CuSO4 + 5H2O [Cu(H2O)4]SO4 ·H2O
Кристаллогидраттар химиялық өнеркәсіптерде реактивтер ретінде кеңінен қолданылады.
Ацидоқосылыстар
Лигандалы қышқыл қалдықтары болатын қосылыстар ацидоқосылыстар деп аталынады. Ацидоқосылыстардың тұрақтылығы әр түрлі. Оттекті қышқылдығы лигант болып келген қосылыстар тек кристалдық түрде боады. Сулы ерітіндіде олар арнайы иондарға ыдырайды. Бұларды қос тұздар деп атайды. Мысалы, Мор тұзы:
FeSO4 (NH4)2SO4 6 H2O
Кешенді қосылыспен қос тұздың арасына қатаң шек қоюға болмайды. Себебі орталық атомның кешентүзгіштік қасиеті артқан сайын қос тұздағы кешендік ионның сулы ерітіндідегі тұрақтылығы артады.
Ацидоқосылыстарды оттекті қышқылдықты және галогені сутек қышқыл қалдықтарынан тұратын кешенді және қос тұздардан екіге бөлуге болады. Оттекті қышқыл қалдықтарынан тұратын кешенді және қос тұз қосылыстар көп. Олардың түзілу реакциясын қарастырсақ:
K2SO4+Fe2(SO4)3+2H2O K2SO4 Fe2(SO4)3 24H2O
KFe(SO4)2+12H2O - K2 Fe2(SO4)4 24H2O
K[Fe(SO4)2 ]- 12H2O K2[Fe2(SO4)4 ]2- 24H2O
K+, Rb+, Cs+, Te +, NH4+ квасцы түзеді, Li+, Na+ - квасцы түзбейді,себебі атомдарының радиустары кіші. Қос тұз –квасцы түзетін иондар: AL3+, Ga3+, V3+, Cr3+,, Fe3+, CO3+.
Сульфат иондар орталық атоммен нашар байланысқан, сондықтан Ва2+ ионымен тұнба береді:
Достарыңызбен бөлісу: |