(1 сағат)
Жоспар:
-
Дамушы елдер тобы.
-
Дамыған елдер тобы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.
Дамушы елдер топтарына берілген саяси – экономикалық анықтамалықтардың мінездемелерінде – социалистік бағыттағы елдер туралы сипаттама ескерілмегенмен, жалпы салыстырмалы түрде 1970- 80 жж. олардың саны дүние жүзі бойынша 20- дан астам болатын (негізінен олар – Азия мен Африка елдері). Қазір бұл елдердің көпшілігі социалистік бағыттың болашағының жоқ екенінен, әрі өздерінің саяси - әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлар келіспеушілігінен, социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік агрессияның өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы – экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық т.б.) қысқартылуынан, көптеген осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер әлемнің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.
Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер - Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер деңгейіне шамамен жақындайын деп қалды. Ал, 1970- 80 жж. бастап Азияның жаңа индустриялы елдері – Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Сянганның ( Гонконг) экономикалары өте қарқынды өркендеді. Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де тез қарқынмен даму үстінде. Осы мәселелерден, жалпы саяси – идеологиялық және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйлестіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі көрініп – ақ тұр.
Мемлекеттерді әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарап, олардың тұрғындарының материалдық және әлеуметтік қажеттерінің қанағаттандырылу дәрежесі бойынша саралау барынша ден қоюға лайық. Мемлекеттердің белгілі бір саралау тобына жататынын анықтайтын сенімді көрсеткіштер мұндайда азық – түлік өнімдері мен ең қажетті өнеркәсіп тауарларының жан басына шаққанда орта есеппен қанша өндірілетіні, тұрғындардың қолайлы тұрғын үймен және көлік қызметімен қаншалық қамтамасыз етілгендігі, медицина қызметінің сапасы, азаматтардың білім деңгейі және т.б. бола алады.
Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі дүние жүзі елдерінің арасында әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің көп ұқсастығы тән көптеген мелекеттер топтарын көруге болады. Көбінесе мелекеттердің дамыған және дамушы деген екі түрін ғана саралайды.
Дамыған мемлекеттер қатарында ең алдымен мына мемлекеттерді атау керек: АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдері, Жапония, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль. Бұл елдерге нарықтық қатынастар дамуының кемел деңгейі тән, атап айтқанда монополиялар мен мемлекеттің күшін біртұтас механизм етіп біріктірген мемлекеттік – монополистік капитализм кемел дамыған. Дүниежүзілік саясат пен экономикадағы рөліне қарай бұл елдерді екі топқа бөлуге болады.
Олардың бірінші тобы басты басты елдер жетілігін құрайды:АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада. Олардың көшбасшы болып отырған себебі аумағы мен халқының саны көптігінен емес, дүниежүзілік саясат пен экономикада үлкен рөл атқаратынынан, еңбек өнімділігі жоғары болуынан, ғылым мен техниканы дамытудағы талассыз табыстарынан. Егер тарихқа “ үңілсек”, өнеркәсібі дамыған басты – басты елдердің көпшілігі таяуда өткен уақытта ірі – ірі отарлық империялардың иелері болғаны, олардың талай пайда тауып келгені анықталады.
Бұл сектордың қалған елдері екінші топтағы құрайды. Бұл мемлекеттер ( Австрия, Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция және т.б.) көбіне “ үлкен жетілік “ елдерінің экономикалық және саяси қарым – қатынастарында байланыстырушы буын ретінде көрінеді. Сонымен қатар бұл топтағы кейбір елдер дүниежүзілік сауда мен саясатта әжептеуір елеулі шептерге ие.
Дүние жүзінің дамыған елдерінің арасында жаңа индустриялық елдер деп аталатын, осы таяу кезде – ақ дамушы елдерге тән экономикасы болған елдердің алатын орты айрықша ( Сингапур, Корея Республикасы, Аргентина, Бразилия және т.б. ). Оларға тән ерекшелік - жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім деңгейі біршама биік, еңбектің индустриялық түрлері дамыған, экономикасының салалық құрылымы біршама өркендеген, өңдеуші өнеркәсіп бұйымдарын экспортқа шығарады, жұмыс күші арзан. Оларда нарықтық қатынастар дамушы елдердегіге қарағанда неғұрлым толысқан деңгейде.
Бұрынғы КСРО республикалары мен Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігін де әдетте дамыған елдер қатарында атайды. Алайда ғылыми – техникалық прогрестің қарқыны мен экономиканың тиімділігі жөнінен артта қалғандығының байқалуы бұл елдер халқының тұрмыс дәрежесі құлдыратты, сөйтіп соңғы жылдары олардың дамыған елдер деген дәрежелерін едәуір төмендетіп жіберді. Тек батыл реформалар ғана бұл елдерді әлеуметтік – экономикалық өрлеуге жеткізуі мүмкін.
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттердің саны ең көп түрі – дамушы елдер. Бұлар негізінен Азиядағы , Африкадағы, Латын Америкасы мен Мұхит аралдарындағы бұрынғы отарлар. Оларға тән ортақ белгілер бұрын отар болғаны және соған байланысты кедейлігі ғана емес. Сонымен қатар саяси дербестік пен экономикалық тәуелділік арасындағы кереғар қайшылық, шаруашылықтың капитализмге дейінгі түрлерінің сақталуы, экономикасының аграрлық – шикізаттық және минералдық – шикізаттық сипаты, дамыған индустриялы елдерге берешек орасан көп борш ( 1 трлн. доллардан астам) және басқа ортақ белгілер тән.
Дамушы елдер - өтпелі түрдегі мемлекеттер; олардағы қоғамдық – экономикалық қатынастар интенсивті трансформация сатысында. Осыған байланысты олар үшін саяси және әлеуметтік – экономикалық дамудың болашақтағы жолын дұрыс таңдау проблемасы ерекше маңызды.
Сонымен, қазіргі заманғы дүние жүзінің көптеген елдерінің ерекшеліктерін жете білу үшін олардың қай түрге жататынын білген жөн. Елдердің әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша саралануы неғұрлым маңызды болмақ.
24-лекция.
Лекцияның тақырыбы. Мемлекеттердің саяси-географиялық (геосаяси) жағдайы
(1 сағат)
Жоспар:
-
Геосаяси және саяси жағдайлар.
2. Геосаясат ұғымы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.
2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.
Саяси географияның ең маңызды құрамдас бөлігінің бірі, ол – геосаясат пен геосаяси жағдайлар болып табылады. Осы жерде өзіміздің республикамыз бен Орта Азия республикалары төңірегінде қалыптасқан жаңа геосаяси жағдай мен олардың біртұтас соны географиялық – “ Орталық Азия “ геоаймағы деп біріктірілуіне тоқталсақ. Бұл республикалардың барлығының ( Әзірбайжанды қоса есептесек) жалпы ортақ шығу тегі мен тарихында, діні мен тілінде, салт – санасы мен әдет – ғұрпында, мәдениеті мен шаруашылығында жақындықтар мен ұқсастықтар өте көп. Бұлардың жалпы жер көлемі - 4 миллион кв. км аса, халқы – 62,0 миллион адамға жуық және бір ескеретін жай, БҰҰ болжауы бойынша 2030 жылдары осы аймақтың халқының саны 100 миллион адамға дейін өсуі тиіс, әрі олардың барлығының дерлік өте тез өсіп келе жатқан түркі тілдес халықтарға жатуы ( тек тәжіктер ғана иран тіл тобына жатады). Осы “ Орталық Азия “ елдері өздерінің қолайлы геосаяси жағдайларын пайдаланып бұрыннан келе жатқан дәстүрлі – Ресей және т.б. ТМД елдерімен байланыстарын жаңғыртуымен қатар, Түркия, Иран, Пәкістан, Үндістан, Монғолия, Қытай, Корея және Араб елдерімен жаңа қатынастар орнатуда. Ал, біздің ең жақын көршіміз Ресейдің геосаяси жағдайына келсек, бұрын ол 8 ғана көршілес елдермен шектессе, енді олардың саны екі есеге көбейіп 16 елге дейін өсіп отыр (АҚШ пен Жапонияны қоса алғанда). Оның шекарасының ұзындығы қазір – 58,6 мың км жетіп, енді бұрынғы Кеңес Одағының орнында қалыптасқан ТМД және Балтық бойы елдерімен арадағы қарым – қатынастарында жаңа проблемалар ( территориялық, азаматтық, қоныс аудару, транзиттік тасымал, т.б.) туындап отыр.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішіндегі ең ірісі, әрі қуаттысы – Ресей, оның үлесіне ТМД – ның жер аумағының – 77 пайызын, халықының – 44 пайызы тиесілі. Бүгінде Ресей Федерациясының құрамында: 21 республика, 1 автономиялық облыс, 10 автономиялық округ, 6 өлке және 49 облыс бар. Социалистік система және КСРО кезеңіндегі әлемдік саясаттағы қалыптасқан биполярлықдүниеге өту барысында – Ресей тәңірегіндегі геосаяси хал – ахуал мүлдем өзгерді. Сондықтан қазіргі Ресейдің сыртқы геосаясаты ТМД елдерімен қатар, дүние жүзінің көптеген ірі географиялық орталықтарына бағытталған. Мәселен: Батыс Еуропа, АҚШ, Қытай, Таяу Шығыс, Азия – Тынықмұхит аймақтары, т.б.
1991 жылы Кеңес Одағының құрамындағы 15 республиканың тәуелсіз мемлекеттерге айналуы, 2 –ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан әлемдік геосаяси жүйені құрылымдық жағынан қайта жаңғыртты. Нәтижесінде Еуразияның саяси картасы үлкен өзгеріске ұшырап, оның ішінде Қазақстан бұл материктің жаңа геосаяси құрылымында өзіндік маңызды сипатқа ие болды. Қазіргі Қазақстан - әлемдік геосаясаттың үнемі назарындағы, Еуропа мен Азия құрылықтарының тоғысында орналасқан жас мемлекет. Республикамыз көршілес бес мемлекетпен шектессе, оның екеуі планетамыздағы аса ірі, әрі ядролық және космостық державалар – Ресей мен Қытай . Қазақстан шекарасының бір ерекшелігі, оның негізгі бөлігінің құрғақтағы шекара болып табылуы, әрі онда дүние жүзі бойынша ең ұзын үзіліссіз шекараның орналасуы. Мысалы, оның Ресеймен арадағы 6846 шақырымға созылатын шекарасы, бұған дейінгі – 6416 км құрайтығын АҚШ пен Канада арасындағы үзіліссіз шекарадан (Аляскадағы канада- американ шекарасындағы 2477 шақырымдық үзілмелі сегменті қоспағанда) асып түсіп отыр.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы 200 – ден астам мемлекеттер ішінен, біздің республикамыз территориясының көлемі жағынан 9-шы орынды иеленді. Ол ең алддымен Қазақстан жер аумағының Еуразия материгінің кіндік ортасында жатуына орай, оның транспорттық-географиялық, әсіресе құрғақтағы және әуе жолдарының аңызы арта түседі. Мәселен біз арқылы өтетін “Еуроазаит” және “Трансазайт” темір жол магистралдары – Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс елдерін Азия Тынықмұхит аймақтарымен ең қысқа де әрі ыңғайлы (“Транссібір” магистральмен салыстырған жағдайдда) қатынас жолдарымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өткен ғасырлардағы елшілер ауызындағы “гекография дегеніміз ел тағдыры” деген қағида, бүгінде Орталық Азия елдерінің сыртқы сауда-экономикалық қатынасында “Ұлы Жібек жолының” жаңғ,ыруы барысында өз көрініс табуда.
Жалпы Орталық Азияның, оның ішінде Қазақстанның жаңа геосаяси жағдайына байланысты – Ресей, Қытай, АҚШ, Батыс Еуропа және мұсылман елдерінің осы аймақтағы стратегиялық мүделері түйісіп, әрі олардың ел экономикасындағы инветорлық қызметі күшеюде. Респубьликамыздың саяси-әлеуметтік өміріндегі өзіндік бір қасиет, ол біздің жерімізде ислам мен христиан әлемінің және т.б. діни наным-сенімдерінің тоғысуы. Еіміздің геосаяси жағдайының тағы бір құдіреті, оның қос құрлықтағы географиялық орналасуына байланысты. Осы себепті, Қазақстан бір мезгілде азиялық мекемелер және банктермен қатар, әрі еуропалық аймақтық халықаралық ұйымдарға да мүше болып отыр. Жоғарыда аталған және т.б. факторлар жиынтығын тұжырымдай келсек, елімізің мойнына Шығыс пен Батысты жалғастырып біріктіруші көпір міндеті жүктеліп отыр.
Бұл тарихи миссиямен қоса Қазақстанның сыртқы және ішкі саяаты - осы екі дүние арасындағы түсініспеншілік пен келісімпаздық жарастығын сақтауға бағытталуы тиіс деген ойдамыз. Өзінің геосаяси жағдайы мен қазіргі замана талабына сай республикамыз осы аталмыш міндеттерді атқару жолындағы қызметін дұрыс та салауатты бағдарлаудан – Орталық Азия аймағындағы, тіптен ТМД елдері мен Азия құрылығындағы бибітқатар өмір сүру салтанаты үрдісін жүзеге асыру мәселелері өз шешімдерін таппақ. Бұл жерде Қазақстан Републикасы Президентінің (Еуропадағы ОБСЕ іспеттес) құру жолындағы жемісті іс-шаралар мен оны ұйымдастыру жұмыстарын мақтанышпен айтуымыз керек.
25-лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |