Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет6/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
darister 1-15

сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен 
шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).
Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды – Алланы, оның құдіретті күшін 
мойындайды. Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің 
барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның 
мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады (Афганистан, Пакистан
Иран). Ислам діні басым елдерде, шариғаттың негізінде өмір сүретін Исламдық құқтық 
мемлекет орнату идеясы көптеген адамдардың мақсатына айналуда.


Ислам дінінің негізгі қағидасы – мейірімділік, қайыршыға, кем-тар адамдарға қол ұшын беру 
(садақа), зәкет төлеу (адамның өз еркімен әлеуметтік салаға кемінде жылдық табысының 2 
пайызын беріп отыруы), т.с.с. міндеттері бар. Бұлардың бәрі де ислам дінінің әлеуметтік-
демократиялық жақтарының үлкен ықпалын көрсетеді.
Үшінші дүниежүзілік дін – Буддизм. Бұл діннің негізгі ерекшелігі – оның этикалық-
практикалық бағыттануы (ethos - грек сөзі, -әдет-ғұрып, praktіcos - грек сөзі, - белсенділік, 
іскерлік). Бұл өмірде (бейнеленген болмыс) адам зардап шегеді. Оның себебі – адамның өмірге 
деген құштарлығында, оның қызығына тоймауында. Ал зардаптан құтылу үшін адам бұл 
бейнеленген болмыстан бас тарту керек. Ол үшін адам нирвана (сөну, өшу) дәрежесіне 
көтеріліп, бейнесіз болмысқа өту керек. Сонда ғана адам өмірдегі зардаптан құтыла алады. 
Дүниежүзілік мәдениетте мұндай өмірден бас тартуға шақыратын бірде-бір философия жоқ 
сияқты.
Буддизм дінінің тартымды жақтарының бірі – ахимса (зияндық жасамау) қағидасы, - яғни өмір 
сүріп жатқан бүкіл тіршілікке тиіспеу, зорлық-зомбылық арқылы залымдыққа қарсы тұрмау, 
адамдар мен халықтардың арасында жеңген де жеңілген де болмауы тиіс.
Бұддизмнің бұл қағидалары бүгінгі таңдағы Дүниеден ләззат іздеген, гедонизм (gedone - грек 
сөзі, -рахат, ләззат) жолына түсіп, жер бетінде экологиялық дағдарыс туғызған қазіргі Батыс 
цивилизациясына наразылық көзбен қарайтын миллиондаған адамдардың жүрегіне жақсы 
үялайды.
ХХ ғасырда бұрынғы Кеңес Одағының шеңберінде социалистік қоғам құру барысында жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет