Компьютерді іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындау қажет:
ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды токқа қосу керек (принтер, сканер және т.б.);
Жүйелік блокты іске қосу;
Мониторды іске қосу;
Бұл іс әрекеттерден кейін экранға компьютерді алғашқы жүктеу және құрылғыларды тексеру жүріп жатқаны жайлы мәліметтер шығады. Операциялық жүйе жүктелген соң, компьютер жұмыс істеуге дайын күйге енеді.
Жұмыс істеп болған соң компьютерді өшіру үшін:
Орындалып жатқан программалар жұмысын доғару керек;
ДЭЕМ-ге жалғанып тұрған шеттік құрылғыларды токтан ағыту керек;
Мониторды өшіру;
Ж үйелік блокты өшіру керек.
Бақылау сұрақтары
Жаңа ақпараттық технология деген не?
Дербес компьютердің классикалық арихитектурасын түсіндіріңіз.
фон Нейман принциптерін түсіндіріңіз.
Ашық архитектура принципі деген не?
Апгрейд деген не?
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)
Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)
О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)
Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)
Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)
Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)
Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)
Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)
Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)
Достарыңызбен бөлісу: |