Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (40 балл)


Лекцияның тақырыбы. Саяси мәселелер және геосаясат



бет6/17
Дата24.04.2016
өлшемі1.32 Mb.
#78171
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Лекцияның тақырыбы. Саяси мәселелер және геосаясат


(1 сағат)
Жоспар:

  1. Геосаяси жағдай.

  2. Геосаяси жағдайға баға беру тәсілі.

  3. Қазақстанның геосаяси жағдайдағы ерекшеліктері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж

Лекцияның мәтіні.
ГСЖ тұрғысынан әлемдік рынокқа көліктік шығарылымның саын мен бағыты, олардың қаупсіздігі мен сенімділігі назарда ұсталады.Гсж өзгеріссіз, бірқалыпты тұрмайды. Уақыт қткен сайын жақсаруы немесе керісінше нашарлауы да мүмкін.

Геосаяси жағдайға әр түрлі деңгейде баға баруге болады:

Әлемдік деңгейде – дүние жүзіндегі “қуатты орталықтарға (АҚШ, Еуропа, Жапонияға, содан соң Қытай мен Ресейге) қатысты алғанда”;

Қазақстанның геосаяси жағдайына баға беруең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.

Біріншіден – минералды ресрурстар байлығы. Барлығы пайдалы қазбалардың құны бойынша Қазақстан дүние жүзінде Бразилиямен бесінші – алтыншы орындарды бөліседі. Бұл біздің еліміздің үлкен артықшылығы. Оның әлемдік позициясының негізі. Осы жағдай елімізге ірі шетелдік компанияның келуіне әсмерін тигізді.

Екіншіден, жер көлемінің аумақты болуы немесе тұрғын халық санының арасындағы сәйкессіздік. Экономикалық қызметтің шағын мөлшері-елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлетін қарзының да аз көлемде болуына ісерін тигізеді. Қазақстанның қорғаныс шығыны 250млн.доллардан аспайды. Біздің армиямызда әскери қызметтердің саны бар болғаны 74мыңдай ғана. Срндықтан ел ішінлегі “Қазақстан-2030” стратегиясы халық санын25 млн. адамға жеткізуді көздейді. Ол үшін табиғи өсуді көтеру мқсатында мемлекеттік демографиялық саясат жүргізілуде. Бұл мәселені шешуде оралмандар мен эмигранттадың оралуының да маңызы зор.

Сыртқы саясат елдің қаупсіздігін саяси құралдар арқылы шешуге бағытталған. Осыған байланысты Қазақстан шет елдермен қарым-қатынасын дамытып, көптеген халықаралық ұйымдарға қатысуда
22-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Дүние жүзі елдерін топтастыру және типке бөлу


(1 сағат)
Жоспар:

    1. Дүние жүзі картасын типологиялық бөлу.

    2. Дүние жүзі елдерін топтастыру.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Млсква 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.



Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973

7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж
Лекцияның мәтіні.

Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп – жіктеп атау, негізінен Қазан тәңкерісінің нәтижесінде, әсіресе жүйелі түрде екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әртүрлі саяси – қоғамдық құрылыстар жүйесі негізінде пайда болды. Елдерді соңғы уақытқа дейін үш типке бөліп келдік: 1.) социалистік; 2.)дамыған капиталистік; 3.) дамушы елдер. Осындай идеологиялық принцип - әсіресе социалистік және кейбір дамушы елдердегі фундаментальды еңбектерге, ғылыми – көпшілік жұмыстарға, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқулықтарына да нақтылы енгізіледі.

Біздің еліміздегі, яғни ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай –ақ Азия мен Африканың кейбір елдеріндегі, бертіндегі біраз жылдар ішіндегі болған түбегейлі саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты – “социолизм системасы” типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ, қазіргі кезде социолизмді берік ұстап отырған мемлекеттер әледе баршылық олар: Қытай Халық Республикасы, Ветнам Социолистік Республика, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.

Ал енді Шығыс Европаға келетін болсақ, соңғы кезеңге дейін социолистік құрылысты тек Албания және сөз жүзінде Сербия мен Черногорияның билеуші комунистік пиғыл- көзқарастағы партиялары қолдап отырған. Албаниядағы кейінгі парламенттік сайлауда антисоциолистік оппазиция жеңіске жетті.Югославия Одақттық Республикасы (Сербия мен Черногория арасындағы Одағы)- бұрынғы ЮСФР-дың орнын басып осыған сәйкес мемлекеттік, құқықтық, саяси және халықаралық мәселелерде-оны одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді. Ал, Славения мен Хорватия бұған қарсы болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1992 ж. Қыркүйек айында Югославия Одақтық Республикасын, бұрынғы Югославияның мұрагер-қабылдаушысы деп танудан үзілді кесілді түрде бас тартты. Жалпы жер мөлшері жағынан қазіргі Югославия Одақтық Республикасы- көршілес жатқан өзімен Венгшрия немесе Болгариямен шамалас, ал бұрынғы ЮСФР-дың қалған славиян республикалары шағындау.

Дамушы елдер топтарына берілген саяси – экономикалық анықтамалықтардың мінездемелерінде – социалистік бағыттағы елдер туралы сипаттама ескерілмегенмен, жалпы салыстырмалы түрде 1970- 80 жж. олардың саны дүние жүзі бойынша 20- дан астам болатын (негізінен олар – Азия мен Африка елдері). Қазір бұл елдердің көпшілігі социалистік бағыттың болашағының жоқ екенінен, әрі өздерінің саяси - әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлар келіспеушілігінен, социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік агрессияның өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы – экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық т.б.) қысқартылуынан, көптеген осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер әлемнің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси – қоғамдық жағдай ғана есептелініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігін көрсетіп отыр. 1970 жылдардың басында – ақ Қытай, Югославия, Румыния, Латын Америкасы елдері, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба - өздерін дамушы елдеріміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі ( славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) және Балқан түбегіндегі социалистік елдер де қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.

Басқаша мысал – Түрік үкіметі, ол өзінің даму деңгейін – дамушы елдер тобына кіретін елдерден жоғары деп санайды. Ол Түркияның Еуропалық Одаққа (ЕО) мүшелігіне кіру туралы, өз тілегін (1987 жылдан бастан ресми түрде айтуда) жариялауда және бұл мүддесі 2000 жылға дейін орындалса дейді. Түркия, жалпы ЕО – ның кейбір елдерін өзінің басты экономикалық көрсеткіштері бойынша қуып жетті. Түркия - көптеген халықаралық еуропалық ұйымдарға мүше болуға талаптанып, онысын ЕО елдерімен ( қаржы, салуда, түрік азаматтарының Батыс Еуропаға, соның ішінде ГФР – ға жаппай миграция жасауымен түсіндіріледі) өте тығыз байланыста екендігін дәлелдеуде. Сонымен қатар, Түркияның Еуропадағы 3 пайыздан астам территориясы, әрі онда аса маңызды мәдени және экономикалық орталығы – Истанбул қаласының үлкен бөлігі орналасқанын тілге тиек етеді.

Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер - Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер деңгейіне шамамен жақындайын деп қалды. Ал, 1970- 80 жж. бастап Азияның жаңа индустриялы елдері – Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Сянганның ( Гонконг) экономикалары өте қарқынды өркендеді. Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де тез қарқынмен даму үстінде. Осы мәселелерден, жалпы саяси – идеологиялық және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйлестіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі көрініп – ақ тұр.



23-лекция.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет