Лекция сабағының тақырыбы: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе. Адам мәдениетінде өнердің мәні мен мағынасы Жоспары: Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе


Символизм. Пюви де Шаваин, Гюстев Моро, Одилон Редон



бет31/40
Дата05.10.2023
өлшемі1.3 Mb.
#479915
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
Әлем өнер тарихы

Символизм. Пюви де Шаваин, Гюстев Моро, Одилон Редон.
Символизмніњ бесігі – орта ғасырдыњ француз поэзиясы. Бодлер, Верлен, Малларме.
Тіл символы өнер тәрізді ежелгі Египет пирамидалары – мєњгілік символы. Крестке қағылған Христос, азаптылық пен күнәлардан арылу символы...
Францияныњ бейнелеу өнеріндегі «Ортодоксальдық» символизмніњ таратылуы шектеулі еді. Франциядаѓы символизмніњ аға буындары болған Пюви де Шаванн жєне Гюстов Моро саналған. Пюви да Шаванн бағалы фреска живописін жандандырды. Пюви де Шаванн «Кішкене киелі орман», «Жұмыс», «Демалыс», «Үміт», «Киелі Женевевтыњ өмірі» атты аллегорикалыќ композицияларын салѓан. Бұл суреттерде тыныштыќ лебі, рухани тепе-тењдік сезілетін. Пюви де Шаванн дањќ атаѓы асќан еді.
Гюстав Мороныњ өнерін қазіргі уаќытта да ықылас тудыруда, ол ертегі мен ањыз сюжеттеріне арнап сурет салған, жұмбақты өзініњ қиялымен бейнелеп, сәулет өнерімен киімін бөлшектерін пайдаланып композицияны толықтырып бейнелейді. Ол көбінесе әшекейлер мен қымбат бағалы заттарға қатты қызығатын. 90 жылдары Морро көркем өнер мектебін басқарған еді, оныњ шәкірттері болашақ фовистер – Матисс, Марке, Руо еді.
Импрессионистердіњ буыны символист Оделон оедон ќиялшыл меланхолик жєне арманшыл суретші, сыншыл жєне сыпайы еді. Ол шешімі жоќ «Су бетіндегі ќанатты бас», «Шар тектес кµз» «Адам кейпіндегі бақбақ гүл» атты жұмбақ шыѓармаларды салѓан еді.
Редон «Мен өзімніњ шыншыл емес болмысыма өмір сыйлаймын. Меніњ ерекшелігім жоқты бар қылып, көрінбейтінді кµретін етіп өмір сыйлайтыныма ешкімніњ күмәні жоқ» - деп айтатын.


Постимпрессионист суретшілері және олардың шығармалары
Поль Гоген
Поль Гоген жєне оныњ қарамағындағы жас суретшілер Француз живописіндегі символикалыќ ілімніњ буындарымен жанасып ќана өтетін, кейінірек бұл топ өздерін «Наби» («Пайѓамбар») деген атпен атайтын.
Гогенніњ Полинезия аралына саяхаты жєне жергілікті халќымен араласуы, оныњ атын ањызға айналдырды. ХІХ ғ. көп суретшілердіњ биографиясы, Гогендігі секілді романтикалық еді. Оныњ балалық шағы Перуда, жастық шақ өмірінде матрос болып кемемен оњтүстік тењіздерінде жүзген еді, сосын Парижде биржа делдалы болып жұмыс істейді, сонымен бірге живописті де ќатар алып жүреді. 35 жасынан бастап комерсиялыќ жұмысын тастап, суретшілік жолына түседі. 40 жасынан кейін Тоити тропикасына көшіп кетеді, Гоген 1903ж Доминик аралында ќаза табады.
Әуен мен музыканыњ үндестігі тєрізді, таза түстердіњ үндестігімен құралѓан живопистіњ системасына ұмтылатын. Ол система – синтез деп аталатын.
Жања система єдісі бойынша Гоген 80 ж ІІ ширегінде Понт-Авен атты жерде жұмыс істей бастады. Бұнда болашаќ із кесушілерге арнап үйірме ашады.
1888 ж. Гоген Арлде Винсет Ван Гогпен бірге 2 ай көлем ішінде жұмыс істейді. Қоштасарында ағасына жазған хатында Ван Гог: «Оныњ қолынан қазір істеп жатқанынан одан әрі жақсысын істей алады» дап жазады. Ван Гогтыњ «Болжап» айтуы да 90 ж. тура келді.
Экзотикалық аймақ суретші үшін өзініњ көркем сурет ойларын жасауына қолайлы еді. Парижге жіберген суреттері еш пайдаѓа аспады, біраќ аралдыњ жергілікті тұрѓындары Гогені өзіндей көретін.
Өмірінде көргенін сезінгені туралы Гоген: «Ноа-Ноа» кітабында бейнелеген. Тоити аралындаѓы өмірініњ арќасында ол түстерді жаќсы бейнелейтін колорист суретшіге айналды. Алѓашќыда салѓан «Иаковтыњ періштелермен соѓысы» атты каритнасынан гµрі «Ақ тұлпар» атты картинасы ертегідей керемет бейнеленген.
Гоген суретіндегі бояуларды табиѓаттікінде емес, неге µзгеше етіп, итті ќызыл-сары, топыраќты ашыќ ќызѓыш, тењізді сары ќылып салатынына былай жауап береді: «Тоитидіњ табиѓатын, болмысты бір ѓана төрт бұрыш суретке сыйдыру керек, ж±мсаќ ауаны, керемет табиѓатын,...»
Гогеніњ шєкірттері «Наби» ұғымын көп ұстанбай, әр ќайсысы өз өмір жолымен кете барды. Ењ дарынды ізкесуші – Боннар жєне Вюйар – олар импрессионизм живописін ХХ ғ. ортасына дейін жеткізді. Бұл суретшілердіњ шығармашылығы ХХ ғ. келеді.
Ван Гог
Ван Гог – Голландия суретшісі, ол небары 33 жыл өмір сүрді, соныњ ішінде 4 жылын Франция да өткізген. 27 жасына дейін Ван Гог Гупиль кµркем µнер салонында сатушы болып ж±мыс істейді. Өнерді ұнатсада суретші болмаѓан.
Ван Гог µзініњ негізгі баѓыты деп киелі шіркеуге ќызмет етіп, кедейлердіњ арасында Евангелияныњ уаѓызын айту деп түсінген. Адамдарѓа рухани жарыќты беру, жұбату жєне үміт сәулесін жаѓу үйсіз-жайсыз ќалѓан адамдарѓа ќызмет етудіњ ењ дұрыс жолы деп түсінді. Көп талпыныстыњ нєтижесінде ол Бельгияныњ Оњтүстігінде орналасќан Боринаж поселкасында евангелистік уаѓыздаушы болады. Ол жергілікті шахтерлермен достасып, адамдардан кµмегін аямайтын, кµмір ќазушылардыњ шахта администраторына ќарсы ереуілінде кейінірек кµтеріліске ±ласќан; ќатысќаны үшін жас уаѓыздаушыны церков басшылары ж±мыстан ќуады. 1880 жылы терењ рухани ќайѓыныњ нєтижесінде шіркеуден бас тартып µнер жолын тањдайды. Ол апостольді миссияныњ жалѓасы µнерден кµрді, сол арќылы ол ењбек ететін адамдардыњ, тігіншілердіњ, балыќшылардыњ, шахтерлердіњ, шаруалардыњ µмірі жайлы бейнелегісі келді. Осылай Ван Гог µзін барлыќ жамаѓатпен таныстырды.
27 жасар Ван Гог сурет сала алмауынан барлыѓын басынан бастауына тура келді. Ол µз талантына емес жігерлігіне сенген.Голандыќ суретші Маувеніњ екі айлыќ дєрістерін санамаѓанда, ол өз бетімен сурет салуды үйренген. Ван Гогке оныњ інісі Тео көмек берген, ол Париждегі Буссо жєне Валандона атты көркем өнер фирмасында жұмыс істеген. Аѓайындылардыњ хат алмасу нєтижесінде біз оныњ өмірі жайлы көп біле аламыз.
Алѓашќы екі жылында Ван Гог тек ќарандашпен ж±мыс істеді, ол «Живопистіњ бастамасы сурет» деп ойлаѓан. Бұл оныњ өзіне ќойѓан бірінші сабаѓы, ал екіншісі – сурет салу, соныњ ішінде адамныњ дене бітімін салу арќылы пейзажге де ќол жетер деп ұғынды.
Тек 1882-83 жылдары Гаагада жұмыс істеп жүргенінде ол сурет салушыдан, майлы бояуѓа көшті. Брабантаныњ солтүстігінде орналасќан Нюэненде өткізген 2 жыл ішінде Ван Гог 190 майлы бояумен салынѓан суретін бітіреді, соныњ ішінде атаќты «Картофельді жеген жандар» атты картина бар. Бұл суретте ван Гог ќарапайым шаруа отбасын бейнелеген. Барлыѓы бір табаќтан ішіп, май шамныњ жарыѓымен кортофельді бір ортаќ ыдыстан жеп жатќан отбасын кµреміз. «Бұл суретте мен ќарапайым шаруа отбасылардыњ өмірін бейнеледім» дейді Ван Гог. Өмірініњ соњына дейін Ван Гог осы суретті µмірініњ жетістігі деп ойлады. Ван Гог өзін шаруа-суретші деп айтатын.
Ван Гог жања шыѓармашылыќ жұмыстарының нєтижесінде Антверпенге сосын Парижге барады. Парижде Ван Гог інісініњ арќасында импрессионистер мен неоимпрессионистер буындарымен танысады; Писсаро, Сера жєне Синьяк, Лотрек, Гоген.
Имперессионистердіњ живописін Ван Гог басында ұнатпады, кейінірек импрессионизм мектебін тамамдаѓаннан кейін баурап алатын пейзажды, гүлді натюрмортті ашыќ-жарќын кµњілді түстермен салады. Бұл оған қиын соқпады. Ван Гогтыњ Париждегі майлы бояумен салѓан суретін көрген көрермен өзін сәулелі бақшада жүргендей сезеді. Ағаштағы қызғылт-ақ гүлдер, су бетіндегі қайық барлық жерде раушан, ирис, мак гүлдер. Баяѓы кµњілсіз Ван Гог жоќ болып кеткендей, жоќ бұл суреттер суретші үшін жай ѓана жаттыѓулар болатын. Мүмкін, кейінірек µзімніњ суретімен ќолайлы модель тапќаннан кейін мен бєріне пейзаждан басќасы ќолымнан келетінін дєлелдеймін» - деп Парижден ќарындасына жазады. Мұндаѓы «Қолайлы модель» дегеніміз «ағаш аяқ-киім киген шаруа адамдар» Ван Гог үшін Париж әрдайым жат еді.
Шын мєнінде, Ван Гог Парижде ішкі даѓдарысты ауыр ќасіретін сезетін, бұл жайлы сол кезењде салынѓан автопортрет суреттері дєлел. Парижде Ван Гог жања қоғам өнердіњ апостольді миссиялыќ үмітін ақтамайтынын білді. Қоғам өзініњ дарынды суретшілерін керек етпеді, сондыќтан суретшілер ќоѓам арасында ортаќ тіл таппай, іштей ќынжылатын. Заманѓа сай суретші шынай µмірден бµлініп, осы ойлар Ван Гогды есінен адастыра бастады, оныњ єрдайым басы айналып, ќорќыныш үрейлейтін,- психикалыќ аурудыњ алѓашќы белгілері кµрініп, ол кейінірек сол ауруѓа душар болды. Ван Гог үшін ењ басты « адамзатты сүю, бұл ењ кµркем µнер » ќаѓида еді. Суретшілердіњ өзара ќырылыстары Ван Гогты күйзелтетін, ол будда монахтары сияќты, бєрі бір- бірін сүйетін ағайындылыќты құрғысы келетін. Бұл арман Парижде емес, оњтүстікте табиғаттыњ аясында құрылѓанын қалайтын. Осы армандардыњ нєтижесінде, Ван Гог япониялыќ гравюра өнерімен шұѓылдана бастады. Япония жайлы аз білсе де, ол «өзініњ япониясын» ізденісі нәтижесінде Прованстыњ оњтүстігінде орналасќан Арль ќаласына кµшіп барады. Інісі Теоныњ кµмегімен шаѓын үйшікке қолы жетеді, бұл үйді Ван Гог «Суретшілер үйі» деп атайды, бұнда Ван Гог Парижде суретші достарымен бөліскісі келеді. Арльдегі үй тар болғандықтан, тек Поль Гоген ғана келеді, Ван Гогтыњ психикалық ауруы асқынып, емханаға жатқызады, ал Гогенге Парижге қайтып оралуына тура келді.
Бұл қайғылы оқиғаның алдында Ван Гог Арль ќаласында өзініњ жұлдызды уақытын өткізді. Прованстыњ керемет табиғаты оны күтетініндей еді.
Ван Гог інісіне жазған хатында «Менің Парижде үйренгенімніњ бәрі ұмытылып жатқандай сезіледі, импрессионистермен таныспай ауылда тұрған кезімдегі ойлар қайта оралғандай. Көз алдымдағы нақты сурет салудыњ орнына, ойымдағындай етіп ерекше бейнелеймін». Кескіндемелік қолтањба арқылы көрермен Ван Гогтыњ суреттерін ішінара сезе алады. Әр тањ атқан сайын кешке дейін бейнелі бір суретпен оралатын.
Арльде ол тек баќша суреттер сериясын, «Тұќым себушініњ» бірнеше нұсќаларын, түнгі кафе, суретшілер үйін, күн бағыстарды, тењіз пейзажын таѓы басќа суреттерді салѓан.
Өзініњ өнерімен Ван Гог өзі жайлы емес, таѓдыры жайлы жєне ішкі жаѓдайын µзінен тыс єлемді бейнелейтін. Ван Гог үлкен дарын иесі еді, ол бейнелеп жатќан затты сезіне білетін.
Ван Гогтыњ жай салѓан суреттерініњ µзі символѓа айналатын. Оныњ сиволикасы шынайы еді. Ван Гогтыњ «Картофельді жеген жандар» атты картинасы «Түнгі кафе» картинасына ќарама- ќарсы деп есептейтін. «Шаруа отбасында бєрі бір –бірінен жаќын жандар» ал, «Қалалық» картинасында бәрі бірінен- бірі бейтаныс.
Ван Гогтыњ Сен-Ремида салған «Жұлдызды түн»картинасында мәњгілік діни- филисофиялық мән маѓына түсінеміз. Бұл картинасын творчествасы сергек кезінде салѓан еді. Ван Гог бұл суретте аспанды єлем жараласыныњ ќайнар кµзі етіп бейнелеген. Алып кипарис аѓашын ат ретінде, жер мен көкті қосып тұрғандай етіп бейнелеген. Ван Гог өзініњ туѓан жері Голландияны ќатты саѓынатын. Сен- Ремиде жүрген кезінде кейбір суреттерін ќайта салѓан. Қыстыњ күні сурет салу ќиын кезде ван Гог толќындарды атаќты Рембранд, Делакру, Дюлье, Доре суреттеріне ќарап салатын. Ол кµбіне Милленіњ суретін басып алатын. Ван Гогтыњ ењ сүйікті суретшілері болып Рембранд, Делакруа, Милле болып қала береді.
1890 ж мамыр айында бір жыл µмір сүрген Сен-Реми қаласынан Францияныњ солтүстігіне Парижге жаќын Оверге көшіп барады, Оверде Ван Гог дәрігер Гашеніњ қарауында болды. Гаше Ван Гогты толығымен жазылды деп есептеген. Бірақ, 1890 ж. қояншық ауру ұстап қалар, өзі және інісініњ отбасына зиян келер деп өз- өзін атып өлтіреді.
Өлер алдында оныњ соњѓы асќан үлгілі шыѓармасы «Бидай алќабындаѓы ќарѓалар» атты картина еді. Тео үшін аѓасыныњ өлімі қатты тиді, ұзаќ ќайғыру нєтижесінде Тео есінен айырылып, аѓасыныњ µлімінен кейін небєрі алты ай ѓана өмір сүреді. 1964 ж екеуініњ құрметіне өз отанында Цадкинніњ бір- бірімен жаќын тұрѓан, ќолдап тұрѓан мүсіні ќойылады.
Өмір сүруін, шыѓармашылыќпен айналысуында Винсент Ван Гог інісіне қарыздар еді. Ван Гогтыњ өлімінен кейін оныњ суреттерін бағалаушылар көбейді. Тірі кезінде ол небєрі 400 франке сатылған «Қызыл жүзім» атты бір картинасы ғана еді. 1962 ж. Голландияда Ван Гогтыњ фонды ашылып, Теоныњ ұрпақтарынан Ван Гогтыњ қалған картиналарын 18,5 млн. флоринке сатып алады. Ван Гогтыњ тағдыры біреу ойластырғандай ғажайып еді. Қиын жағдайда тењдессіз күрес нәтижесінде,Ван Гонк күрестіњ соңында жеңіп шыққандай.

Постимпрессионизм бейнелеу өнері тарихында импрессионизм негізінде пайда болған ағым. Постимпрессионизм өнерде 19 ғасырдың аяғында көрініс беріп, 20 ғасырда кең етек алды. Атаулары ұқсас болғанымен постимпрессионизм импрессионизмнің тікелей жалғасы болып табылмайды. Бұл көркемдік әдістің өкілдері Сезанн, Гоген, Ван Гог, өз шығармаларында табиғат пен болмыстың ішкі тынысын бейнелеуді көздеді.


Постимпрессионистер шығармаларындағы адам ойының терең түкпірлерін бойлай еніп, олардың рухани әлемін нақты әрі тұжырымды тәсілдермен айқын аша білу жетістігімен ерекшеленеді. Олар дүниені өз қалпында дәл ұқсата көшіруден бас тартып бейнелеу тәсілдерінің дәстүрлі құралдарын шығармашылықпен пайдаланды. Постимпрессионизм өзінен кейінгі прогресшіл бейнелеу өнеріне үлкен әсер етіп келеді.
Импрессионизмніњ кењ етек жаюы 90 жылға келді, бұл оныњ ішінара алға ұмтылған жас толќындарыныњ бөлініп шығуына әкелді. Алғашқылардыњ бірі болып неимпрессионистер болды, өздерініњ басшысы Жоржа Сера деп есептеген. Оларды пуантилистер деп те атады, олар бояуды жеке нүктелі етіп жақты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет