тартып,
бойына сіңіріп, өзінің жүйесінің айырмас бір бөлігіне айналдырып, оның қағидаларын
өзінің мүддесіне жаратады (mores - латын сөзі, - әдет-ғұрып). Сонымен, қайсібір дін мыңдаған
жылдар бойы қоғам өмірінде қалыптасқан жалпы адамгершілік нормаларды (norma- латын сөзі,
басшылықтың бастамы, тәртіп, нұсқа) діни моральдық қағидаларға айналдырады.
Моральдық
борыш, жауапкершілік, тиістілік дінде Құдай алдындағы адамның
борышы, парызына
айналады. Адамның жүрегіндегі сүйіспеншілік сезімі – нақтылы қоршаған адамдардан гөрі
Құдайға деген сүйіспеншілікке айналады. Осының арқасында моральдық құндылықтар
Құдайға
сенудің негізінде адамның жүрегіне, жан-дүниесіне тезірек кіріп, оның жүріс-тұрысына зор
әсерін тигізеді. Атеистік бағыт ұстаған адамға қоғамдағы моральдық нормаларды өзінің рухани
өміріне кіргізу үшін олардың мазмұнын талдап, оған керек пе, жоқпа,- соны өзінің білімі,
парасаты арқылы саналы, дәлелденген сенімге айналдыруы керек. Ал, бұл жол - өте қиын жол.
Сонымен қатар, діннің ішінде жалпы адамзаттық құндылықтардан басқа, соларға қайшы
келетін нормалар да болуы мүмкін. Мысалы, Иса пайғамбардың “Мен сендерге бейбіт емес,
қылыш әкелдім деген нормалар , “газауат деген қағидасы бар. Ал, ислам дініндегі “джихад
дінге сенбегендерге қарсы күреске шақырады. Адамзат тарихында талай діни соғыстар болып
өтті.
Қазіргі Балқан елдеріндегі, Израиль мен Ирактағы қақтығыстардың негізінде де діни,
этникалық қайшылықтар жатыр.
Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған
табынуға әкеліп соғады. Дінге
табынушылықтың негізінде әр-түрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу,
мешіт, синагога т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің
анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік,
шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б.
ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе, қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік
және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес
іңкәрі. Бірақ, олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін,
адамдар табиғаттағы
заңдылықтарды неше-түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға
керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.
Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық
пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне
қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге
әкеліп соқты.
Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшылығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын
оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек,- деген ойын туғызды.
Басқа қоғамдағы сан-алуан құбылыстар сияқты дінде тарихи өзгерістерге түсіп өзінің әртүрлі
бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі Дүниежүзілік діндер бар.
Христиан
дініндегі негізгі идея – эсхатология (eschatos - соңғы, -грек сөзі, logos- ілім)
тарихтың, Дүниенің
соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып,
біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа тартуы. Христиан дінінің негізгі қағидасы –
Достарыңызбен бөлісу: