Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет8/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
darister 1-15

Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы – оның 
рационалдығында (ratіo - латын сөзі, -ақыл-ой). Жалпы алғанда, философия қоғамдық 
сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін 
өзінің категориалық (categorіa - грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл ғылымның 
жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім-тәжрибесіне негізделген 
жүйесін қалыптастырады.
Сонымен қатар, философияны басқа жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық 
ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін де байқауға болады (humanus - латын сөзі, -
адамдық, адамгершілік).
Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалпылығын 
атап өтуге болар еді. Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары 
мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана Дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше 
объект ретінде қарап, соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді (objectum - 
латын сөзі, -зат).
Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ, 
философиялық деректердің айырмашылығы – ол жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір 
теоретикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қорытады. әсіресе, бұл 
философияның онтология және гносеология (эпистемология) салаларына тән нәрсе (ontos - 
грек сөзі, -болу, өмір сүру), (gnosіs – грек сөзі, -білім, таным).
Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған сан-алуан теоретикалық жүйеге келтірілген 
көзқарастарды кездестіруге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді-
кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде-бір 
тұжырымдамасы жоқ сынайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние 
сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза т.с.с. ірі тұлғалардың 
философиясын ерекше түрде басқалардан бөліп алып зерттейміз.
Ал, жеке ғылымдарды алатын болсақ, ондағы ашылған табиғат сырларын, жасалған теориялар 
мен тұжырымдамаларды сол саладағы ғалымдар мойындайды. Мысалы, физика саласында 
қазақ, американ ия болмаса араб физикасы жоқ, бұл ғылымның жетістіктері бүкіл адамзатқа 
ортақ, және өткен ғасырларда ашылған жаңалықтар мен жасалған теориялар үйлесімді түрде 
жаңа жасалған тұжырымдамалардың ажырамас бағынышты бөлігіне айналады, олар бір-біріне 
қарама-қайшы келмейді.
Философияға келер болсақ, ондағы сонау көне заманда қойылған метафизикалық сұрақтар осы 
күнгі ұрпақтарды да тебірентеді, оларға әр дәуір өзіндік жауабын ұсынады (metaphysіca – грек 
сөзі, -физикадан кейін, яғни болмыс жөніндегі тәжрибенің шеңберінен шығып кететін 
мәселелер)
Оқырманның байқағанындай, философия статусы (status – латын сөзі, -орын) жеке ғылымдарға 
қарағанда анағұрлым кеңірек, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына 
жатқызатыны мәлім (the Art – ағылшын сөзі, - өнер).
Мысалы, А.Шопенгауер философия ғылымының кемшіліктері – оның ғылым жолымен 
дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана,- деген пікір айтқан болатын.
Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір-бірімен 
біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.
Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі тұлға осы ғылымның 
тарихында өзінің ерекше дүниесезімі, дүниетүсінігі, көзқарасымен


ерекшеленіп, ешқашан бұрын-соңғы қайталанбас орын алады. Сондықтан, қанша ірі тұлға 
философияға ат салысса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ артық болмайды.
Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген 
тұлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.
Философиядағы әрбір тұлға өзгеше орын алғаннан кейін, біздің алдымыздағы таңдау мәселесі 
пайда болады. Философияда талғамдық бар. Біреуге Гегельдің философиясы ұнаса, екіншіге 
Фейербахтан асқан ойшы жоқ сияқты. Осы себептен кейбір уақытта философияның белгілі бір 
ағымы басқалардан гөрі басымырақ әсерін тигізіп, сол дәуірдің рухани өмірінің өзегіне 
айналуы мүмкін. Мысалы, діни философия – орта ғасырларды, маркстік философия – Х1Х 
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында, экзистенциализм – ХХ ғасырдың 60-70 
жылдарында т.с.с. И.Фихтенің айтқанындай, философиялық жүйені таңдау - адамның өзінің кім 
екеніне байланысты, өйткені, философиялық жүйе соны жасаған адамның жан-дүниесі арқылы 
жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда, - философия көркемөнерге ұқсас.
Жеке ғылым салаларына көз жіберсек, онда талғам мәселесі толығынан жоқ сияқты. Физика, я 
болмаса биологиядағы теорияларды жасаған авторларды көбінесе көзі тірі кезінде айтамыз, 
соңынан олардың ашқан жаңалықтары сол ғылымның бір тарауына құрап, бейтұлғалық 
объективтік заңға айналып бара береді (objectum – латын сөзі, -зат, қарсы қоямын).
Шынайы философиялық шығармалар көркемөнердегі ұлы туындылар сияқты адамның 
жүрегінде, ой-өрісінде өшпес із қалдырады, оның жан-дүниесін ұлылық, құлаштап жетпес 
биіктік, әсемдік, гармониялық сезім билейді. (harmonіa – грек сөзі, -үйлесімді, қарама-
қарсылықтың бірлігі).
Философияны өнерге жақындататын келесі мәселе – Дүниенің біртұтастығын көрсету, ішке 
және сыртқа қарай шексіз Дүниенің суретін жасау – философия саласындағы ең қиын істің бірі. 
Өйткені, Дүние жөніндегі ғылыми деректер әр уақытта өзінше шектелген. Олай болса, тек қана 
ғылыми жолмен шексіз Дүниені шектелген білім арқылы біртұтас ретінде суреттеу мүмкін 
емес. Ал, бірақ, адамның жүрегінде Дүниені толығынан түсіну ұмтылысы ешқашанда бітпес 
іңкәр болып қала береді де, әртүрлі Дүние суретін тудырады. Ол үшін философ өзінің 
Дүниесуретін ғылыми деректер жетіспеген жағдайда қиял арқылы толықтырады, сезім 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет