Лекция тақырыбы: «Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты»



бет11/11
Дата04.05.2024
өлшемі2.58 Mb.
#500507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1301-63 оқу тобы

-рақ, -рек, -ырақ, -ірек мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен (С. Мұқанов); Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ (F. Мүсірепов).
ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу мысалы: Ниетқабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады (F. Сланов). Сол ауылда таныстау бір шал бар еді
(F. Мүсірепов). Бұл екі форма - өте өнімді формалар.
б) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң. Бұл өнімсіз жұрнақтар, мысалы, Дымқыл шалғынның арасында, бозғыл тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В. Қатаев); Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты (С. Мұқанов).
3) Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындык қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма.
Мысалы: Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай (С. Ерубаев); Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, қара шаш қызыл
жүзді жасырғанда (Абай).
4) Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Асырма шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым (дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, ал (ал қызыл, алқара көк), орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бұлда - өте құнарлы тәсіл. Мысалы іс - тым қиын да, абыройлы да іс (С. Ерубаев); Ол тіптен жақсы адам екен (А. Тоқмағамбетов); Абай - нағыз үлкен реалист ақын («С. Қ.»); Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек («С. Қ.»).
Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп те жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны -лау, -леу (-тау, -теу, -деу) жұрнағы. Мысалы: ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өң беріп, безентіп тұр (F. Мұстафин); Жүзі қу-қылдау, күлім көз жігіт өзінен өзі жымиып қойды (F. Сланов) деген сөйлемдерде -дау (-деу) жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының үстеріне қабатталып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет