Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Windows 98 жүйесінің ерекшеліктері



бет10/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Windows 98 жүйесінің ерекшеліктері:
-процессордың қуаты күшті, программаны тезірек орындайд (жылдамдығы - 66МГц);
-пайдаланатын жылдам жад көлемі-16 Мб;
-винчестер көлемі- 190Мб;
-барлық қосымшалар жұмысын бір операциялық жүйе басқарады;
-Интернетпен жұмыс ыңғайлы түрге келтірілген;
-компьютер дұрыс өшірілмеген болса, дискіні тексеру автоматты түрде орындалады;
-архивтеу программасының мүмкіндігі кеңейтілген, т.б.
Windows 2000 жүйесінің ерекшеліктері:
-Интернет ортасында информацияны қорғау тәсілі жетілдірілген;
-Интернетпен жұмыс одан әрі ыңғайлы түрге келтірілген;
-көппроцессорлық өңдеу әдісі жақсартылған;
-клиенттер мен серверлерді басқару жолы кеңейтілген және т.б.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе-Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы "терезелер " екені осыны білдіреді.
Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез- келген программаның өзіне тән жүмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жүмыс істеп түрған программаньщ жұмысы да аяқталады.
Болашақта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің кейбір ортақ элементері, қасиеті бар . Енді сол элементермен танысайық.
Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жол орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгетуге арналған батырмалар бар . Тақырып жолынан теменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбүрышты аудан- терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жүмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т.б. Кез-келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда тсрезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде ) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.
Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:
-толық экранды терезе, яғни экранды толығымен алып түрады;
-қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;
-шартбелгі (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет