Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Баспа құрылғысы (принтер)



бет7/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Баспа құрылғысы (принтер)
Баспа құрылғысы информацияны қағазға басып шығару құрылғысы. Оның өз жады және матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш т.б. типтрі бар. Олардың ішіндегі арзаны – символдарды қағазға нүктелер жиынтығы арқылы басып шығаратын матрицалық принтер.
Матрицалық принтер -жұмыс істеу принципі: Баспа кұрылғысының басатын бастиегінде (головка) қатар вертикаль түрде орналасқан металл инелерден (стержень) тұрады, олардың инелеріне қарай сапасы да әр түрлі болады. 9 инелік баспаның сапасы орташа, ал 24, 48 инелік баспаның сапасы әлдеқайда жоғары болады.
Сия бүріккіш принтер- символдарды арнайы сия тамшыларын бүрку арқылы шығарады. Бұл матрицалық баспалардан сапасы жоғары болады, бірақ жылдамдығы жағынан шамамен бірдей болады.
Лазерлік принтер- бұл баспа кұрылғысы ксерографияның принципімен жұмыс істейді, көрініс қағаз бетіне бояу бөлшектері электрлік тартылыспен тартылған арнайы барабанынан түсіріледі. Ксерогрфафия мен лазерлік баспаның айырмашылығы, лазерлік баспа барабаны компьютерден берілетін командамен лазер арқылы электрленеді. Бұл баспа кұрылғысы алдыңғы екі баспа түріне қарағанда сапасы мен жылдамдығы жоғары болады.
Плоттер - график сызғыш, графиктік информацияны қағазға басып шығарады.
Тышқан - ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады. Ол екі немесе үш түймесі бар кішкентай пластмасса қорапша. Түймелерді басу арқылы белгілі бір іс-әрекетті орындауға болады.
Сканер - сурет, сызба, кітап, текстті компьютер жадына енгізуге мүмкіндік беретін кұрылғы.
Модем - компьютерлерді бір-бірімен телефон желісі арқылы байланыстырады. Компьютер желісіне (Internet, Relcom, FidoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байланысты ең керекті құрылғы осы модем болып табылады.
Мультимедиа - информацияны бейнелеудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі түсті мәтіндік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдаланады. Мұндай мүмкіндікті компьютердің қосымша дыбыстық құрылғысы мен CD-ROM дискісі бар және онда бейнелік фильмдерді, фонограммаларды көрсету жақтары толық қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет