Әрине, мифтердің пілдей бөлігі – батырлар хиқаялары (Қобыланды, Шора, Алпамыс т.с.с.).
Батырлар – бұрынғы заманда өмір сүрген бабалар,
олар өздерінің өжеттігімен, зор күш-
қуатымен ерекше бейнеленеді. Олар өздерінің ғажап істерімен халыққа жасаған ізгі
жақсылықтары арқылы адамдарды неше-түрлі қиындықтардан аман-есен алып шығып, бақытты
өмірге жетелейді.
Мифологиядағы тағы бір ерекшелік – ол адамның жан-дүниесі, сезімдерін ерекше
Құдайдың
іс-әрекетінен шығаруы. Бұл сонау көне заманда пайда бола бастаған діннің, адамның өз ішкі
рухани өміріне үңіліп, таным жолына қоя бастағанының кепілі болып табылады. Мысалы, грек
мифологиясындағы кейіпкерлер
ғашық сезіміне шомылса, ол Афродита - ғашықтық Құдайдың
ісі деп түсінеді. Егер еске түсіру Құдайы – Мнемосина көмек берсе, адам есіне өткен
оқиғаларды түсіреді, егер Муза Құдайлары көмектессе, онда адамға шабыт бітіп, ол өнерде
шығармашылық туындыларын жасайды.
Сонымен,
мифология қай халық болмасын, оның мәдениетінің түп-нұсқасы ретінде бүгінгі
заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің
т.с.с. шабыт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді. Және әр-заманның өкілдері
мифтегі мазмұнға өз уақытына сәйкес баға беріп, осы уақытқа шейін ашылмаған сыр іздейді.
Мысалы,
Прометей жөніндегі мифті алсақ, ол Зевсті алдап адамдарға от әкеліп, онымен қалай
пайдалану керектігін түсіндіріп, әр-түрлі қол-өнерге үйретті. Өз еркіне көнбегені үшін Зевс оны
Колхидадағы биік таудың тасына шынжырлап тастады. Күндіз үлкен бүркіт келіп оның
бауырын шұқып жейді, ал түнде оның бауыры бұрынғы қалпына келіп үлгіреді, келесі күні
бүркіт тағы да ұшып келеді… Тарихтағы Ренессанс дәуірінен бастап осы уақытқы шейін
Прометей кейпі өнер адамдарының, философия, әдебиет қайраткерлерінің шығармаларында
әртүрлі ойларды туғызып отыр. (renaіssance - француз сөзі, -қайта өрлеу). Солардың басымы –
Прометейді адамды сүюдің,
риясыздықтың, ізгіліктің, ер-жүректіктің нышаны десе, соңғы
кездегі адамзаттың экологиялық дағдарысқа келіп тірелуі, рухани азғындауы Прометейдің
кейпіне кейбіреулердің керісінше қарап, оны Құдайдың көрсеткен алғашқы жолынан
тайдырушы, тәкәппарлықтың белгісі деп түсінуде.
Келесі гректің Сизиф жөніндегі мифін алсақ, (Sіsyphus - латын сөзі, адамның аты), онда оған
берілген Құдайдың жазасы - үлкен тасты домалатып, таудың басына шығарып орнату керек.
Бірақ, ол тас таудың басында орнықпай төменге қарай домалап кетеді. Ал Сизиф болса,
тағы да
төменге түсіп оны жоғарыға итеруі тиіс… Бірақ ХХ ғасырда өмір сүрген француз ойшысы
А.Камю, бұл гректің мифінен адамның Құдайдың өзіне пара-парапарлығын байқаған. Күнбе-
күн үлкен тасты таудың басына шығарып, қайта-қайта төменге домалаған тасқа бара жатқан
шағында ол көкке көз жіберіп, құдайдың әділетсіз жазасына қанша қиналса да өзінің көнбегенін
көрсетеді…
Бүгінгі өмірде ғылым мен техниканың, гуманитарлық пәндердің дамуына қарамастан
(humanіtas - латын сөзі, -адамгершілік, адамзаты) мифтерге сену, олардың жаңа түрлерін
тудыру осы уақытқа шейін жалғасып келе жатыр. Мысалы, адамдардың ғарыштағы басқа
саналы пенделерге кездесуге деген бітпес іңкәрі неше-түрлі аспаннан ұшып келген тарелкалар
жөнінде, ондағы жандардың адамға ұқсас екені, жер қызының ғарыштан келген жігітке ғашық
болғаны жөніндегі мифтерді атап өтуге болады. Сонымен, бүгінгі таңда, сонау мыңдаған
жылдар
өткен замандағы сияқты, қазіргі мифтің мазмұнынан біз жоғарыда көрсетілген
антропоморфизациялауды байқаймыз.
Әсіресе, қазіргі өтпелі замандағы әлеуметтік-экономикалық орасан зор қиындықтар, адамның
рухани өмірінің өзегін құрайтын құндылықтардың күрт өзгеруі қоғам өмірі жөнінде, билік
басындағы отырған адамдар,
олардың жан-ұялары, өмір салты жөнінде неше-түрлі мифтерді
тудырып отыр. Әрине, оларды тудыратын халық, бұл мифтерде адамдардың жақсы өмірге
деген іңкәрі, өмірдегі болып жатқан көп әділетсіздіктерді қабылдамауы байқалады.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен
дін бөлініп шықты, - сонымен дүниеге деген
көзқарас, дүниесезімінің
жаңа түрі қоғамға келді. Дін де, мифологияға ұқсас
синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен
ерекшеленеді.
Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары – мифте шынайы өмір мен қиял
бір-бірімен араласып жатса, дінде “бұл Дүние“ мен “о Дүние“ бір-бірінен анағұрлым алшақ
жатыр. Өйткені, егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі,
кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын
болса, о Дүние – мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с.
Дінде ең құдіретті жасампаз -
Құдай – табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми
жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде
терең сенім сезімін туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: