Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Астын сызу өрісіндегі тізімге енгізілген пункттер: Әдеттегідей



бет19/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Астын сызу өрісіндегі тізімге енгізілген пункттер:
Әдеттегідей-таңдалған үзіндіні қалпыныда қалдыру;
Курсив, Жартылай қалың, Жартылай қалың курсивті- сәйкес түрде таңдалған құжат әріптерін (үзіндіні) курсивтік (көлбеу жазылған), жартылай қалың, жартылай қалың курсивті ету;
Түс- өрісіне таңдалған үзіндіге бояу түстері енгізілген (қара, сары, қызыл, т.с.)
Өлшем (Размер)- өрісінің тізімінен қаріп өлшемін 8-72 пункт аралығында таңдап алуға болады;
Эффектілер (әсерлер) өрісіне асытын сызу белгілері, жоғары индекс, төмеенгі индекс, контур және т.б. белгілемелер енгізілген;
Жоғары индекс- курсор орналасқан сөйлемді не санды дәреже көрсеткіш ретінде құжат жолының қатарынан жарты жол жоғары орналастыру;
Төменгі индекс- оны құжат жолының қатарынан жарты жол төмен орналастыру.

  1. Word редакторында құжатты сақтау

Жаңа құжаттың терілген бөлігін не құжатты толық түрде алғашқы рет дискіде сақтау командасы: Файл-Түрінде сақтау (Файл- Сохранить как…). Бұл команданы F12 пернесін басу арқылы да беруге де болады. Экранда Құжатты сақтау терезесі көрінеді. Онда “Бума”, “Файл аты”, “Файл типі” өрістері және “Бума” өрісі енгізілген қатарда Басқару панелі бар. Панель түймелерінің іс-әрекеттері:

  • бір деңгей жоғары бумаға өту;

  • жаңа бума құру;

  • “Таңдаулы” атаулы буманы ашу, т.б.

Құжатты сақтау үшін орындалуы тиіс әрекеттер:

  • терезенің “Файл аты” өрісіне қалаған файл атын енгізу;

  • “Бума” өрісінен файл жазылатын дискіні таңдау. Терезеде сол дискіде жазылған бумалар тізімі көрінеді;

  • т ізімнен файл сақталатын буманы шерту (мысалы, “Менің құжаттарым” бумасын таңдаған жөн). Терезенің жоғары бөлімінде осы бумаға орналастырылған ішкі бумалар мен файл атауларының тізімі көрінеді;

  • егер файлды ішкі бумада сақтау қажет болса, оны да ерекшелеу;

  • терезенің “Сақтау” түймесін шерту.

Құжаттың алғашқы терілген бөлімі бір атау бойынша сақталған соң, оны одан әрі теріп, сол атау бойынша сақтау үшін Файл- Сақтау командасының берілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет