Лекция тақырыбы: «Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты»


Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (F. Мұстафин)



бет2/11
Дата04.05.2024
өлшемі2.58 Mb.
#500507
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1301-63 оқу тобы

Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (F. Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімнің әр түрлі сипатын білдіріп тұр.
Сын есімнің семантикалық топтары.
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т. б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Әдетте, сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларсыз тұрып-ақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұшыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған. Солай болса, мағынасы жағынан сапалық сын есім деп, морфемалық құрылымы жағынан негізгі сын есім деп есептелетін сөздердің саны да, сапасы да үнемі бір аяда қалмай, бірте-бірте ұдайы дамып отырады
Сапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйтқысы есібенде қызмет етеді. Олай дейтін себебіміз - жалпы сын есімге тән негізгі категориялық ерекшеліктер мен сипаттардың бәрі де сапалық сындардың бойында болады. Осы ерекшеліктеріне қарай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне қарай, өзге сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер де, семантикалық даму процесі арқылы адъективтенген сөздер де бірте-бірте сапалық сын есімдердің сыр-сипаттарына ие болып, сол топқа көшіп отырады. Ал, сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар:
біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет