуы мен күйреуі.
-
Орта ғасырлық кезең (V – XVғ.)
Ұлан ғайыр құрлық жерлерді ( атап айтқанда Еуропа) әр түрлі мелекеттер өзара түгел бөліседі: Киев Русі, Византия, Мәскеу (Орыс), мемлекеті “Қасиетті Рим империясы”, Португалия, Англия, Германия.
-
Ұлы географиялық ашылулар кезеңі: Америка, Африка, Үндістан, Оңтүстік Шығыс Азия, Австралияның зерттелуі.
-
Жаңа кезең ( XV – XVI ғ ) Англия мен Францияның көтерілуі, отаршылдықты жүргізе бастауы. Дүние жүзі державаларының бөліске салынуы, Африка жерлерін отарлау.
-
Әлемнің I және II дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерісі. Ірі Осман империясының әлсіреуі. Босния мен Герциговиня, Австрия, Венгрия қосылды. Чехословакия мен Польша пайда болды. Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Балтық жағалауы, Оңтүстік Сахалин ҚСРО –ға қосылды.
-
Дүниежүзілік социалистік жүйенің құрылуы мен күйреуі.
Ғасырымыздың басында (1900ж.) Жер шарында тәуелсіз дербес мелекеттер саны бар – жоғы 55 – ақ болса, екінші дүние жүзілік соғыстың қарсаңында дүние жүзінде 71 егеменді мемлекет болды, ал 1974 жылы олардың саны 81 – ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан (ол толық дербестігін 1944 жылы алған болатын) басқасы, өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрылығының жас мемлекеттері болды. Олардың сапында, осы құрылықтағы ең ірі мемлекеттер – Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Филиппин, т.б. бар.
1959 жылы егеменді мемлекеттердің саны 92 –ге толды. Енді Азия елдерімен қатар соғыстан кейінгі жылдары алғашқылардың бірі болып, Африка құрлығы елдерінің де қолдары саяси бостандыққа жетті. Ең алдымен оның солтүстігіндегі араб елдері: Ливия (1951 жылы), Марокко, Тунис және Араб Суданның үлкен бөлігі (барлығы 1956 жылы), ал тропикті Африкада – Гана (1957 жылы) ең бірінші болып, оның артынша Гвинея (1958 жылы ) өз тәуелсіздіктерін алды.
1960 жыл – “Афика жылы“ болып есептелінеді, өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі, өз егемендіктерін ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды, осы жылы Кипр, ал 1961 жылы Кувейт, 1964 жылы Еуропадағы Мальта аралы өз тәуелсіздіктерін алды (Еуропадағы соңғы отар – Гибралтар қазір Ұлыбритания иелігінде, ал Фарер аралы Гренландиямен қоса автономиялық құрылыдар ретінде Данияға қарайды).
1990 жылы планетамызда 171 егеменді елдер болды. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық – этникалық құрамы негізінде екі Араб мемлекеті – Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық – Демократиялық Республикасы қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет – Йемен Республикасы пайда болды ( ауданы 532 мың шаршы км, халқы 13 миллионнан астам). Әкімшілік астанасы – Сана қаласы болып, ал Аден болса негізгі экономикалық орталық, әрі портты қала деп жарияланды.
4-лекция.
Тақырыбы:
(1 сағат)
Саяси картаның негізгі нысандары
Жоспары:
1. Егеменді мемлекеттер, тәуелді елдер, отарлар, бодандықтағы және қамқорлықтағы жер аумақтары.
2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси тәелсіздікке жеткен елдер
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998
2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.
3.Д. Жамбылов Саясаттану.
4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998
5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980
6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996
7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994
8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996
9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996
10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992
б) қосымша
11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997
12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996
Лекцияның мәтіні:
1. Егемен мемлекет-ішкі және сыртқы істері жөнінен өзіндік дербестігі бар саяси тәуелсіз мемлекет.
Елдер, мемлекеттер-дүние жүзі саяси картасының басты объектісі. Бұл картадағы елдердің жалпы саны ХХ ғасырдың ішінде елеулі артты: біріншіден, бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысымен байланысты өзгерістер нәтижесінде; екіншіден, екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты болған өзгерістер нәтижесінде империализмнің отарлық жүйесі күйреп, 1945-1993 жылдары 102 ел өздерінің саяси тәелсіздігіне жетті.
Кеңес Одағының, Югославияның, Чехословакияның ыдырауы нәтижесінде. Міне сондықтан да ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінің саяси картасындағы елдер мен аумақтар саны 230-ға жетті.
Мұндай сандық өсудің аржағында маңызды сапалық ілгерілеушіліктердің тұрғаны белгілі. Егер 1900 жылы дүние жүзінде 57 егеменді мемлекет болса, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында-71, ал 2000 жылдарға қарай олар 193 болды.
Ал қалғандары басым түрде бұрынғы отарлаушы империялар Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, АҚШ-тың өзін басқара алмайтын «жарқышақтары» деп аталатын аумақтарына келеді.
Отарларды жою процесі әле де жүріп жатыр, бірақ 60-70жж салыстырғанда баяу. БҰҰ-ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік – Намибия 1990 жылғы наурызда өз дербестігін алды. 1976 жылдың ақпанында Испания иелігінде болған – Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін жариялаған.
2.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саяси тәуелсіздікке жеткен елдер
№
|
Елдер
|
Жер шары бөлігі
|
Тәуелсіздік алған жылы
|
1
|
Корея
|
Азия
|
1945
|
2
|
Вьетнам
|
Азия
|
1945
|
3
|
Индонезия
|
Азия
|
1945
|
4
|
Иордания
|
Азия
|
1946
|
5
|
Ливан
|
Азия
|
1946
|
6
|
Сирия
|
Азия
|
1946
|
7
|
Филиппин
|
Азия
|
1946
|
8
|
Үндістан
|
Азия
|
1947
|
9
|
Пәкістан
|
Азия
|
1947
|
10
|
Мьянма
|
Азия
|
1948
|
11
|
Израиль(1948ж дейін бұл аумақта Палестина болды)
|
Азия
|
1948
|
12
|
Шри-Ланка(Цейлон)
|
Азия
|
1948
|
13
|
Лаос
|
Азия
|
1949
|
14
|
Ливия
|
Африка
|
1951
|
15
|
Камбоджа
|
Азия
|
1953
|
16
|
Марокко
|
Африка
|
1956
|
17
|
Тунис
|
Африка
|
1956
|
18
|
Судан
|
Африка
|
1957
|
19
|
Гана(Алтын жағалау)
|
Африка
|
1957
|
20
|
Малайзия
|
Азия
|
1957
|
21
|
Орталық Африка Республикасы(Убанги-Шари)
|
Африка
|
1958
|
22
|
Гвинея (Франция Гвинеясы)
|
Африка
|
1960
|
23
|
Кот-д Ивуар (Піл Сүиегі жағалауы )
|
Африка
|
1960
|
24
|
Буркин-Фасо(Жоғарғы Вольта)
|
Африка
|
1960
|
25
|
Габон
|
Африка
|
1960
|
26
|
Бенин (Дагомея)
|
Африка
|
1960
|
27
|
Камерун
|
Африка
|
1960
|
28
|
Конго Демократиалық Республикасы (Заир,Бельгия Конгосы)
|
Африка
|
1960
|
29
|
Конго Халық Рнспубликасы (Орта Конго)
|
Африка
|
1960
|
30
|
Мавритания
|
Африка
|
1960
|
31
|
Мали
|
Африка
|
1960
|
32
|
Мадагаскар
|
Африка
|
1960
|
33
|
Нигер
|
Африка
|
1960
|
34
|
Нигерия
|
Африка
|
1960
|
35
|
Сенегал
|
Африка
|
1960
|
36
|
Сомали(италия-Сомали,британдық-Сомали)
|
Африка
|
1960
|
37
|
Того(Тоголенд)
|
Африка
|
1960
|
38
|
Чад
|
Африка
|
1960
|
39
|
Кипр
|
Азия
|
1960
|
40
|
Кувейд
|
Азия
|
1961
|
41
|
Сьерра-Леонд
|
Африка
|
1961
|
42
|
Танзания (Таганьика)
|
Африка
|
1961
|
43
|
Йемен Араб Республикасы
|
Азия
|
1962
|
44
|
Алжир
|
Африка
|
1962
|
45
|
Бурунди
|
Африка
|
1962
|
46
|
Руанда
|
Африка
|
1962
|
47
|
Угаида
|
Африка
|
1962
|
48
|
Тринидад және Табаго
|
Америка
|
1962
|
49
|
Ямайка
|
Америка
|
1962
|
50
|
Батыс Самоа
|
Мұхиттық аралдар
|
1962
|
51
|
Кения
|
Африка
|
1963
|
52
|
Замбия(Солтүстік Родезия)
|
Африка
|
1964
|
53
|
Малави(Ньясаленд)
|
Еуропа
|
1964
|
54
|
Мальта
|
Азия
|
1964
|
55
|
Мальдив Республикасы
|
Азия
|
1965
|
56
|
Сингапур 1965
|
Азия
|
1965
|
57
|
Гамбия 1965
|
Африка
|
1965
|
58
|
Гайана(Брит.Гвианасы)
|
Америка
|
1966
|
59
|
Ботсвана(Бечуаналенд)
|
Африка
|
1966
|
60
|
Лесето (Басутоленд)
|
Африка
|
1966
|
61
|
Барбатрос
|
Америка
|
1966
|
62
|
ЙХДР(Аден)
|
Азия
|
1967
|
63
|
Маврикий
|
Африка
|
1968
|
64
|
Науру
|
Мұхиттық аралдар
|
1968
|
65
|
Свазиленд
|
Африка
|
1968
|
66
|
Экваторлық Гвинея
|
Африка
|
1968
|
67
|
Тонга Карольдігі
|
Мұхиттық аралдар
|
1970
|
68
|
Фиджи
|
Мұхиттық аралдар
|
1970
|
69
|
Бахраин
|
Азия
|
1971
|
70
|
Катар
|
Азия
|
1971
|
71
|
Біріккен Араб Әмірлігі(Шартты Омар) 1973
|
Азия
|
1971
|
72
|
Бангадеш (Шығыс Пәкістан)
|
Америка
|
1973
|
73
|
Багам Аралдар Достастығы
|
Африка
|
1973
|
74
|
Гвинеия-Бисау(Порт.Гвинеиясы)
|
Америка
|
1974
|
75
|
Гренада
|
Африка
|
1975
|
76
|
Мозамбик
|
Африка
|
1975
|
77
|
Кабо-Верде(Жасыл Мүйіс аралдары)
|
Африка
|
1975
|
78
|
Сан-томе және Принсипи
|
Африка
|
1975
|
79
|
Камор аралдары
|
Африка
|
1975
|
80
|
Папу-Жаңа Гвинеия
|
Мұхиттық аралдар
|
1975
|
81
|
Ангола
|
Африка
|
1975
|
82
|
Сурина
|
Америка
|
1975
|
83
|
Сейшел аралдары
|
Африка
|
1976
|
84
|
Джибути (сомалидың Франциялық жағалауы)
|
Африка
|
1977
|
85
|
Соломон аралдары
|
Мұхиттық аралдар
|
1978
|
86
|
Тували
|
Мұхиттық аралдар
|
1978
|
87
|
Доминика
|
Америка
|
1978
|
88
|
Сент-Люсия
|
Америка
|
1979
|
89
|
Кирибати(Гилберт аралдары)
|
Мұхиттық аралдар
|
1979
|
90
|
Сент-Винсенті және Гренадина
|
Америка
|
1979
|
91
|
Зимбабве (Оңтүстік Родезия)
|
Африка
|
1980
|
92
|
Белзи(Брит.Гондурасы)
|
Мұхиттық аралдар
|
1980
|
93
|
Антигуа мен Барбуда
|
Америка
|
1981
|
94
|
Сент-Кмст және Невис
|
Америка
|
1981
|
95
|
Брунеи
|
Азия
|
1983
|
96
|
Микронезия Федеративті штаттары
|
Мұхиттық аралдар
|
1984
|
97
|
Каролин аралдары
|
Мұхиттық аралдар
|
1986
|
98
|
Маршалл аралдары Респбликасы
|
Мұхиттық аралдар
|
1986
|
99
|
Солтүстік Мариан аралдарының Достастығы
|
Африка
|
1986
|
100
|
Намибия (Оңтүстік Батыс Африка)
|
Африка
|
1990
|
101
|
Эритрея
|
Африка
|
1993
|
102
|
Палау Республикасы
|
Мұхиттық аралдар
|
1994
|
5-лекция.
Тақырыбы:Саяси картаның негізгі нысандары.
Жоспары.
(1 сағат)
1. «Аумақ (территория)» және “кеңістік”ұғымдары.
2.Мемлекеттік шекаралар, шекара түрлері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. Т. О Увалиев Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы.-А., 1998
2.Ю.Н. Гладкий С. Б. Лавров Дүние жүзінің эканомикалық және әлеуметтік географиясы.
3.Д. Жамбылов Саясаттану.
4. Гаджиев К.С. Введение в геополитику., -М., 1998
5. Витковский О.В. Политическая георгафия и геополитика. М., 1980
6. Каледин Н.В. Политическая география: стоки, проблемы. С-П.,1996
7. Плешаков К. Компоненты геополитического мышления. М., 1994
8. Разуваев В.В. Геополитика современности и геостратегии России.-М., 1996
9. Сорокин К.Э. Геополитика современности и геостратегии. М., 1996
10. Сатбалдин С.С. «Драконы» и «тигры» Азии: сможет ли казахстанський «барс» пройти их тропами?-А., 1998,1992
б) қосымша
11. Гаджиев К.С. Геополитика. М., 1997
12. Андрианова Т.В. Геополитические теории 20 века.-М., 1996
Лекцияның мәтіні:
-
Аумақтық (территориялық) бөліну. Алғашқы қауымдық қоғамда халық қандас туысқандығы жағынан ұйымдасып, ру-ру,тайпа- тайпа болып тұратын. Жоғарғы өкімет халық жиналысының қолында болған, яғни ол не шешме, сол орындалатын. Еразаматтар қаруын қасында сақтаған, тосыннан жау шапса, дер кезінде тойтарыс беру керек болған. Сондықтан халықтан оқшау қарулы күштер болмаған.
Қоғам таптарға бөлінгеннен кейін жағдай өзгерген. Өндірстің өркендеуі, еңбектің бөлінуі, сауданың өсуі, халықтың көбейуі ру мен тайпаның бұрынғы бірлігін бұзды. Түрлі рулар мен тайпалардың мүшелері кәсіптеріне қарай қоныстана бастайды. Соның арқасында олар бір-бірімен арласады. Қолөнер мен сауда өркендеген соң қалалар пайда болады. Бұларға басқа ру, тайпалардан көптеген келімсек халық келіп қосылады. Ру жағынан бөлінудің орнына халық аумағы бойынша бөліне бастайды. Штаттар, губерниялар, болыстар пайда болады. Мемлекттің заңдары мен өкілеттілігі сол аумақта тұратын адамдардың бәріне де қатысты.
2. Эканомикалық және әлеуметтік географиядағы негізгі ұғымдардың бірі “мемлекеттің аумағы” деген ұғым. Ол- жер шарының белгілі бір елдің егемендігіне болатын бір бөлігі. Мемлекеттік аумақ құрамына қойнауымен бірге құрлық, су және әуе кеңістігі кіреді. Су аумағына ішкі сумен бірге аумақтық сулар кіреді, ал соңғысының мәнісі Дүниежүзілік мұхиттың құрлыққа іргелес 12 теңіз милі шеңберіндегі су деген сөз. Әрбір мемлекеттің екіншісінен бөліп тұрған құрлықтық немесе теңіздік шекараларымен шектеулі аумағы болады. Бұл шекаралар өткен замандардың оқиғалары нәтижесінде тарихи түрғыдан қалыптасқан. Мысалы Африкадағы көптеге мемлекеттік шекаралардың сызықтық бітімі отаршыл державалардың бір кездегі текетіресін де, жас мемлекеттерді этностық бқлшектеуге душар етіп, бұрынғы отар шет аймақтарды қанай беруге уақыт ұту үшін олардың арасына араздқ ұрығын сеуіп кетпек болған әрекетті де анық көрсетеді.Халықаралық құқық басқа мемлекеттің шекарасын бұзуға, оданда бетер басқа аумақты күштеп басып алуға тыйым салады. Мемлекеттер арасында аумақтық таластардың барлығы тек бейбіт амалдармен ғана шешілуге тиіс. 1975 жылы Хельсинкиге Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңесте еуропалық елдер арасында екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан шекараларды және олардың бұзылмастығын жаппай мойындау туралы ереже қабылданған болатын.
6-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |