Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


Лекцияның тақырыбы. Саяси мәселелер түсінігінің қалыптасуы



бет5/17
Дата24.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
#78171
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекцияның тақырыбы. Саяси мәселелер түсінігінің қалыптасуы


(1 сағат)
Жоспар:

  1. Мемлекетаралық шекара.

  2. Халықаралық еңбек бөлінісі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

  2. Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

  3. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

  4. Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

Біз өмір сүріп отырған дүние шекаралармен бөлшектенген. Олар біртіндеп көбейіп, күрделіленіп келеді. Бұл орайда мемлекетаралық шекаралар ғана айтылып отырған жоқ, бір елдің жекелеген аудандары арасындағы, сондай – ақ ұлттары әр түрлі адамдар мекендейтін, әр түрлі діндер мен наным – сенімдерді ұстанатындар қоныстанған аумақтар арасындағы – шекаралар анықтала түсуде. Дүние жүзінің жекелеген елдері мен аймақтардағы, әсіресе “ өршіме өңірлер” пайда болып жатқан жерлердегі саяси жағдай шапшаң өзгеруде.

Мұның себебі көбіне саяси күштердің орналасуынан, бұқаралық қоғамдық саяси қозғалыстардың, этностық процестердің географиясындағы өзгерістерден. Саяси факторлар табиғи ортаның жай – күйіне, экономиканың дамуы мен орналсауына, адамдардың өмірі мен қарекетіне, халықаралық экономикалық қарым – қатынасқа ықпал етіп отыр. Осы мәселелердің бәрі саяси географияның назарында, ол қоғамдық өмірдің саяси өресінің аумақтық аспектілерін зерттейді.

Қазіргі саяси географияда нақты бір елдерге арналған зерттеулер негізгі орын алады. Жекелеген аумақтар арасындағы әлеуметтік кереғарлықтар анықталуда, саяси партиялардың ықпалының географиясы зерттеледі, әкімшілік – аймақтық бөлінісі талданады.

Дүние жүзінің саяси географиясында саяси күштер мен оқиғалардың халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына, жекелеген мемлекеттердің экономикалық күш – қуатының арақатынасына, дүниежүзілік экономикадағы өзгерістерге, әскери базалардың орналастырылуына және т.б. әсер – ықпалы секілді мәселелерге барынша назар аударылады. Мысалы, қазіргі дүние жүзінде саяси климаттың “жылынуы” Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық және мәдени байланыстардың едәуір ұлғаюына, әзірше алғашқы әскери базалардың жойылуына және т.б. жеткізді.

Саяси географияға елдің саяси – географиялық жағдайы дейтін ұғымның тікелей қатынасы бар. Ол дүние жүзінің саяси картасындағы орын, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және т.б. байланыс деген сөз. Мұның өзі “ экономикалық –географиялық жағдай” деген ұғымға ағайындас, өйткені саясат пен экономика өзара тығыз байланысты.

Тарихтың кейбір кезеңдерінде экономикалық – географиялық жағдайдың жекелеген мемлекеттердің дамуына едәуір әсер – ықпалы болды. Мысалы, бір кезде Германияның арта қалуының себептерінің арасында Ф. Энгельс елдің қолайсыз географиялық жағдайын, дүние –жүзілік сауданың күре жолына айналған Атлант мұхитынан елдің шалғай екенін айтқан болатын.

Оғамның өндіріс дами келе мемлекеттің табиғи факторларға тәуелділігі азая береді. Осы себептің өзінен – ақ экономикалық – географиялық жағдай өзгермей қатып қалатын бірдеңе емес, ол үнемі өзгеріп тұрады және халықаралық қарым – қатынастың басқа түрлерінің дамуына байланысты болады.

Міне, осы себептен де экономикалық – географиялық жағдайды экономикалық тұрғыдан бір елдердің артта қалуының, ал енді бір елдердің өркендеуінің себебі деп абсолютке айналдыруға болмайды. Картаға көз салыңдар: Жерорта теңізінің жағасындағы Африка елдерінің жағдайы өте қолайлы, алайда оларды жоғары индустриялы елдер деуге әсте келмейді. Ал Австралия, Жаңа Зеландия және әсіресе Жапония Батыс Еуропадан және АҚШ – тан белгілі бір дәрежеде оқшау болғанымен, дүниежүзілік шаруашылықта көрнекті орындарды алып отыр.

Әрине, экономикалық –географиялық жағдайдың қолайсыздығынан туындаған қиыншылықтардың бүгінде де зардабы болуы мүмкін. Мысалы, Дүниежүзілік мұхитқа шығар жолы жоқ елдердің жағдайы көрінеу қолайсыз. Олардың экономикалық ауыртпалық көруінің басты себебі транзиттік жүктерді төлеуге тым көп қаражат жұмсайды. Бұдан әсіресе дамушы елдер: Боливия, Бурунди, Буркина Фасо, Малави, Мали, Непал, Чад және басқа елдер зардап шегуде. Теңізге шығар жолы жоқ көптеген дамушы елдерді БҰҰ – ның дамуы тіпті қалыңқы елдер қатарына ресми түрде қосып отырғаны әлдеқалай емес.


20-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Пән құрылымындағы елдердің саяси және экономикалық – географиялық жағдайы


(1 сағат)
Жоспар:

  1. “Саяси-географиялық жағдай” түсінігі.

  2. Аймақтық география.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

Саяси географияға елдің саяси – географиялық жағдайы дейтін ұғымның тікелей қатынасы бар. Ол дүние жүзінің саяси картасындағы орын, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және т.б. байланыс деген сөз. Мұның өзі “ экономикалық –географиялық жағдай” деген ұғымға ағайындас, өйткені саясат пен экономика өзара тығыз байланысты.

Тарихтың кейбір кезеңдерінде экономикалық – географиялық жағдайдың жекелеген мемлекеттердің дамуына едәуір әсер – ықпалы болды. Мысалы, бір кезде Германияның арта қалуының себептерінің арасында Ф. Энгельс елдің қолайсыз географиялық жағдайын, дүние –жүзілік сауданың күре жолына айналған Атлант мұхитынан елдің шалғай екенін айтқан болатын.

Оғамның өндіріс дами келе мемлекеттің табиғи факторларға тәуелділігі азая береді. Осы себептің өзінен – ақ экономикалық – географиялық жағдай өзгермей қатып қалатын бірдеңе емес, ол үнемі өзгеріп тұрады және халықаралық қарым – қатынастың басқа түрлерінің дамуына байланысты болады.

Міне, осы себептен де экономикалық – географиялық жағдайды экономикалық тұрғыдан бір елдердің артта қалуының, ал енді бір елдердің өркендеуінің себебі деп абсолютке айналдыруға болмайды. Картаға көз салыңдар: Жерорта теңізінің жағасындағы Африка елдерінің жағдайы өте қолайлы, алайда оларды жоғары индустриялы елдер деуге әсте келмейді. Ал Австралия, Жаңа Зеландия және әсіресе Жапония Батыс Еуропадан және АҚШ – тан белгілі бір дәрежеде оқшау болғанымен, дүниежүзілік шаруашылықта көрнекті орындарды алып отыр.

Әрине, экономикалық –географиялық жағдайдың қолайсыздығынан туындаған қиыншылықтардың бүгінде де зардабы болуы мүмкін. Мысалы, Дүниежүзілік мұхитқа шығар жолы жоқ елдердің жағдайы көрінеу қолайсыз. Олардың экономикалық ауыртпалық көруінің басты себебі транзиттік жүктерді төлеуге тым көп қаражат жұмсайды. Бұдан әсіресе дамушы елдер: Боливия, Бурунди, Буркина Фасо, Малави, Мали, Непал, Чад және басқа елдер зардап шегуде. Теңізге шығар жолы жоқ көптеген дамушы елдерді БҰҰ – ның дамуы тіпті қалыңқы елдер қатарына ресми түрде қосып отырғаны әлдеқалай емес.

Аса маңызды теңіз жодарынан шалғайда, мұхиттың бір “ түкпірінде” жатқан шағын аралдардағы Мавритания, Сейшель аралдары, Тонга және т.б. секілді елдер де ілгеріде айтылғанға ұқсас қиыншылықтарды бастан кешіруде. Бұл елдерді тең құқықты емес экономикалық қарым – қатынастарға тартқан отаршылдық дәуір олардың экономикасына ауыр зардабын тигізді.

Континент ішіндегі және аралдардағы елдер “ тоқыраған” қалпында, әрине, қала бермейді. Эконмикалық - әлеуметтік прогресс дамыған сайын олардың экономикалық – географиялық жағдайдан көріп отырған қазіргі қиыншылықтары не бәсеңдей бастайды, не мүлдем ғайып болады. Бұл орайда теңізге шығар жолдары болмағанымен, дүние жүзінің дамыған елдерінің қатарынан орын алатын Австрия, Венгрия, Чехия, Швейцария және басқа елдер айдан - анық мысал бола алады.

Экономикалық – географиялық жағдайдың игілікті және қолайсыз жақтарын мұқият зерттеп білу қай мемлектті болса да елеулі экономикалық ұтысқа жеткізуі, мұның өзі, мысалы, көлік құрылысын, сауда саясатын ұтымды ұйымдастырудың нәтижесі болуы мүмкін.

Сонымен, дүние жүзінің саяси картасындағы болып жатқан сандық және сапалық өзгерістерді, жекелеген елдердің экономикалық және саяси ынтымақтастығының проблемаларын, халықаралық еңбек бөлінісінің даму беталыстарын түсіну үшін саяси географияны оқып – үйрену ерекше маңызды. Ол көптеген әлеуметтік және саяси мәселелерді шешу жөнінде

нұсқаулар талдап – белгілеуде көмек бере алады.

“ Аймақ” деген сөз көбіне континенттерді , олардың тұтас бір бөліктерін қамтитын ұланғайыр аумақтарды атау үшін қолданылады. Аймақтық география деген сөз нақ содан шыққан.



21-лекция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет