Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет9/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Лекция № 3


Windows операциялық жүйесі туралы мағлұмат.


1. Windows операциялық жүйесіне жалпы түсінік.
2. Windows операциялық жүйелерінің ерекшеліктері.

1985 жылы Microsoft Windows фирмасы алғашқы рет Msdos қуатынан жүздеген есе артық Microsoft Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал одан кейінгі жылдары оның кеңейтілген түрлі нұсқаларын дайындап шықты: 3.0, 3.1 және т.б. олардың 3.0-ге дейінгі нұсқаларын пайдалану үшін кемінді 80286 микропроцессорлы компьютер керек. Алғашқы дайындалған Microsoft Windows жүйелері Msdos жұмысын жеңілдететін Norton Commander сияқты қабықша программалар болатын, бірақ олардың NC-ке қарағанда мүмкіндігі мол және олар пайдаланудың терезелік, визуалды принципіне негізделген еді.


Соңғы шыққан WINDOWS-95, WINDOWS-98, WINDOWS-2000- Msdos сияқты жеке операциялық жүйелері, бірақ оларды Msdos-пен салыстыру мүмкін емес, өте күрделі. Бұл жүйелермен жұмыс істеу үшін 486 DX4, Пентиум және т.б. күрделі мүмкіндікті компьютерлер қажет.
Windows 95-те каталогтар орнына бумалар (папкалар), файлдық белгілемелер орнына кішкене төртбұрыш сияқты белгішелер пайдаланылыған. Бұрынғы жүйелерде файл атауы үшін, кеңейтілуі қосылғанда, ең көбі 11 символдан тұратын тізбек алынатын. Windows 95-те ол үшін 255-ке дейінгі символдар тізбегін алу жоспарланған. Ол атаулары бойынша түрлі файлдарды бір-бірінен тез ажыратып, мазмұндарын бірден білуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Файл атауында пайдалануға болмайтын символдар да бар: *,/,\,:,|,<,>,?,”.
Windows жүйесінің негізгі функциялары:
Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу.
Бұған қоса Windows жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын шрифттерді қолдауды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірынғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.
Windows 95 жүйесінің ерекшеліктері:
-Windows -тың қосымша программалары ретінде Word мәтіндік редакторы енгізілген. Оның құрамына жиі пайдаланылатын командаларды орындауға арналған аспаптар панелі енгізілген.
-Paintbrash-тың біршама түрлендірілген түрі-Paint графикалық редакторы енген. Мұнда сүреттерді басып шығару алдында оларды көріп шығуға арналған арнайы түйме орнатылған.
-Электроныдқ почтамен, факспен және Интернет желісімен жұмыс істейтін программалар бар.
-Msdos операциялық жүйесі мен Norton Commander сервистік программасы орнатылған.
-Nc-тегі сияқты көптеген файлдарды іске қоспай тұрып, олардың
мазмұндарын экранға шығарып, танысып шығуға болатынында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет