Лекция өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау шымкент 2021 Кіріспе



бет3/35
Дата25.03.2022
өлшемі1.09 Mb.
#456454
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Лекция Публ шығ нег

Бақылау сұрақтары:
1. Публицистиканың өзіне тиесілі өз жанрлар жүйесі бар, сонда олар жанрдың жанрлары болып шыға ма?
2. Егер публицистика журналистиканың саласы болса, онда ол тек журналистерге ғана тиесілі деген ұғым туады ма?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Бекниязов Т.Журналистің шығармашылық шеберлігі.- Алматы, 2003.
2. Қазақстан Республикасының “Баспасөз және басқа ақпарат құралдары туралы” заңы.
3. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. 1997 – 2006.
4. Мерзімді баспасөз материалдары.
5. Омаров Қ.Шабыт шалқары . – М., 2006.


Дәріс 2.Публицистикалық шығармашылық негіздері.Журналистика жанрлары
Журналистка жанрлары. Жанр тудыратын белгілер. Рациональды, эмоциональды және жаңалықтық жанрлар. Журналистік туындылардың сюжеті, идеясы мен тақырыптары. Ішкі және сыртқы тартыс (конфликт).
Журналистика жанрлары дегеніміз – журналистика туындыларының тұрақты түрі. Жанрдың керегі бар ма, онсыз да журналистика бола бере ме? Мүмкін оның керегі жоқ шығар. Мұндай жағдайда мақаланың авторы өзінің әрбір туындысына оның түрін ойлап табуына тура келеді, ол оқырмандар болса оның мәтіндік ойын түсіну үшін сол мақаланың түрін таба білуі қажет. Мұндай туындылар тәжірибесі жоқ жуналистер жұмыс істейтін аз тиражды газеттерде жиі кездеседі. Олардың мақалаларында шолу, сұхбат, репортаж, жаңалықтардың белгілері араласып жүреді. Мұндай мәтіндер жазған журналистердің өзіне бәрі бір болғанымен, басқа адамдар ескертіп отырады. Мұндай оқиғалар туралы дәлелдер мен пікірлер көп, сондықтан мұнда оқиғаларды қайта қалпына келтіруге аз күш кетпейді.
Жанр журналиске ыңғайлы болу үшін, оған өзіне қажетті материалға сай келетін жанрды шыңдап алу үшін, оқырманға ыңғайлы материал таңдау үшін, өзіне қажетті ақпарат түрін таңдау үін қажет. Егер бұл жаңалық хабар болса газеттің бас жағында беріледі, ал материалдың соңында сарапшылардың болжамдары мен тартушы екі жағының пікірі де біріледі.
Егер материал репортаж болса, журналист оқиғаның куәгері ретінде оқырмандармен бірге болады. Егер материал түсіндірме, шолу ( комментарий) болса оқырманға жаңалық ұсындайды, белгілі оқиғаларға түсініктеме береді.
Әдебиеттанушы Виктор Шкловский жанрға төмендегідей анықтама берген: Жанр дегеніміз бекітілген әдет-ғұрып, әлемде көру тәртібінің этикеті, автор мен оқырман арасындағы айтылмаған келісім-шарт талдауға ұсынылған құбылыс қандай күйде орналасқандығы туралы келісім деген еді. Сондықтан әрбір жанр өмірдаен алынған материалдармен байланысып жатады. Сондықтан әрбір жанр белгілі бір ақпарат тық мәселелерді шешуге бағытталады. ( Цитата Л.Шибаевадан алынған. Журналистика теориясы мен практикасының жанрлары // Ростовская электронная газета. 2000. 8 сентябрь) Ондай жанр тудыратын белгілер үшеу: нысан, әдіс-тәсіл және функция. Нысан дегеніміз нені бейнелеу керек деген сұрақтың жауабы болу керек. Ал функцияның жауабы қандай мақсатпен деген сұрақтың жауабы болып табылады. Мысалы жаңалықтың нысаны оқиға болып табылады., ал тәсіліне негізгі алты сұрақтың жауабы жатады. Ол туралы сәл кейінерек айтылады, ал функцияға оқиғаны шындық тұрғыдан баяндау жатады. Бұл жерде шындық, туралық деген сөз бір оқиға туралы жазатын екі адамның сол оқиға мен сұрақтар төңірегінде бірдей көзқараста болып, бірдей нәтижеге келуі болып табылады. Бір оқиға туралы жаңалық жазған екі журналистің мақаласында болған оқиға мен басылымның бағытына, осы саладағы иерархияның айқындауында , осы саладағы дәрежесін қалыптастыруына ғана байланысты болады.
Журналистік жанрлардың жалпыға бірдей қабылданған жіктелуі (классификациясы) жоқ. Батыста жанрды «оқиғалы» және талдау (түсінік) деп екіге бөледі. Ал Ресей оқу құралдарында жанрды ақпараттық, сараптама және көркем жанр деп үшке бөледі.
Қолданбалы журналистикада баспасөздегі қазіргі тәжірибеге бағытталған бүкіл әлемдік газет ассоциациясының ақпараттық жобалар мен оны зерттеу ұйымының директоры Татьяна Репкованың классификациясы тура келеді Жаңалық жанрының нысаны Кім? Не? Қайда? Қашан? Неліктен? Неге? Деген алты сұоаққа жауап беретін оқиға, тәсіл болып табылса, ал функция оқиға туралы әр түрлі көлемдегі, нақты шыншыл турашыл әңгіме.
Рациональды публицистика жанрының нысаны жазып отырған оқиғаның басқа да оқиғалармен байланысы, оның себебі мен соңғы нәтижесі, ал тәсілі-логикалық талдау, атқаратын міндеті (функциясы) мәтінде белгілі оқиғаларды айтып беру болып табылады. Ал эмоционалды публицистиканың нысанына бірінші орында адам тұрады да оқиға екінші орынға ығыстырылады, ал тәсіліне адамдарды драмалық жағдайларда сипаттау кіреді, атқаратын қызметіне (функциясына) оқырмандардың бойында мақала кейіпкері бастан өткізген оқиғаға араласып, адамдардың бойында эмоциялық сезімді ояту қызметі тұрады.
Жанрлардың жіктелуі (классификациясы) журналистика адамдар туралы әңгімелеп беру, өйткені мәселені шешуші адамдар болып табылады, яғни оқиға болып жатқан процестің кейіпкерлері сол адамдар болып табылады – деген анықтамаға бағынады. Егер оқиғаға құрылған жағдайға назар аударылса, адамдар мәселені шешуге ден қояды, міне бұл жаңалықты журналистика делінеді. Егер мәселеге назар аударылса, бұл рационалды журналистика болып саналады. Егер адамдар мәселесі бірінші кезекке қойылса, онда эмоционалды публицистика болады.
Сонымен қоршаған ортадағы шындық журналистика мәтініне түскенде, бірінші публицистикада жоспарға назар аударылсын, мән берілуіне қарай әр түрлі тәсілмен беріледі екен. Міне, осы негізде журналиске осындай үш жанрдың біреуін таңдауына болады. Одан кейін мақала үшін нақты бір жанрды міндетті түрде таңдау қажет. Әр түрлі журналистика жайлы оқу құралдарында әр түрлі ондаған жанр түрлері атап көрсетілген. Сондықтан бұл кітапта қазіргі журналистика тәжірибесінде ең жиі қолданылатын он екі жанр қарастырылады. Бұлар қысқа жаңлықтар, кеңейтілген жаңалыққа құрылған мақала, «құм сағаттар», ньюс-фиче, фиче, репортаж, ақпараттық сұхбат, электрондық сұхабт және тұлғамен сұхбат, шолу (комментарий), сараптама мақала және портрет. Бұдан басқа жанрлар аталған жанрдан шыққан жанрдың бірі болып табылады немесе осылардың араласқан (гибритті) түрі болып табылады. Мысалы, корреспенденция дегеніміз – жаңалықты бір түрі, сын-пікір мен оқырмандар хаты, шолудың (комментарийдің) түрінің бірі, ол көңіл айту (некролог), портреттің бір түрі болып табылады. Кеңестік журналистикада өте кең тараған очерк жанры бар болғаны портрет пен шолудың (комментарийдің) қосылуынан, араласуынан шыққан жанр ғана, неге десеңіз кешегі СССРО-деп аталатын кезең дәуір сүргенде сынға тиым салудың себебінен журналистер амалсыз тікелей талдау жасау мен шолу орнына нақты адамдар тағдырын амалсыз суреттерден болған жанр екенін айтуымыз керек. Жаңалық жанрына қысқа жаңалықтар кеңейтілген жаңалық мақалалары «Құм сағаттар», ақпараттық сұхбаттар жатады. Қысқа жаңалықтар маңызды оқиғадан басталып, өте маңызды оқиғамен аяқталатын жанр. Бұл композициялық схеманы «төңкерілген пирамида» деп атайды. Қысқа жаңалықтың көлемі 10-20 машинамен жазылған қатардан аспайды да жоғарыда айтқан кім?, не?, қайда? қашан?, неліктен?, не үшін? деген сияқты алты сұраққа жауап береді. Кеңейтілген жаңалықты мақала (хабар) төңкерілген пирамида схемасына құрылады, бірақ жаңалықтан басқа оқиға туралы толық әңгімелеп, қосымша ақпарат беруге негізделеді. Ол болған оқиғаны толық, кең түсінуге мүмкіндік беретін оқиғаға тікелей қатысты емес ақпаратқа да мән береді.
«Құм сағаттар» атты жанр да «төңкерілген пирамиданың» комбинациясының бір түрі, онда мәтіннің бас жағында өте маңызды мәселелер хабарланады да, одан кейінгі сөздер куәгерлердің куә болуы арқылы жалғасады да оқиға хронологиялық тәртіппен баяндалады. Ақпараттық сұхбат оқиғаға қатысушымен немесе куәгерлермен жүргізеледі, оның ішінде распенденттермен, жеке өмірін білушілермен емес, оқиғаға тікелей қатысқан адамдармен жүргізіледі. Жаңалық жанрының ерекшелігі журналистің ол жазылған оқиға туралы түсініктеме берілмеуінде, шолу жасалмағандығында деуге болады. Неге десеңіз журналист оқиғаға деген өз көзқарасы мен пікірін білдірмейді, тек қана ол оқиғаны толық немесе жартылай баяндауға талпыныс жасайды.
Рационалды публицистика жанрларының қатарына нью-фиче, талдау (комментарий), сараптама мақала, эксперттік сұхбат жатады. Соңғы жағдайда сөйлем өз саласында беделді, кәсіби деңгейді көрсетеді, журналист беделді, кәсіби мамандармен сұхбаттасады. Түсініктеме немесе талдау (комментарий) дегеніміз түсіндірмені, талдау арқылы берілетін кеңейтілген жаңалық болып табылады. Ал сараптамалық мақалада журналистің өз пікірін айтпай-ақ тезис және қарама-қарсы тезис арқылы тақырыпты ашуы. Нью-фичеде журналист өзі көрген оқиғадан тыс көргендері де әңгімеленеді. Кейбір оқиғаларды мысалға келтіре отырып, журналист тренд көрсетеді, себебі оқиғаны одан басқа ешкім байқамағанына тоқталып, бұрын ешкм істемегеніне тоқталады. Сондақтан бұдан қоғамдық таным жүйесіндегі журналистиканың рөлін еске алуға болады. Себебі журналистер үнемі әлеуметтік шындықты танып-білудің алдыңғы қатарында жүріп әрекет етеді. Сондықтан олар жасаған түйіндемелер мент қортындылар жылдам өсіп-өнетін өнім сияқты оқиғадан кейін санаулы күндерден кейін жасалатындығымен, іске асатындығымен ерекшеленеді. Содан кейін бір апта немесе бір айдан соң олардың соңынан әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар жүреді. Сонан соң бір жылдан соң философтар мен тарихшылар танымды қортындылайды. Газет пен журналдың болған оқиға туралы жазғандары уақыт өте келе ұзаққа бармайды, ал тарихшылар мен философтардың дәл болады да сол оқиғаны дәлелмен қортындылайды. Ескі газеттерді ашып қарасаңыз, елдің барлық жаңалықтарын: сайлауды, доллардың курсын, құс тұмауы сияқты мәселелер мен жаңалықтарды бірінші болып жариялағанын көреміз.
Жалпы алғанда журналистің болжамдары іске асып отырғанын көруімізге болады, сондықтан олардың болжамдарына сыни көзбен қарауды қою керек. Сол кезде журналист оқығаны баяндалған кезде басқа қортындылар мен жобадар болмаған еді. Таза қателікке ұрынса да (журналист мәтінінің астарында жарнамалық-насихат жасырынып тұрса да) ол «кең тараған индукция», тезистің ауыстырылуы немесе «бәсекелестік мүйізі» болып шығады.
Индукция дегеніміз – дедукцияға қарама-қарсы жекеден жалпыға қарай қорытынды жасау болып табылады, ал дедукция дегеніміз жалпыдан жалпыға қарай қорытынды шығару. Дедутивті ақыл-ой қорытындысы барлық уақытта шыншыл, әділ болып табылады. Мысалы, барлық металл түрлері электр өткізгіш бола алады. Ал индуктивті ой қоытындысы барлық уақытта ықтимал, мүмкін болатын ой қорытындысына жатады, сондықтан ол да электрді өткізгіш бола алады. Ал индуктивті ой қорытындысы барлық уақытта ықтимал, мүмкін болатын ой қорытындысына жатады, мысалы егер Иванов «Искра» газетінде істесе, әрі жақсы мақала жазатын болса, Петров та жақсы мақалалар жазса, әрі «Искра» газетінде жұмыс істесе, онда барлық «Искра» газетінде жұмыс істейтіндер жақсы мақала жазатын болғаны. Мұндай қорытынды шығару шындыққа жанасуы да мүмкін. Сондай-ақ қате де болуы мүмкін. Тәжірибеде журналист ақпарат жетіспеушілігінен барлық уақытта қате қорытынды жасауға мәжбүр болады. Егер кей кезде бір-екі оқиғаға қарап жекеден жалпыға қарай оңай шешім шығаруға болады. Егер кей бір-екі оқиғаға қарап жекеден жалпыға қарай оңай шешім шығаруға болады, бірақ бұл жерде ереже еске алынбаған болып саналады. Егер есеппен тұрмысқа шыққысы келетін бірнеше қыздармен әңгімелескеннен кейін, бізде ешқандай қыздарда махаббаттың ешбір мәні жоқ жеген қорытындыға келсек, біздің алдымызда бұл « кең тараған индукция» болып шығады, демек бұл жеткіліксіз дәлел мен мысалдардан пайда болған қорытынды болып табылады.
Тезисті ауыстырып жіберу логиканың бірінші заңын бұзу нәтижесінде болады, ұқсастық заңын бұзу нәтижесінде болады, себебі барлық ойға алған мәселе барысында әңгіме бір нысан жайлы ғана болуы керек. Мұндай кемшілік, әсіресе ашу-ыза-кекпен жазылған түсініктемелерде (комментарий) жиі кездеседі, себебі, мәтіннің басында сын бір түрлі, ал соңында мүле басқа болып кететін жағдайлар жиі ұшырасады. Мысалы саясаткер жеке тұлғаның басымдылығы мен мемлекет басымдылығын мемлекет мүддесіне сай жасаса, ондай саясаткерді либералға жатқызады. Оның үстіне либералдарды дағдарыстың кінәлілері деп те атайды, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы дағдарсытың себепшілерін осындай либералдар жасады, кінәлі болды деп есептейді, міне аталған либерал саясаткерлер мен 90 жылдардың дағдарысы осылай қабысады, теңестіріледі. Міне, осылай саясаткерді сынағанмен, дағдарысқа ол саясаткердің де, оның бағдарламасының да ешқандай қатысы жоқ.
«Баламалы мүйіз» логиканың екінші және үшінші заңының бұзылуы нәтижесінде болады. Міне, бұл жерде логиканың екінші заңын еске алайық – бұл қарама-қайшылық заңы, соның нәтижесінде дәлелі қате әрі табиғи, сенімді болмай шығатын заңдылық. Мысалы, сіздің қолыңызға ұстап тұрған затыңыз бір мезгілде бірде кітап болып, бірде кітап болмай шығуы мүмкін бе?! Логиканың үшінші заңы бойынша, бір біріне қарама-қарсы дәлелдердің біреуі шын, біреуі жалғанғ ал үшіншісінде екеуі де жоқ болып шығады. Сонымен сіз бірде қолыңызға кітап ұстайсыз, бірде кітап болмай шығады, немесе екеуі де болмай шығады. Бұл Винни Пухтың әуе шарына ұшарда логикасы болмағаны сияқты болады, себебі, ол осы кезде өзінің аю екенін немесе жуан, мес екенін біле алмаудың үстіне екеуінің де бір-біріне қарсы екенін біле алмады. Винни Пух аю болсын немесе болмай-ақ қойсын, мес болсын немесе болмай-ақ қойсын екеуі бір бірімен ешбір байланыспайтыны хақ. Бұл Винни Пухтың тарихы балалардың да күлкісін келтіретіні сөзсіз. Ал мына хабарды қараңыз. 1996 жылғы сайлау барысында ересек Ресейлік журналистердің өзі Ельциннің аралығындағы коммунизмге қайта оралайық деп сайлаушыларды сендіргісі келді, бірақ Ельцин аралық сайлау болса да, Ельцин үшін дауыс берсе де коммунизмге оралуға ол оқиғаның ешбір қатысы жоқ еді.Эмоциональдық публицистика жанрларының қаттарына репортаж, фиче, жеке тұлғамен сұхбат және портрет жанры жатады. Репортаж дегеніміз куәгердің әңгімесі, мұның мақсаты оқырмандарға өздерін оқиғаның ортасында жүргендей сезінуге мүмкіндік беру.
Эмоциональдың публицистика жанрларының қатарына репортаж, фиче, жеке тұлғамен сұхбат және портрет жанры жатады. Репортаж дегеніміз куәгердің әңгімесі, мұның мақсаты оқырмандарға өздерін оқиғаның ортасында жүргендей сезінуге мүмкіндік беру. Фиче – үшінші тұлғаның атынан баяндалатын, болған оқиғаның ортасында жүргендей сезінуге мүмкіндік беретін тарихи жанр. Жеке тұлғамен сұхбат берушінің өмірі мен бастан кешірген туралы жанр, онда тек қана сұхбат берушінің өмір жағдайынан ғана хабар беріліп қана қоймайды, сол кейіпкерлерге тән мінез-құлқынан да мәлімет беріледі. Қорыта айтқанда барлық эмоционалды жанрға тән ортаға ерекшелік субъективтік болып табылады. Егер жаңалықта сендіру, иландыру бірінші орынға қойылса, шындық тексерілсе, рационалды публицистикада аргументтер мен дәлелдер, автордың логикалық заңдылықты сақтауы, қорытындысына мән берілсе, ал эмоционалды публицистикада дәлелдер мен логика екінші орынға қойылады да бірінші орынға өкініш, қайғы сияқты бастан өткізген оқиғаны бастан өткізгендей күйге түсу үшін алдымен журналистің өзі сол оқиғаны басынан өткізу керек. Себебі, әр адам әр түрлі олардың бастан өткізген оқиғалары да әртүрлі болады. Бұдан мынандай қорытынды шығаруға болады бір оқиға туралы жазылған журналистердің материалдары тіптен бір-бірінен бөлек болады, себебі авторлар әртүрлі іс-шаралар туралы жазуы мүмкін, сондықтан олардың алған әсері де әр түрлі болады.
Тараудың қорытындысында журналистік ақпарат, журналистік өнімнің тақырыбы мен идеясы мәселесін қарастырумен қатар журналистік мәтіндегі тартыс (конфликт) ұғымдары қарастырылады. Журналистік ақпарат әлеуметтік мәселе болғандықтан ол адамдардың көпшілігіне қатысты болып келеді. Хабар неғұрлым көп адамға қатысты болған сайын оның жариялануының қажеттілігі мен құндылығы арта түседі. Оның үстіне журналистік ақпарат барлық уақытта салыстырмалы болады, себебі ол үнемі бір нәрсеге байланысты маңызды болып келеді. Сондықтан кез-келген хабардың құндылығын жасанды түрде асыра көрсетуге болады, себебі бұл хабар бір оқиға байланыстылығымен ерекшеленеді.
Мақаланың тақырыбын көп адамдар мақаланың не туралы жазылғандығымен өлшейді. Мұндай айқындаудың қателігін жәй мысалдан-ақ көруге болады. Мысалы мақаланың тақырыбы ретінде Мәскеу деген мақаланы алайық. Міне, осы мақаланы аталған тақырыппен қандай-да бір редакцияға ұсынып көрейік, ондағылар болса бола берсін ұнамсыз көзқараспен жақтырмай қабылдайды. Ал енді осы мақаланың тақырыбын сәл түрлендіріп, «Мәскеуге ауыз су қаупі төніп тұр», «Мәскеуде ұлтаралық мәселеге байланысты қылмыстар толқыны өршіп тұр», «Мәскеуліктер халықтың көптігі мен тығыздығынан есінен адасып, өзін-өзі құртуда» сияқты тақырыптармен өзгертіп көрейік. Міне, енді мақаланы жариялау туралы өтінішіңізді бірден қабылдайды. Осы үш атаудың қандай ортақтығы бар? Енді соған тоқтайық. Олардың барлығы да бір оқиғаны сипаттайды, бірақ жағдайды қарапайым емес, бірақ жағдайды қарапайым емес, проблемалық өзекті мәселе етіп көрсетеді. Бұдан мынандай қортынды шығаруға болады, демек журналистикадағы тақырып таңдау, бұл проблемалық жағдай тудырудың негізі болып табылатындығындағы. Кей кезде мақала тақырыбы мақаланың неге қарсы жазылғандығына қарай аталады. Бұл жерде мақаланың қарсы бағытталған тақырыбы сыни тақырып болуы міндетті емес, журналистің назарына іліккен кез-келген өміріңіздің келеңсіз жағдайы болуы мүмкін. Мысалы, біздің өмірімізде жиі ұшырасатын ауыз судың жетіспеушілігі, ұлттық деңгейдегі қылмысқа қарсы күрес тақыоыбы болуы мүмкін өзіне-өзі қол жұмсау сияқты тақырып болуы да мүмкін. Журналист мұндай «қарсы» тақырыпты қалай табады, демек оған жазуға болатын метериал табылды деген сөз. Тіпті жетістіктердің өзі «қарсы» тақырып болуы мүмкін, себебі, кез келген жетістік аз күш жұмсаумен келмейді, ода басқа да әлі жете қоймаған асулар болуы мүмкін.
Егер мақала тақырыбы проблемалық жағдай болса, онда мақаланың идеясы- мәселені шешудің вариантын іздеу болып табылады.Мысалы проблема Мәскеуге қауіп тудырып тұрған ауыз судың жетіспеушілігі болса, идеясы қаланың басшыларының әрекеті болу керек. Проблема өткір болған сайын идея да әсерлі бола түседі. Мысалы, тақырыптар өте көп, міне осындай өз орнын таппай , өз өміріне риза болмай жүрген адамның да өмірі тақырып, қиындықты ойын-сауық мекемелерінен басқа қолынан келмейтін адам өмірі де идея «жазылмайтын өлім аузындағы бала туралы жазу да идея, олардың ата-анасына баланы емдету үшін көмек қаражат жинауға, ота жасатуға қаржылай көмек көрсету туралы да идеяға жатады.
Идеяның артында проблемалық жағдайдан шығу үшін жасаған материал қаһармандарының әрекеті жатады – ол тақырып, ал алдына жоспар құру – идея болып табылады. Сюжет кульминациямен аяқталады, бұл дегеніңіз мәселенің (проблеманың) шешілуімен немесе мәселені шешуге талпыныстың іске аспауымен (катастрофа) аяқталады. Кульминацияның екі түрі болады: біріншісі – жалған, екінші түрі шын немесе дұрыс кульминация. Мысалы ауру баланың емі үшін жиналып жатқан ақшаны жинау жоспарланғандай орындалуға мүмкіндік болмаса ол жалған кульминация, егер соңғы кезде ғана күтпеген жерден жоспарланған ақша табылса, бұл шын, ақиқат кульминация болады. Немесе ақша нәтижелі жиналса (жалған кульминация) бірақ ол ақшаның көмегі болмай, ол ақша арқылы орындалатын ота (операция) ауруға енді көмек бере алмаса катастрофа болып табылады. Кульминациядан соң мәселенеің түйіні шешілетін жері (развязка) жалғасады, бұл дегеніңіз қорытындылау, атқарылған іске баға беру, проблемалық жағдайдан шығудың жаңа жоспарын жасау сияқты мәселелер болып табылады. Мысалы ауыз судың жетіспеуі туралы материал бойынша үкіметтің ол проблеманы шешуге мүмкіндік табуы развязка, яғни мәселенің түйіні шешілуі болып табылады. Ауру бала туралы материал бойынша емдетуге қажетті қаражаттың соңғы сәтте табылуындағы мәселенің түйіні адамдардың арасындағы бірін-бірі түсінуі туралы пікірдің қайта пайда болып, егер көмек зәру керек болса көмек қолын созатындар міндетті түрде табылады деген сенімнің пайда болуы.
Бұған қазіргі журналистика пайда болғанға дейін біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырда Аристотель драманың бес мүшелі құрамы деп, оған тақырып-идея-сюжет-кульминация-развязканы жатқызғаны дәлел бола алады.
Тартыс (конфликт) журналистік материалдарда ішкі және сыртқы тартыс болып екіге бөлінеді. Сыртқы тартыс дегеніміз әр түрлі адамдардың қақтығысы мен адамдардың келеңсіз жағдайлармен күресіне құралады, ал ішкі әр түрлі ұстанымдардан тұрады. Конфликтінің себебі мен көзі адамдардың талап тілектері мен мүмкіндіктерінің бір-біріне сай келмеуінен және сондай-ақ олардың сыртқы ортаның талаптарына моральдік нормаларына сай келмеуі болып табылады. Адамның тілегі керек етемін десе, мүмкіндігі «істей аламын», «қолымнан келеді» дейді, ал сыртқы ортаның талабы мен моральдық нормалары «істеуге тиістісің», «міндеттісің» деген талап қойды. Демек адамдар арасындағы конфликт «керек етемін» дегенді білдірсе, мүмкіндігі «істей аламын, қолымнан келеді» дегенді , ал сыртқы ортаның талабы, мен моральдық нормасы «міндеттісің» дегенді білдіреді. Демек сыртқы конфликт, бір адамның немесе әр түрлі адамдардың «керек етемін» деген тілегінен шықса, «міндеттісің», (немесе болмайды) деген мемлекет пен қоғамнан шығады, ал «істей аламын», «істей алмаймын деген конфликт адамдардың өзінің тарапынан болатын тартысқа жатады. Міне, сыртқа конфликтінің (тартыстың )» мысалы осындай болады. Ол екі үміткердің президент болғысы келетіні, бірақ біреуі ғана баса алатыны сияқты болады. Адамдар жақсы өмір сүргісі келеді, бірақ еңбек еткісі келмейді, демек қоғамнан шарапат, жақсылық, жайлы тұрмыс алғысы келеді, оның есесіне оған (қоғамға) ештеңе бергісі келмейді. Міне, осыдан барып қоғам онымен күреседі, бұл әлі зерттелмеген жолмен (маршрутпен) таулардың шыңын бағындырғысы келген альпинистің әрекеті сияқты.
Ішкі конфликт (тартыс) дегеніміз бір адамның ішіндегі «керек етемін», «істей аламын», «болу керек» дегендердің арасындағы конфликт. Мысалы менің машина алғым келеді, бірақ ала алмаймын, себебі ақшам жоқ деген сияқты ішкі тартыстар. Немесе менің врач болып істегім келеді, себебі бұл отбасымды асырауға қажетті көп табыс табуға мүмкіндік береді, бірақ мен жас кезімнен артист болып сахнаға шығуды армандадым, себебі врач болып әр таң сайын ауруханаға барғым келмейді деген сияқты ішкі тартыстар ішкі конфликтінің мысалы бола алады. Психологтар барлық баытты адамдардың бірдей екенін дәлелдеген. Олардың қажет етемін, істей аламын, «болу керек» деген тілектері бір-бірімен сай келетін адамдар. Ал бақытсыз адамдардағы аталаған үш қажеттілік, бір-біріне сай келмей, үнемі кереғар болып жүретін адамдар, себебі олардың сөзі бір бөлек, ісі бір бөлек болып үйлеспейтін адамдар. Сондықтан журналистика үнемі бақытсыз адамдар туралы жазады, ал бақытты адамдар туралы жазудың қажеттілігі аз болады. Бақытты адамдарда ішкі қарама-қайшылық (конфликт) жоқ, ал сыртқы конфликтінің өздері реттеп отыра алады, ол жағдайға қарай реттеледі.
Журналистика жанрлары журналист өнімдерінің тұрақты үлгілеріне жатады. Ал жанр тудыратын белгілер мен себептер: нысан, тәсіл және функция болып табылады. Жаңалық жанрлары, (қысқа жаңалық, кеңейтілген жаңалықтық мақала, «құмсағаттар» және ақпараттық сұхбаттар) әңгіме үшін оқиғаға төмендегі (кім?, не?, қайда?,қашан?, неліктік?, не үшін? ) алты сұраққа жауап беру үшін іздену жолында пайда болады.
Рационалды публицистикалық жанрлар (ньюс-фиче, түсіндірме, сраптама мақала, эксперттік сұхбат,) белгілі оқиғаларады басқа оқиғалармен логикалық байланыстыру жолымен жазылады. Ал эмоционалды публицистика жанрлары (репортаж, фиче, жеке тұлғамен сұхбат және портрет) оқырмандардың эмоционалды реакциясын тудыру үшін адамдарды драмалық жағдайда суреттеуге негізделеді. Журналистік өнімнің тақырыбы проблемалық жағдай тудыру болып табылады, идеясы – проблеманы шешудің варианттары, сюжет-материал қаһармандарының әрекеті, кульминация – мәселенің шешілуі немесе оны шешудің орындалмай қалуы, развязка – атқарылған істерге берілетін баға болып табылады. Конфликт ішкі және сыртқы болып бөлінетіні белгілі, егер адамдар өзімен-өзі немесе сыртқы келеңсіз оқиғалармен қақтығысса, сыртқы конфликт, ал адамдардың ішіндегі қажет етемін, істей аламын, болуға тиісті деген сұрақтардың қайшылығы мен қақтығысы ішкі конфликт болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет