Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары



бет13/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 12. Тәрбие әдістері
Мақсаты: тәрбие әдістері жайлы әр түрлі пікірлерді салыстыру, анықтама беру, тәрбие әдістерінің түрлеріне сипаттама беру, оларды таңдау шарттарын түсіндіру.
Жоспар:

  1. Тәрбие әдістері туралы ұғым

  2. Тәрбие әдістерін топтастыру

  3. Тәрбие әдістерін таңдау шарттары

Негізгі ұғымдар: тәрбие әдісі, әдістерді топтастыру, әдістерге қойылатын талаптар.
1. Адамды тәрбиелеу процесі - өте күрделі процесс. Тәрбие мазмұны мен тәрбиелеу жүйесі нақты және айқын анықталғанымен, егер мұғалім тәрбие әдістерін меңгермесе, тәрбиені жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл жөнінде түрлі көзқарастар бар. Мысалы:
«Тәрбие әдісі – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету». Конникова Т.Е.
«Тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау» . Марьенко И.С.
«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері». Сластенин В.А.
Бұл анықтамалардан әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының мазмұны мен нәтижесіне сүйеніп беретінін байқауға болады. Анықтамалар әртүрлі болғанымен, олар бір мақсатты көздейді, бұл – тәрбие әдістерінің баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына тәрбиелік ықпал жасауы.
Сонымен, әртүрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қорытынды жасауға болады:
«Тәрбие әдісі – бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері».
Тәрбие әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады, ал мақсат - әдістің бас критериі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын қолданады.
Тәсіл - әдістің құрамды бөлігі. Әрбір әдістің тәсілдері болады. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында шекара жоқ. Тәрбие құралдарына іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, коммуникация құралдары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет