Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет7/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81
darister 1-15

ағарған дінді адамдардың жан-дүниесіне кіргізу (марксизм-ленинизм) амалы, бұрынғы 
діндермен күресу, оларды қоғамның рухани өмірінен сырттату саясаты жүргізілді. Жалпы 
алғанда – марксизмді Батыс Европа ой-жүйесінің логикалық соңы ретінде қарауға болады. Бұл 
ілім бойынша адамзаты болашақта жер-бетін, қоғам өмірін қайта өзгертіп, сол өзгерісті жасау 
барысында жаңа адам дүниеге келеді. Оған мемлекеттік басшылық, заңдар керек емес. Ол тек 
қана адамгершілік нормалардың шеңберінен шықпай өмір сүреді. Жаңа адам жан-жақты және 
үйлесімді түрде өзінің дарындары мен қабілеттерін дамытып, өзіне керек барлық қажеттіктерін 
кедергісіз өтей алады.
Алайда, мұндай “жердегі жұмақ˝ орнатуға бағышталған орасан зор ерлік және сонымен қатар 
қайғылы да аянышты әлеуметтік тәжрибе 70 жылдан кейін қоғамды тарихи тұйықтыққа әкеліп 
соқты. Коммунизмнен күдер үзген миллиондаған адамдар өздерінің өмірлерінің мән-
мағынасын іздеу жолында бүгінгі таңда бұрынғы дүниежүзілік діндердің шеңберіне қайта 
оралды.
Алайда қазіргі адамзатты бірде-бір дүниежүзілік дін толығынан қанағаттандырмайды. 
Сондықтан, бір жағынан алғанда қайшылықтарға толы цивилизацияға бүкіл адамзаттың басын 
біріктіретін бір ғана дін болуы қажет сияқты. ХқХ ғасырдың ортасында Иран топырағында 
пайда болған Бахаизм діні сол рөлді өз мойнына алып орындауға тырысуда.
Екінші жағынан ХХ ғасырда болған екі дүниежүзілік соғыс, миллиондаған адамдардың 
қырылуы, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану жолындағы теріс салдарлар, тірі 
табиғаттың әлсіреуі, көп адамдардың қайтадан көне табиғатқа табынатын діндерге жаңа 
дәрежеде қайтып оралғысы келетінін сездіртеді.
§ 2. Философия - ғылым әлде өнер ме ?  
Жоғарыда атап өткеніміздей, Дүниеге деген діни көзқарасқа қанағаттанбаушылық сонау көне 
заманның өзінде-ақ пайда болып, аса ұлы тұлғалардың дүние мен адам қарым-қатынасы 
жөніндегі ақыл-ойға негізделген сұрақтар мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп болды.
Осы тұрғыдан алғанда “Философия деген Гегельдің берген анықтамасында – ақыл-оймен 
ұстап қалынған тарихи дәуір терең сыр жатса керек.


Әрине, дін де философия сияқты шынайы ең биік рухани құндылықтарды, адамның өмір
табады. о Дүниеден жолының адалдығын уағыздайды, бірақ олардың қайнар көзін
Философияны алсақ, сонау Көне Грециядағы алғашқы пайда болған “Милет – мектебі деген 
сұрағынан бастап, осы өкілдерінің қойған “Дүниенің негізінде не жатыр? күнгі ойшылардың 
“Адамзаттың болашағы бар ма, ия болмаса ол өзін-өзі ,- деген экологиялық апатқа, 
дүниежүзілік ядролық соғысқа әкеліп өлтіре ме? сұраққа дейін, бұлардың бәрі де ақыл-ой 
таразысына салынып, парасат шеңберінде талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет