Академизм бейнелеу өнерінде-ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы көркем сурет академияларында қалыптасқан, көне заман мен қайта өркендеу дәуіріндегі өнердің сыртқы пішіміне еліктеу негізінде құрылған классикалық өнер бағыты. Академизм 16 ғасырлардың аяқ шенінде Италияда пайда болып, өнердегі ресми бағыт ретінде 17-19 ғасырларда басқа елдерге тараған. Академизм кәсіби білімді бір жүйеге келтіруге жағдай жасады, оның әсемдік мұраттары, қағидалары мен ережелері көркемдік өнерге жаңа бетбұрыс алып келді.
Романтизм ХҮІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде музыкада, бейнелеу өнерінде, эстетикада және т.б. ғылымдар салаларында тараған идеялық көркемдік бағыт. Романтизмнің адамзат мәдениетінің дамуындағы тарихи ролі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеяларымен байытып, халық бұқарасына әлеуметтік қоғам қайшылықтарының мәнін терең ұғынуына жол ашты.
Бейнелеу өнеріндегі романтизм мүсін өнеріне қарағанда кескіндеме мен графикадан айқын көрініс тапты. ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың кезінде Гойя, Давид, Гро, Делакруа еңбектерінен романтизм белгілері аңғартылды. Реставрация мен Июль монархиясы кезінде Францияда өркен жайды. Ол академизм классицизм өнеріндегі догматизм мен буалдыр рацонализмге қарсы күрес үстінде қалыптасты. Романтикалық мектептің алғаш негізін салушы Т.Жерико. композицияны асқақ динамикаға құру, қимыл-әрекетті форма тұтастығына бағындыра отырып, көлем мен кеңістік құбылысын ұтқыр пайдалану, сәуле мен көлеңке алмасуына негізделген қанық та бай колорит романтик суретшілердің классицизм өкілдеріне қарағанда негізгі ерекшелігі болып табылады.
Импрессионистер бағыты
Импрессионизм (франц.әсер) алғаш рет францияда ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды. Импрессионизмнің алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делекруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері қалады. Олардың шығармаларында өмірдің немесе табиғаттың бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм францияда 1870 ж. бастап көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Бертін келе импрессионизм образдарды бейнелеуде екі ұштылыққа ұрынып, суреттері үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек «таза түстерді» пайдалануды талап ететін плэнер жүйесін жасады. Импрессионизмнің принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дега, Сезанн, Дж. Уисчтлер, Серов мүсін өнерінде Россо, Трубецкой, Роденнің шығармаларынан көрініс тапты.
Тулуз Лотрек, Жорж Середан да, Сезаннан да жас болса да, олармен салыстыруға тұрарлық еді. Оныњ «жанрлық» өнері өзгеше: ол тұрмысты-жазушылыќ дәстүрмен, өзініњ келкелі сықақ стильде шығарылған көркем өнер шығармасын (гротеск) – Домьемен, ал стилін импрессионизммен байланыстырған.
Тағдырдыњ өзі Анри Тулуз-Лотрекке мысқыл рөлін сомдағандай. Тулуз-Лотрек ежелден келе жатқан граф Тулуздың ұрпағы еді (Райман Тулуз ХІ ғ. ең алғаш кресшілер жорығын басқарған). Өзін мазақ еткен тағдырына қарсы шығып, аристократты қонақ жайын интеллигенттер тобыныњ әуре-сарсаң өмір тұрмысына айырбастады. Сөйтіп ол өнер крестін абыроймен көтеріп жүрді.
Анри Тулуз-Лотрек бала кезінде сүйкімді жылдам, ерке, суретті салуды, әкесі мен бірге атпен қыдырғанды ұнататын. 14 жасында аттан құлап, аяғын сындырып алғаннан кейін оны елемей жүріп, сүйектері дұрыс өспей, денесі ұзын ергежейлі болып, оныњ бет әлпеті өзгеріп, әдемі баладан кемтарға айналады. Бұныњ бәрі әулеттегі қанның араласуынан болуы мүмкін. ¤мірдіњ барлыќ жолдары кесілген, тек өнер жолы оған ашық еді. Осыдан Лотректіњ µнер жолындаѓы өмірі басталды. Алғашқыда әйгілі Боннаныњ академиялыќ шеберханасында одан кейін Кормоннан кескіндеме өнерін үйренді, 21 жасынан бастап олардан бµлек шыѓып кетеді. Ол єншілермен, бишілермен, актерлермен араласатын. Оныњ суретініњ кейіпкерлері осылар еді, Лотректі көргендер оны күлекеш, әзілқой, тұрқысыз түрінде өзіне тән әдемілікті көруге болатын дейді. Оныњ өмірі небәрі 37 жылға ғана созылған.
Лотректіњ сүйікті суретшісі Дега. Ол Дега тєрізді асқан шеберлікпен салатын. Лотрек графика және кескіндеме өнерін қатар алып жүретін, оныњ қаламмен салған суреттері әрбір клоундардыњ, бишілердіњ, жокейлердіњ қимылын лезде бейнелейтін, келеке және карикатура шебері суретші Форенмен таныстығы Лотректіњ «Карикатура» бағытын ұстанғаны себеп болуы мүмкін.
Бұл бағытты ұстанудыњ ењ басты себебі, осы өнерге жетелеп әкелген келеке тағдыры.
Тулуз-Лотректіњ тематикасы Деганікіндей, кабаре, от жарысы, әншілер бірақ одан айырмашылығы Лотрек бір саты төмен жүретін – онда жайлылықтың бет пердесі ашылып, барлығы тең еді. Дега «Гранд-операны» балериналарын салса, ол Тулуз эстрада бишілерін салатын. Дега аристократтыњ сәнді «Деу Амбассадер» кафесін салса, Лотрек Монмарттегі каусар «Мулен Ружді» бейнелейтін. Осы «Мулен Руждыњ» кейіпкерлерін салып, тұрмыстыњ жанрын кескіндейтін.
Лотректіњ бұлай өмір сүруі, оныњ кемтарлығы болуы мүмкін, бұнда ол кемтар емес үлкен суретші еді.
Лотрек Иветт Гильбердіњ эскизін, портретін көп салатын. Соныњ бірі Мәскеу музейіндегі Лотректіњ «Аѓылшын тілде Иветт Шильбердтіњ өлењ айтуы» атты портреті бар. Бұнда Лотрек керемет мінездемені, суретшілік әдісті анық көрсеткен. Бейтарап фоны, жењіл аќ түсті фигураныњ кескіні, қою көк түсті қолғап және сары шаштар, бетке берілген мазок. Бұл суретте көретініміз жарықтыњ астыњғы жаќтан түсуі, сахнада әнші көпшілік алдында келекей ән айтуын.
Тулуз-Лотрек афишаны көп салатын. Бүкіл Париждіњ жарнама, афиша плакаттарынан – Лотрек бірінші орында еді. Бүкіл Париж Лотректіњ Шаньсонь Аристида Брюаноныњ плакатын білетін.
Лотректіњ кескіндемелік композициялыќ портретініњ кейіпкерлерін аттармен атауға болатын, соныњ ішінде өзі де бар, сондай суреттіњ бірі «Сүйіктісімен бірге». Бұл сурет Деганыњ «Абсентіне» келеді. Кафедегі әйелмен ер адамныњ бейнесі. Дега бұларды шаршаңқы єйелдіњ қайғылы түрі аяушылыќты тудырады, ол Лотректіњ композициясында аяушылыќќа достыќќа жол бермеген. Бұнда ол адамныњ төменділігін бейнелейді.
Таѓы бір салыстыру: Ренуардыњ «Мулен де ла Галетегі бал» және Тулуз-Лотректіњ «Мулен да ла Галетті». Ренуардыњ көњілді жастық шақ туралы салғаны мен Лотректіњ көңілсіз суретініњ айырмашылығы жермен көктей.
Тулуз-Лотректіњ дарынды таналты туралы Боднер, ХХ ғ. ақыны Анна Ахматова атап өткен.
Достарыңызбен бөлісу: |